Түсіндірме жазбаға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.
Түсіндірме жазбаға мемлекеттік бағдарламалар бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік субсидияларға мәлімделетін шығыстардың экономикалық әсерін бағалауды;
мыналар:
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы;
есепті екі қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуының және қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің сипаттамасы, сондай-ақ жоспарлы кезеңге жоспарланған бюджет қаражаты көлемінің алдыңғы жоспарлы кезеңде республикалық бюджет туралы заңда бекітілген бюджет қаражатының көлемінен ауытқуы туралы мәліметтер (себептері, салдары);
республикалық бюджет жобасында жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және (немесе) бюджеттік кредиттер беруге бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті екі қаржы жылындағы қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері туралы мәліметтер;
алдыңғы қаржы жылдарында республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінген және пайдаланылған шығыстар көрсетіле отырып, жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген басталған (жалғасып жатқан) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.»;
29) 75-баптың 1-тармағының төртінші бөлігінде:
2-1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;
мыналар:
есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, аумақты дамыту бағдарламасында айқындалған мақсаттарға және жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.»;
30) 79-баптың 2-тармағында:
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;»;
5-1) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;»;
31) 97-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар квазимемлекеттік сектор субъектісінің тиісті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдаған шешім бойынша бюджетке қайтарылуы мүмкін.
Квазимемлекеттік сектор субъектісі алдыңғы бюджеттік инвестициялар қорытындысы бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу қаражатын пайдаланбаған және (немесе) үнемдеу қаражаты бюджетке қайтарылмаған жағдайда, жаңа мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жоспарлау қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы үнемдеу сомалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқызылған тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеуден түскен қаражат тиісті бюджет кірісіне аударуға жатады.»;
32) 106-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
33) 111-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-3) жергілікті атқарушы орган резервтері қаражатының жалпы көлемдерін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттарын ұлғайту үшін резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған;
2-4) осы тармақтың 1) және 2-2) тармақшаларында көзделген жергілікті бюджетті түзету кезінде бірыңғай бюджеттік сыныптамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген;»;
34) 129-баптың 3-тармағындағы «тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті баптарының» деген сөздер «тиісті облыстық мәслихаттың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешімі тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 131-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігіндегі «аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет баптарының» деген сөздер «аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қала бюджеті) туралы шешімі тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 131-1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші бөлігіндегі «тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері баптарының» деген сөздер «аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері туралы шешімі тармақтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 153-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Бюджет процесін жетілдіру мақсатында орталық мемлекеттік органдар техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, салынуы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша көзделетін, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй құрылысы салаларындағы объектілерді салу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асырудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленгеннен өзгеше тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (енгізуді) жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте мұндай жобаларды жоспарлау тәртібін пилоттық жобаларды іске асыруға (енгізуге) бастамашы болған тиісті саланың (аяның) орталық уәкілетті органдары мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындайды.
Мұндай жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
38) 154-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «және үкіметтік» деген сөздер алып тасталсын;
39) 156-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «және үкіметтік» деген сөздер алып тасталсын;
40) 209-баптың 1-тармағындағы «және үкіметтік» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 25 желтоқсан
№ 391-VI ҚРЗ