11) кепiл берушiнiң қойған қолы;
12) ипотека куәлiгiнiң берiлу күнi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) ипотекалық куәлікке қосымша.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптардың сақталмауы, сондай-ақ тазартулар мен түзетулердiң болуы ипотека куәлiгiн жарамсыз етедi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу
1. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейін ипотека куәлігіне қосымша парақтарды қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
Ипотека куәлігіне қосымшада негізгі міндеттемеге, ипотекалық займ шартына және (немесе) ипотека шартына қосымша келісімнің нөмірі мен жасалған күні, сондай-ақ ипотека шартына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
2. Ипотека куәлігінің иесі кепіл берушіден ипотека куәлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және оларды мемлекеттік тіркеуді талап етуге құқылы.
3. Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан жағдайда, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, ипотека шартына қосымшада жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері (орналасқан жері), сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қойған қолы көрсетілуге тиіс.
Кепіл ұстаушыны ауыстыру осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы
1. Осы Заңда немесе ипотека шартында көзделген өз құқықтарын жүзеге асыру кезiнде ипотека куәлiгiнiң иесi оны кепiл берушiге көрсетуге мiндеттi.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Негiзгi мiндеттеменi орындаған кепiл берушi өзiне ипотекалық куәлiк берiлуiн талап етуге құқылы. Негiзгi мiндеттеменi iшiнара орындаған кепiл берушi мiндеттеменiң тиiстi бөлiгiнiң орындалғаны туралы ипотекалық куәлiкке кепіл ұстаушы (ипотека куәлігінің иесі) кепіл берушінің жазбаша өтініші бойынша жүргізетін белгiнi талап етуге құқылы. Ипотекалық куәлiк жаңа иесiне берiлген кезде iшiнара орындалғаны туралы белгi мiндеттi түрде қойылады.
3. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнде болуы не ипотека куәлiгiнде негiзгi мiндеттеменiң iшiнара орындалғаны туралы белгiнiң болмауы, егер өзге жайт дәлелденбесе, осы мiндеттеменiң немесе, тиiсiнше, оның бөлiгiнiң орындалмағанын айғақтайды.
4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл берушiде болуы, егер өзге жайт дәлелденбесе, ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын айғақтайды.
5. Ипотека куәлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау осы баптың 6-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Ипотека куәлiгi бойынша құқықты беру жазбасын (индоссаменттi) жасау жолымен беретiн ипотека куәлiгiнiң заңды иесi, егер мемлекеттік тiркеуге дейiн ипотекалық куәлiкте ол «маған арналмаған айналым» деген сөздердi жазған жағдайда, ипотека куәлiгi бойынша құқықты жүзеге асырғаны үшiн жауапты болмайды.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу
Ипотека куәлiгiн беру, ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу және оны кейiннен басқа иелерiне беру ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк орналасқан жерде, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен, мемлекеттік тiркеуге жатады.
16-бап. Ипотека куәлiгi жөніндегі құқықтарды беру
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ипотека куәлiгi жөніндегі құқықтарды беру онда басқа тұлғаның пайдасына берiлгенi туралы жазба жасау және ипотека куәлiгiн осы тұлғаға беру арқылы жүзеге асырылады.
Берiлу жазбасында ипотека куәлiгi жөнiнде құқықтар берiлетiн тұлғаның аты-жөнi (атауы) дәлме-дәл және толық көрсетiлуi тиiс. Ипотека куәлiгіндегі бланкiлiк берiлу жазбасы жарамсыз болып саналады.
Берiлу жазбасына ипотека куәлiгiнде көрсетiлген кепiл ұстаушы, ал егер бұл жазба бастапқы болып табылмаса - алдыңғы жазбада көрсетiлген ипотека куәлiгiнiң иесi қол қоюға тиiс.
2. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтардың басқа тұлғаға берiлуi онымен бiрге негiзгi мiндеттемелер бойынша құқықтардың да осы тұлғаға берiлгенiн бiлдiредi.
Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiне негiзгi мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушының құқықтары мен кредитордың құқықтарын қоса, оның мазмұнынан туындайтын барлық құқықтар тиесiлi.
3. Егер осы ипотека куәлiгiне құқықтары ондағы берiлу жазбаларының үздiксiз қатарына негiзделсе, ипотека куәлiгiнiң иесi заңды болып саналады.
Егер ипотека куәлiгiнің берiлу жазбаларын жасаған тұлғалардың қайсыбiрiнiң иелiгiнен қолды болуы немесе осы тұлғаның еркiнен тыс басқа бiр ретпен шығып қалғаны дәлелденiп, бұл туралы ипотека куәлiгiнiң иесi оны сатып алған кезде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, оның иесi заңсыз болып саналады.
