2) осы бапта белгіленген шарттар сақталмаса бас тартады.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін бөліп шығарудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Құзыретті орган жер қойнауы учаскесін бөліп шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш иесімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру және жер қойнауын пайдалануға бөлінген жер қойнауы учаскесі бойынша жеке келісімшарт жасасады және өтініш иесіне олардың қол қойылған даналарын жібереді.
17-тарау. Көмірсутектерді барлау және өндіру кезеңдерІ
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 116-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
116-бап. Көмірсутектерді барлау кезеңі
1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ең көп ұзақтығы қатарынан келетін алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын сынап пайдалануды қоса алғанда, оларды іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Құзыретті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдер шегінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін аукцион өткізу туралы хабархатта не көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша белгілейді.
2. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы он сегіз жылды құрайды және мыналарды:
1) барлаудың тоғыз жылға тең бастапқы кезеңін;
2) алты жылға тең бағалау кезеңін;
3) үш жылға тең сынап пайдалану кезеңін қамтиды.
Барлаудың бастапқы кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалануды қоса алғанда, іздестіру және бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Бағалау кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде сынап пайдалануды қоса алғанда, табылған кенжатынды (кен орнын) бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Сынап пайдалану кезеңі ішінде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалану бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
Бағалау кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы барлаудың бастапқы кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі бағалау кезеңін және сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен ғана тұрады.
Сынап пайдалану кезеңіне өту жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүзеге асырылады, ол осы баптың 5-тармағына сәйкес күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы бағалау кезеңі аяқталғанға дейін берілуге тиіс.
Егер жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңіне өтпесе, бұл жағдайда барлау кезеңі сынап пайдалану кезеңін қамтымайды және барлаудың бастапқы кезеңінен, сондай-ақ бағалау кезеңінен тұрады.
3. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы бағалау кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, оның (олардың) шегінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары орналасқан блоктардан тұратын барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыру;
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалау жүргізу жоспарланатын кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары көрсетіле отырып, жер қойнауы учаскесі шегінде көмірсутектер кенжатынының (кенжатындар жиынтығының) табылғаны туралы осы Кодекстің 121-бабының 3-тармағына сәйкес берген қорытындысы.
4. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы сынап пайдалану кезеңінде тиісті жер қойнауы учаскесінде орындауға міндеттенетін жылдар бойынша қосымша жұмыстардың көлемін, сипаттамасын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеп.
5. Бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту туралы өтініш жиырма жұмыс күні ішінде қаралады. Оны қарау нәтижелері бойынша бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өту үшін бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарау туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының бағалау кезеңінде немесе сынап пайдалану кезеңінде қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау жөніндегі міндеттемелерін, сондай-ақ осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді көздейтін келісімшартқа толықтыруға қол қояды.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыға бағалау кезеңіне немесе сынап пайдалану кезеңіне өтуден мынадай жағдайларда:
1) осы баптың 3 (бағалау кезеңіне өту кезінде) немесе 4-тармағында (сынап пайдалану кезеңіне өту кезінде) көзделген құжаттар ұсынылмаса;
2) өтініш белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе, бас тартады.
6. Күрделі жоба бойынша жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша бағалау кезеңіне өту кезінде жер қойнауы учаскесінен барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады.
7. Егер күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде ұңғыманы бұрғылау нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуы расталатын болса, мұндай келісімшарт бойынша барлау кезеңінің ұзақтығы барлаудың іс жүзіндегі мерзімі шегеріле отырып, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша белгіленеді. Бұл ретте келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес өзгертілуге жатады.
Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес барлауға және өндіруге арналған келісімшартты жаңа редакцияда жазуды көздейтін келісімшартқа толықтыру жобасы;
2) жер қойнауы учаскесінде осы Кодекстің 36-бабының 1-2-тармағында көзделген өлшемшарттардың кемінде біреуінің болуын растайтын, осы Кодекстің 36-бабының 1-3-тармағында көрсетілген құжаттардың бірі.
8. Жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызудан және келісімшарт талаптарын өзгертуден бас тартады.
Құзыретті органның жер қойнауы учаскесін күрделі жобаларға жатқызу және келісімшарт талаптарын өзгерту туралы бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңінің ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Барлау кезеңі көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
10. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда, барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
11. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі аяқталғанға дейін осы Кодекстің 119-бабы 8-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес өндіру кезеңіне өту туралы өтініш берілмесе және осы Кодекстің 119-бабының 18-4-тармағына сәйкес келісімшартқа толықтыру жасалмаса, келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 117-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
117-бап. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдердің барынша жоғары мәндерінен төмен болса, барлау кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша осындай мерзімдер шегінде ұзартылуға жатады.
Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ықтимал ұзарту ескеріле отырып, осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалануды қоса алғанда, оны бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі әрбір табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) бойынша жер қойнауын пайдаланушының өтінішімен үш жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартылуға жатады. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалаудың нақты мерзімі барлау жұмыстарының жобасына толықтыру негізінде айқындалады.
Бұл ретте мұндай ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыруда белгіленген табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контуры жатқан блоктардан тұратын жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жол беріледі.
Осы тармаққа сәйкес барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы тоғыз жылдан аспауға тиіс.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 3-2-тармағында көзделген тәртіппен және шарттарда осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзімнен артық ұзартылуы мүмкін. Бұл жағдайда күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы он екі жылдан аспайды.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) сынап пайдалануды жүргізу мақсатында күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 119-бабының 1-тармағында көрсетілген өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы тиісінше қысқартыла отырып, жер қойнауын пайдаланушының өтінішімен үш жылға дейінгі мерзімге бір рет ұзартылуға жатады. Сынап пайдаланудың нақты мерзімі сынап пайдалану жобасының негізінде айқындалады.
