4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне қысқа мәтіндік хабар жіберу жолымен ұсынады.
Осы көрсетілетін қызметтерді алу үшін салық төлеуші тұрғылықты жеріндегі салық органына жазбаша нысанда электрондық поштасының мекенжайын, ұялы телефондарының нөмірлерін береді.
6. Салық органдары салық төлеушілердің (салық агенттерінің) интернет-ресурстар арқылы тегін негізде ақпарат алуына көмек көрсетеді.
9-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ
74-бап. Жалпы ережелер
1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.
2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқоры салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;
2) салық төлеушіні:
дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде;
қосылған құн салығы бойынша;
2) тармақшаның төртінші абзац 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
электрондық салық төлеушi ретінде;
жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне алу болып табылады.
4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:
1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді;
2) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;
3) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.
5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.
6. Салық органдарына:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар;
2) осы Кодекстің 24-бабының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) салық төлеуші ұсынған немесе мәлімдеген салық төлеуші туралы мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.
7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:
1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны - жеке тұлғаның тұрғылықты жері;
2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркеу орны - Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын, Қазақстан Республикасында тіркеу орны жоқ Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері;
3) салық органында дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген, дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын - дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері;
4) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген, резидент-заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi - оның орналасқан жерi;
5) салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын орын - филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның орналасқан жері;
6) директорлар кеңесінің жиналысында айқындалған немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері - тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері;
7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам салық органына мәлімдеген, Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.
Бұл ретте осы Кодекстің 658-бабына сәйкес салық төлеу бойынша салықтық міндеттеме туындайтын, Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын жері деп танылады.
1-параграф. Салық төлеушi ретiнде тiркеу
75-бап. Жеке, заңды тұлғалар, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізу
1. Егер осы Кодекстің 76-бабының 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаларға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.
2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына:
1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам туралы мәліметтерді - тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;
2) резидент-заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға туралы мәліметтерді - орналасқан жері бойынша;
3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға мәліметтерді - тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;
4) осы Кодекстiң 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алатын (өткізетін) бейрезидент туралы мәліметтерді - осы Кодекстiң 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент қызметін Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде салық органдарында тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды.
Егер осындай бейрезидент бағалы қағаздарды, активтер құнының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкі құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлесін сатып алған (өткізген) жағдайда, онда салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына бейрезидент туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жеріндегі салық органы жүзеге асырады;
5) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын бейрезидент туралы мәліметтерді - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;
6) осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, Қазақстан Республикасында мүлік сатып алатын (өткізетін) бейрезидент туралы мәліметтерді - мүліктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін бейрезидент Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын болса, қолданылмайды;
7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі туралы мәліметтерді - дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiктің орналасқан жері бойынша;
8) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент туралы мәліметтерді - тәуелді агенттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;
9) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы немесе сақтандыру брокері арқылы жүзеге асыратын бейрезидент туралы мәліметтерді - сақтандыру ұйымының немесе сақтандыру брокерінің орналасқан жері бойынша;
10) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 1-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде жүзеге асыратын бейрезидент туралы мәліметтерді - бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы-резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жері бойынша;
11) резидент-екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезиденттер туралы мәліметтерді - осындай резидент-банктің орналасқан жері бойынша енгізуді жүзеге асырады.
3. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына мәліметтерді енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізуді оның орналасқан жеріндегі салық органы уәкілетті органнан бейрезиденттің осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін сатып алғаны туралы мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
76-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшеліктері
1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 220-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің ол болған кезде инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың;
4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
3. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтінішті ұсынған және оның Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай, тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекеме осы Кодекстің 63-бабында айқындалған тәртіппен осы заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және оның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 77-бабында айқындалған тәртіппен өзгертілуге жатады.
4. Осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін) бейрезидент мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
2) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
5. Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда;
2) бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттiң инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) бейрезидентте болған кезінде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттің инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
6. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасасылған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы - бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы - резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың;
2) бейрезидент-жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың немесе бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) ол болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
7. Резидент-банктерде ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
8. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлем көзінен салық салуға жатпайтын, Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер алатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістің сомасын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
9. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бейрезидент-жеке тұлға осы Кодекстің 217-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті деп танылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті.
10. Қазақстан Республикасында мүлік, көлік құралдары салықтары немесе жер салығы салынатын объектi болып табылатын мүлікті сатып алатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
11. Резидент-заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттердің бірінші басшылары болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар салық төлеуші ретінде тіркелу үшін болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына мынадай:
1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;
2) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
12. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған бейрезидент Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері немесе осы баптың 4-тармағында белгiленген құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, осындай бейрезидент ұсынған тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш негізінде салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.
13. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 8) тармақшасында, 654-бабының 7) тармақшасында көрсетілген эмитент-заңды тұлғаның немесе резидент-заңды тұлғаның орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 4-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
14. Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мұндай өкілдік немесе мекеме өзінің орналасқан жеріндегі салық органына Қазақстан Республикасында аккредиттелгенін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында салық органы тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға электрондық хабарлама жібереді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Тіркеуші орган салық органдарының электрондық хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органдарына осы баптың 1 - 14-тармақтарында көрсетілген бейрезиденттерге сәйкестендіру нөмірінің берілгені туралы электрондық хабарлама жібереді.
17. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында аталған бейрезиденттерді салық төлеушілер ретінде тіркеуді салық органы осы Кодекстің 75-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып жүзеге асырады.
18. Осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алған бейрезиденттің тіркеу куәлігі осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттің немесе консорциумның орналасқан жеріндегі салық органында бейрезидент оны талап еткенге дейін сақталады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Осы баптың 1 - 14-тармақтарында көрсетілген, сәйкестендіру нөмірлері бар бейрезиденттерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органнан мәліметтер, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш алынған жағдайда, салық органының сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу куәлігін қалыптастыру мақсатында тіркеуші органға электрондық хабарлама жіберуі жүргізілмейді. Бұл ретте осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғаларды тіркеу есебіне қою олардың тәуелді агенттерінің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
77-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттік дерекқорындағы тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру
1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған, мыналардың:
1) жеке тұлғаның тіркеу деректеріне - Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
2) резидент-заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тіркеу деректеріне - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;
3) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне - тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде;
4) осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің тіркеу деректеріне - осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезиденттің сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;