4. Ипотека куәлiгiнiң басқа тұлғаларға кейiннен берiлуiне тыйым салатын ондағы жазбалар жарамсыз деп танылады.
17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру
1. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды сот iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен қалпына келтiредi.
2. Егер жоғалтып алған ипотека куәлiгiнде жасалған барлық берiлу жазбалары түгел анықталса, кепiл ұстаушы үшiншi тұлғаға берген ипотека куәлiгi бойынша құқықтар қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
3. Сот шешiмiнiң негiзiнде кепiл берушi оған «көшiрме» деген белгi соғып, ипотека куәлiгiнiң көшiрмесiн бередi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру
1. Ипотека куәлiгiнiң заңды иесiнiң мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуде ипотека куәлiгiн кепiлге беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ипотека куәлiгiн кепiлге берумен қамтамасыз етiлген мiндеттеме орындалмаған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы негiзгi мiндеттеме бойынша құқықтардың осы Заңның 16-бабында көзделген тәртiппен, шарттармен және салдарлармен өзiне берiлуiн талап етуге хақылы. Бұл құқықтарды беруден бас тартылған жағдайда ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мұндай құқықтардың өзiне ауыстырылуын сот тәртібімен талап ете алады.
3. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтар өзiне берiлген немесе сотпен ауыстырылған ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы ипотека куәлiгi мен негiзгi мiндеттеменiң шарттарына сәйкес ипотеканың мәнiнен айыпақы өндірiп алуға хақылы.
Ипотеканы өткізу нәтижесiнде алынған сома ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысының борышын өтеуге, қалған сомасы жылжымайтын мүлiктi кепiлге берген тұлғаға осы Заңның 36-бабының талаптары ескерiлiп берiледi.
4. Ипотека куәлiгiнiң кепiл ұстаушысы мен ипотека куәлiгiн кепiлге берушiнiң келісімiмен ипотека куәлiгiнде ипотека куәлiгiнiң кепiлiмен қамтамасыз етiлген мiндеттеме сомасын түскен ақшадан ұстап қалу үшiн ипотека куәлiгiн белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатуға кепiл ұстаушыға құқық беретiн арнайы кепiлдiк берiлу жазбасы жасалуы мүмкiн.
19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату
1. Ипотека куәлiгiнiң күшi:
1) одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылған ретте;
2) ол кепiл берушiге ерiктi берiлген ретте;
3) егер одан туындайтын талаптар негiзгi мiндеттеме бойынша борышқорларға негiзгi мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғаннан кейiн бiр ай өткенге дейiн қойылмаса;
4) ипотеканың мәнi жоғалған жағдайда тоқтатылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша ипотека куәлiгiнiң күшi тоқтатылған жағдайда ипотека куәлiгi иесiнiң негiзгi мiндеттеменi орындау құқықтары сақталады.
4-тарау. Ипотеканы өткізу
2015.17.07. № 333-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері
1. Борышкер өзі жауап беретін, ипотекамен қамтамасыз етiлген міндеттемені орындамаған жағдайда, кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін кепiлге салынған мүлiкке өндiрiп алу қолданылуы мүмкін.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Кепіл беруші жеке тұлғамен жасалған және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарыз шарты бойынша кепіл ұстаушы алдындағы міндеттемелерін орындау мақсатында осы Заңның 20-1-бабында белгіленген тәртіппен кепілге салынған мүлікті дербес өткізуге құқылы.
2. Кепiл ұстаушы өз талаптарын:
1) ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу;
2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында не ипотека шартында немесе тараптардың кейiнгi келiсiмiнде көзделген болса, ипотеканы сот тәртiбінен тыс өткiзу;
3) осы Заңның 32-бабына сәйкес сауда-саттық өткiзiлмеді деп жарияланған жағдайда, кепiлге салынған мүлiктi өз меншiгiне айналдыру арқылы қанағаттандыруға құқылы.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды
20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі
1. Кепіл беруші жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды ықтимал қолдану туралы өзі хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында көрсетілген мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
2. Кепіл ұстаушы кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы жазбаша өтінішхаты келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде кепіл берушіге және борышкерге, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, кепіл берушінің өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту не қанағаттандыру туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Кепіл берушінің өтінішхаты қанағаттандырылған жағдайда кепіл ұстаушы мәжбүрлеп орындау шараларын тоқтата тұру және жылжымайтын мүлікті дербес өткізуден түсетін ақшаны кепіл ұстаушының банктік шотына есепке жатқызу қажеттігі туралы да хабарлайды.
3. Ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу кепіл берушінің өтінішхатын қанағаттандыру туралы кепіл ұстаушының жазбаша хабарламасын кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша хабарламасы бар тапсырысты хатты пошта арқылы кепіл ұстаушы табыс еткен немесе кепіл беруші және борышкер, егер борышкер негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші болып табылмаса, алған күннен бастап үш ай ішінде жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікті дербес өткізудің неғұрлым ұзақ мерзімі ипотекалық шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
4. Кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде өткізбеген жағдайда, кепіл ұстаушы осы Заңның 20-бабында көрсетілген тәсілдермен мұндай мүлікті өткізуге құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Ипотеканы сот тәртібімен өткізу
1. Ипотеканы сот тәртібімен өткізу кепiл ұстаушының қуынымы бойынша сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiктi сату iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен ашық сауда-саттықта сату арқылы жүргiзiледi.
2. Егер борышқор жол берген негiзгi мiндеттеменi бұзушылық аса мардымсыз болса және осының салдарынан кепiл ұстаушының қойған талаптарының мөлшерi кепiлге берiлген мүлiктiң құнына анық сәйкес келмесе, ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға рұқсат берiлмеуi мүмкiн.
3. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп алу туралы шешiм қабылдаған кезде сот мыналарды анықтап, шешiмiнде көрсетуге тиiс;
1) оны сату аяқталғаннан кейiн айқындалатын жылжымайтын мүлiктi сақтау және өткізу жөніндегі шығыстар сомасын қоспағанда, кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан кепiл ұстаушыға төленуi тиiс барлық сомаларды; проценттiк ара қатынаста есептелетiн сомалар үшiн сыйақы есептелетiн сома, сыйақының мөлшерi және ол есептелуге тиiс кезең;
2) құнынан кепiл ұстаушының талаптары қанағаттандырылатын, ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымалы мүлiк;
3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi өткізу кезiнде бастапқы сату бағасы;
4) егер олар қажет болатын болса, жылжымалы мүлiктi өткiзiлгенге дейiн сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
4. Кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша дәлелдi себептерi болса, сот кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндірiп алу туралы шешiмде оның iске асырылуын, егер:
1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ипотеканың мәнi ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң құрамындағы жер учаскесi болып табылса бiр жыл мерзiмге дейiн кейiнге қалдыруға хақылы.
Кепiлге берiлген жылжымалы мүлiктi өткізудi кейiнге қалдыру тараптардың негiзгi мiндеттеме жөніндегі құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды және борышқорды кредитордың кейiнге қалдырылған мерзiмде ұлғайған шығындарын, оған тиесiлi сыйақы мен айыпты өтеуден босатпайды.
Егер кепiл берушi өзiне берiлген кейiнге қалдыру мерзiмiнiң шегiнде кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырған болса, сот кепiл берушiнiң мәлімдеуі бойынша бұл шешiмдi өзгертедi.
5. Ипотеканы өткізудi кейiнге қалдыруға мынадай жағдайларда:
1) егер ол кепiл ұстаушының қаржы жағдайын елеулi түрде нашарлатуға әкелуi мүмкiн болса;
2) егер кепiл берушiге немесе кепiл ұстаушыға қатысты оны банкрот деп тану туралы iс қозғалса, жол берiлмейдi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Ипотеканы өткізудi тоқтату
Үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын борышкер және (немесе) кепiл берушi кепiл нысанасын сату өткiзiлгенге дейiн кез келген уақытта кепіл ұстаушының талаптарын, оларды ипотекалық шарт талаптарына сәйкес қанағаттандырған кезге қарай оларда қандай талаптар бар болса, сондай көлемде орындап, оған қатысты өндіріп алуды және оның өткiзiлуiн тоқтатуға құқылы. Осы құқықты шектейтiн келісім жарамсыз болады.
Екінші және үшінші бөліктердің қолданысы кепілге қойылған жылжымайтын мүлік сот тәртібінен тыс өткізілген ипотекалық шарттарды қоспағанда, бұрын жасалған ипотекалық шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады
Егер сот тәртібінен тыс сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру бірінші рет жарияланған күнге дейін борышкер - жеке тұлға және (немесе) үшiншi тұлға (заттай кепiлгер) болып табылатын кепiл берушi кепіл нысанасын сатып алу бағасы кепіл ұстаушының талаптарын іс жүзінде қанағаттандырған кезге қарай оларда қандай талаптар бар болса, сондай көлемде кепіл ұстаушының талаптарын жабатын сатып алушының кепіл ұстаушыға кандидатурасын ұсынса, осы тұлғаның артықшылықпен сатып алу құқығы болады. Бұл жағдайда кепіл ұстаушы кепіл нысанасын сатудан бас тартпауға тиіс.