Бұл ретте мұндай ұзартуға жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынап пайдалану жобасында белгіленген табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурлары негізге алына отырып қалыптастырылған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жол беріледі.
Осы тармаққа сәйкес барлау кезеңін (кезеңдерін) ұзарту нәтижелері бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңінің (кезеңдерінің) ең көп ұзақтығы он екі жылдан аспауға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Барлау кезеңін ұзарту кезінде барлау учаскесінен осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгіленетін барлау учаскесінің кеңістіктік шекараларына кірмейтін блоктар алып тасталады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы Кодекстің 116-бабының 1-тармағында немесе осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген ең жоғары мерзімдерден асатын, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;
3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сәйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.
Келісімшартқа толықтыруға қоса берілетін жұмыс бағдарламасында мыналар көзделуге тиіс:
1) ұңғыманы (ұңғымаларды) бұрғылау;
2) жер қойнауын пайдаланушы жылдар бойынша ұзарту кезеңінде жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін жұмыстардың көлемдері, сипаттамасы және орындалу мерзімдері.
Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш бергенге дейін өзінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шотында барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берген күнге республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінде эскроу-шот шарттарымен ақша орналастырады.
Көрсетілген қаражатты жұмыс бағдарламасында көзделген барлау жұмыстарын орындауға ғана пайдалануға жол беріледі. Ұзарту кезеңінде жұмыс бағдарламасы орындалмаған жағдайда мұндай банктік шотта орналастырылған ақша Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылуға жатады.
Осы тармаққа сәйкес банктік шотта орналастырылған қаражат ұзарту кезеңіне арналған жұмыс бағдарламасында көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы мұндай сомаларды Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеуге міндетті.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.
Жер қойнауын пайдаланушы мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген сейсмикалық барлау және тәуелсіз ұңғымаларды бұрғылау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған;
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның осы Кодекстің 123-бабының 8-тармағына сәйкес берілген табу туралы растамасы (табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау мақсатында барлау кезеңін ұзарту кезінде) немесе қорлардың жедел есебі (сынап пайдалану мақсаттары үшін барлау кезеңін ұзарту кезінде) болған;
4) өтініш барлау кезеңі аяқталғанға дейін берілген кезде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін алдыңғы барлау кезеңі аяқталған күннен бастап есептелетін он екі айға ұзарту туралы өтініш беруге құқылы.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы өтінішті құзыретті орган он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаса, құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзартудан бас тартады.
Құзыретті орган бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін он екі айға ұзартады. Осы баптың 6-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешімде көрсетілген мерзім өткенге дейін берілуге тиіс. Барлау кезеңі мұндай ұзартылған кезде барлау кезеңін ұзартудың ең ұзақ мерзімінен барлау кезеңі аяқталғаннан кейін өткен және барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген күнге дейінгі толық айлардың саны алып тасталады.
5. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша тиісті жобалау құжаттарының негізінде айқындалған, барлау кезеңін ұзартудың сұралатын мерзімі қамтылуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Күрделі жобаларға жатпайтын келісімшарттар бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемдерін, сипатын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:
барлау кезеңін ұзартуды;
осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда - тереңдігі бойынша барлау учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілеуді қоса алғанда, шеңберінде табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжанатын контурлары жатқан блоктардан тұратын барлау учаскесін (учаскелерін) осы Кодекстің 110-бабына сәйкес белгілейтін келісімшартқа қосымшаны;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілген қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін көздейтін толықтыру;
3) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда - жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған сынамалап пайдалану жобасы;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
5) осы баптың 3-2-тармағында көзделген жағдайда:
жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасына толықтыру;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінен жер қойнауын пайдаланушының банктік шотында эскроу-шот шарттарымен тиісті ақшаның бар-жоғы туралы үзінді-көшірме қоса беріледі.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Егер құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде өтініште көрсетілген барлау кезеңі аяқталса, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты өтінішті қарау кезеңінде әрекет етуін жалғастырады.
Осы баптың 4-тармағына сәйкес барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған жағдайда көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданысы - барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш беру мерзімі өткенге дейін, ал барлау кезеңін ұзарту туралы өтініш берілген жағдайда мұндай өтінішті қарау мерзімі ішінде де жалғасады. Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
8. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұзартудан бас тартады.
9. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан мына жағдайда:
1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 1 - 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер жоқ болса;
3) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, бас тартады.
Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
10. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде барлау кезеңі аяқталған жағдайда өндіру учаскесі мен өндіру кезеңі не дайындық кезеңі бекітілмеген болса, мұндай келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Осы баптың 3-2-тармағына сәйкес барлау кезеңі ұзартылған жағдайда барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңінің ең ұзақ мерзімі барлау кезеңі ұзартылған мерзімге азайтылады.
118-бап. Дайындық кезеңі
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттар бойынша барлау кезеңі аяқталғаннан кейін және өндіру кезеңі бекітілгенге дейін жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша өндіру учаскесін (учаскелерін) және дайындық кезеңін (дайындық кезеңдерін) бекітуге жол беріледі.
Күрделі жобаларға жатпайтын көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттар бойынша оларды жасасу кезінде өндіру учаскесі және дайындық кезеңі бекітіледі.
2. Жер қойнауын пайдаланушы дайындық кезеңі ішінде:
1) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген кен орнын әзірлеу жобасының сараптамасын әзірлеуге, бекітуге және жүргізуге;
2) қажет болған кезде - көмірсутегі кен орнын жайластыруды;
2023.28.12. № 52-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)