Кепіл нысанасын артықшылықпен сатып алу құқығы бар адам кепіл ұстаушыға өзінің кандидатурасы сатып алушы ретінде ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өзі ұсынған сатып алу бағасын төлемеген кезде, кепіл ұстаушы осы Заңда белгіленген тәртіппен соттан тыс сауда-саттық өткізеді.
23-бап. Ипотеканы өткізуге байланысты шығыстарды өтеу
Ипотеканы өткізуге байланысты кепiл ұстаушының тартқан шығыстары оған кепiлге берiлген мүлiктiң құнынан өтеледi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткізу рәсiмi
1. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткізу рәсiмi сенiм бiлдiрілген адам ұйымдастыратын кепiлге қойылған мүлiкке сауда-саттық өткізу арқылы жүргiзiледi.
2. Сенім бiлдiрiлген адамды тараптар ипотека шартында айқындайды. Егер сенiм бiлдiрілген адам ипотека шартында айқындалмаса, оны кепiл ұстаушы тағайындайды.
3. Кепiл ұстаушының талаптарын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға:
1) жылжымайтын мүлiк ипотекасына басқа адамның немесе органның келісімi талап етілген және осындай келісім алынбаған;
2) қоғам үшiн елеулi тарихи, көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар жылжымайтын мүлiк ипотеканың нысанасы болып табылған;
3) ортақ меншiктегi және оның меншiк иелерiнiң қайсыбiрi кепiл ұстаушының талабын соттан тыс тәртiппен қанағаттандыруға жазбаша келісім бермеген жылжымайтын мүлiк ипотеканың нысанасы болып табылған;
Төртінші және бесінші тармақшаларының қолданысы кепілге қойылған жылжымайтын мүлік сот тәртібінен тыс өткізілген ипотекалық шарттарды қоспағанда, бұрын жасалған ипотекалық шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылды
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жеке тұлға микроқаржы ұйымымен (кредиттік серіктестікпен) жасасқан микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үй орналасқан жер учаскесі ипотеканың нысанасы болып табылған жағдайларда жол берiлмейдi.
Аталған жағдайларда кепiлге қойылған мүлiкті өндiрiп алу тек сот шешiмiмен ғана жүргiзiледi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар
1. Сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн мынадай рәсiмдер орындалуға тиiс:
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) сенiм бiлдiрілген тұлға жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi және кепiл берушiге табыс етеді. Хабарламаны тiкелей беру мүмкiн болмаған кезде ол кепiл берушiге оның ипотекалық шартта көрсетiлген мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен жiберiледi;
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу құқығын іске асырмаған немесе кепіл беруші ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті осы Заңның 20-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде немесе ипотекалық шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленген мерзімде, бiрақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес хабарлама кепiл берушiге табыс етілген немесе жөнелтілген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте емес мерзімде өткізбеген жағдайларда, сенiм бiлдiрілген тұлға кепiлге салынған мүлiкке сауда-саттық туралы хабарлама жасайды, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл ұстаушыға және кепiл берушiге табыс етеді немесе кепіл берушінің кепіл шартында көрсетілген мекенжайы бойынша оларға тапсырысты хатпен жібереді, сондай-ақ осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы хабарландыруды ресми жариялайды;
3) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәттен бастап сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiкке қатысты барлық мәмiлелерге тыйым салынады, ал егер мәмiлелер жасалған болса, олар жарамсыз деп танылады;
4) сауда-саттық туралы құлақтандыру алғаш рет жарияланған сәт пен оның өткiзiлу сәтiне дейiн кемiнде он күн өтуге тиiс.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлама алғаннан кейiн кепiл берушi ипотеканы өткізуге негiздердiң жоқтығы жөнiнде қуыныммен сотқа жүгiнуге хақылы.
Кепiл берушi сол сияқты осы Заңның 21-бабының 4-тармағында көзделген шарттарға орай ипотеканы өткізудi кейiнге қалдыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге хақылы.
Қуыныммен (арызбен) сотқа жүгiну осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген мерзiмнiң өтуiн тоқтата тұрады.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны
Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламада мынадай мәліметтер қамтылуға тиiс:
1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны;
4) негiзгi мiндеттеменiң қорытылған жиынтығы;
5) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң жорамалды сатылуына дейiн кепiл берушi төлеуге тиiс барлық өзге де алымдар, шығындар және шығыстардың қорытылған жиынтығы;
6) барлық берешектердiң хабарлама алынған сәттен бастап отыз күн iшiнде толық өтелуi туралы ұсыныс;
7) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiкке сауда-саттық өткізудiң мүмкiндiгi туралы ескерту;
7-1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) жеке тұлға болып табылатын кепіл берушінің хабарлама табыс етілген немесе тапсырысты хатпен алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде кепіл ұстаушының алдында жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес ипотекалық қарызы бойынша ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу туралы өтінішхат беру құқығы туралы шарт;
8) сенiм бiлдiрген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрағы (мекен-жайы).
27-бап. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламаның мазмұны
Сауда-саттық өткізу туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс:
1) кепiл берушiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
2) кепiл ұстаушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
3) орындалмаған мiндеттемелердiң қысқаша баяны және ипотеканы өткізу есебiнен қанағаттандырылуға тиiс кепiл берушiнiң кепiл ұстаушының алдындағы барлық берешектерiнiң жалпы сомасы;
4) ипотеканың мәнi болып табылатын және сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүліктің атауы, сыны мен сипаттамасы;
5) сауда-саттықты өткізудiң уақыты мен орны;
6) сенiм бiлдiрген тұлғаның аты-жөнi (атауы), тұрағы (мекен-жайы) және телефон нөмiрi.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау
1. Сенім бiлдiрілген адам сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он күн бұрын жылжымайтын мүлік орналасқан жер бойынша Қазақстан Республикасы облысының, республикалық маңызы бар қаласының, астанасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде сауда-саттық туралы хабарландыру жариялайды.
2. Сауда-саттық туралы құлақтандыруда мынадай деректер болуға тиiс;
1) сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы;
2) жылжымайтын мүлiктiң дәл орны;
3) егер ол сауда-саттық шарттарында көзделген болса, сауда-саттыққа қатысушының кепiлдi жарнасының сомасы;
4) сатып алу бағасын төлеудiң тәртібі мен мерзiмi;
5) сауда-саттықты өткізу уақыты мен орны;
6) сауда-саттықты өткiзетiн сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы), анықтамалар мен төлем деректемелерi үшiн берiлетiн оның телефон нөмiрi.
Егер бұл мүмкiн болса және оған ешқандай кедергi болмаса, сауда-саттыққа шығарылатын жылжымайтын мүлiктiң нақ өзiнiң көрнектi тұсына сауда-саттық туралы құлақтандырудың бiр данасы оны өткізуден кемiнде он күн бұрын iлiнiп қойылады.
29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу
1. Сауда-саттықты сенiм бiлдiрiлген тұлға ұйымдастырып, өткiзедi.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгетрілді (бұр.ред.қара)
2. Сауда-саттық елдi мекенде (қалада, ауданда, поселкеде, ауылда) мүлiк орналасқан жерде өткiзiледi.
3. Сауда-саттық аптаның кез келген күнi 9-дан 18 сағатқа дейiнгi уақытқа тағайындалады.
30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар
Сауда-саттыққа кепiл берушi мен кепiл ұсынушыны қоса, кез келген заңы тұлғалар мен азаматтардың қатысуға хақы бар.
Сенім бiлдiрiлген тұлға сауда-саттыққа қатыспайды.
31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу
1. Сауда-саттық басталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға әрбiр сауда-саттыққа қатысушыдан кепiлдiк жарнасын енгiзудi немесе жорамал сатып алу құнын оның төлеуге қабiлеттi екенiн растайтын өзге де дәлелдердi талап етуге хақылы. Сауда-саттық аяқталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға ақырғы бағаны ұсынған сауда-саттыққа қатысушыдан осы соманы толық көлемде қолма-қол ақшамен, банк чегi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де есеп айырысу жолдарымен дереу енгiзудi не сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сауда-саттық туралы құлақтандыруда көрсетілген жолдармен және мерзімде аталған бағаны оның төлеуге қабiлеттiлiгiнің дәлелдерiн талап етуге хақылы.
2. Сатып алушы дереу төлем жасаудан бас тартқан не оның сауда-саттық туралы құлақтандыруда көзделген мерзiмде төлем жасау мүмкiндiгiне дәлелдi болмаса, ол сауда-саттыққа қатысушылар құрамынан шығарылады да, сауда-саттық жалғастырылады деп саналады. Оны жалғастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ сауда-саттықта сатып алған мүлiкке сатып алушы төлем жасамаған жағдайда, осы Заңда белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн жаңа сауда-саттық тағайындалады.