2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
20) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жатады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қаржы мониторингінің субъектілері болып табылмайды.
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларындакөрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
4-бап. Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция:
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) егер операция сомасы 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша бәс тiгу, ойын мекемелерiндегi құмар ойындар және лотерея өткiзу нәтижелерi бойынша қолма-қол ақшалай нысанда, оның iшiнде электрондық нысанда ұтыс алуға жататын болса;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) егер операция сомасы 3 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ломбардтардың ақшамен, бағалы қағаздармен, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен және өзге де құндылықтармен (бағалы металдардан жасалған ұлттық валюта монеталарынан басқа) операцияларды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасауына жататын болса;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
анонимді иеленушіге ашылған шоттарға (салымдарға) шетелге ақшаны аудару, анонимді иеленушіге ашылған шоттан (салымнан) шетелден қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда ақшаның түсуі;
бағалы металдарды және асыл тастарды, олардан жасалған зергерлік бұйымдарды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату;
оффшорлық аймақта тиісінше тіркелген, тұрғылықты жері немесе тұрған жері бар, сол сияқты оффшорлық аймақта тіркелген банкте шоты бар жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым жүзеге асыратын, ақшаны клиенттің банктік шотына есепке жатқызу немесе аудару не клиенттің көрсетілген санаттағы тұлғалармен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы операциялары;
3) егер операция сомасы 7 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 7 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
өтеусіз негізде басқа тұлғаның пайдасына қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда клиент жүзеге асыратын төлемдер мен ақша аударымдары;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, акциялармен және пайлық инвестициялық қорлардың пайларымен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
4) егер операция сомасы 10 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 10 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
айырбастау пункттері арқылы қолма-қол ақша нысанында шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау;
осы тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген қолма-қол ақша нысанындағы жағдайларды қоспағанда, ақшаны клиенттің банктік шотынан алу немесе банктік шотына есепке жатқызу, сол сияқты клиенттен қолма-қол ақшаны қабылдау не клиентке беру;
мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш айдан аз уақыт өткен заңды тұлғалар қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын операциялар;
сақтандыру төлемін жүзеге асыру немесе сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақша нысанында алу;
қолма-қол ақша нысанында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
қызмет көрсету, оның ішінде сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беру жөніндегі сейфтік операцияларды қоспағанда, мердігерлік, тасымалдау, көлік экспедициясы, сақтау, комиссиялар, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қолма-қол ақша нысанындағы мәмілелер;
чек немесе вексель бойынша қолма-қол нысанында ақша алу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банктер мен Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, қолма-қол валютаны, талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) егер операция сомасы 45 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 45 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
қаржы лизингінің шарты бойынша мүлікті қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда алу немесе беру;
ұйымдастырылған нарықтағы ашық сауда-саттық әдісімен репо операцияларын қоспағанда, облигациялармен және мемлекеттік бағалы қағаздармен қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысандағы мәмілелер;
мәдени құндылықтарды қолма-қол ақша нысанында сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;
6) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің облигациялық қарыздары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламалары бойынша қарыз алған клиент қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын болса;
7) егер шетел валютасындағы операция сомасы баламасында 100 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша ақшаны қолма-қол ақшасыз нысанда клиенттің банктік шотынан немесе банктік шотына аударуға және трансшекаралық төлемге жататын болса;
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, ал осы операция өзінің сипаты бойынша жасау нәтижесі осындай мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымайтын мүлікпен мәмілеге қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады.
Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, оның теңгеге балама сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, осындай операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
2. 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Күдікті операциялар, олардың жүзеге асырылу нысанына және олар жасалған не жасалынатын немесе жасалуы мүмкін сомасына қарамастан, қаржы мониторингіне жатады.
Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі бақылау қағидаларын іске асыру бағдарламаларына сәйкес немесе осы баптың 4-тармағында көрсетілген негіздер бойынша операцияларды зерделеу нәтижесінде қаржы мониторингі субъектісінде клиенттің операциялары қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер бар болса, операциялар күдікті деп танылады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы Заңның 5-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектісінің клиент жасайтын операцияларды зерделеуі және осындай зерделеу нәтижелерін тіркеуі үшін:
1) клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күрделі, ерекше ірі не айқын экономикалық мәні немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ операцияны жасауы;
2) клиенттің осы Заңда көзделген, тиісінше тексеруден және (немесе) қаржы мониторингiнен жалтаруға бағытталған әрекеттер жасауы;
3) клиенттің қылмыстық жолмен алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға бағытталған деп жорамалдауға негiз болатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауы;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен қатысушысы Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлға болып табылатын операциялар жасау, сол сияқты осындай мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып операциялар жасау міндетті негіздер болып табылады.
Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) басып шығаратын құжаттарды ескере отырып жасайды, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Қаржы мониторингіне клиенттің қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялары жатады.
Қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін уәкілетті орган бекітеді және өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізіледі.
5-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерін тиісінше тексеруі
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаржы мониторингi субъектiлерi Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өз клиенттерiн (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиiсiнше тексеру жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қаржы мониторингi субъектiлерi мынадай:
1) клиентпен iскерлiк қатынастар орнатылған;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) ақшамен және (немесе) өзге мүлiкпен операциялар, оның ішінде күдікті операциялар жүзеге асырылған;
3) 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіздер болған жағдайларда клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруді жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.18.11. № 73-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеруі мынадай шаралардың жүзеге асырылуын қамтиды:
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың деректерін, бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайларды қоспағанда), қызметінің сипатын, сондай-ақ тіркелген немесе орналасқан жерiнiң мекенжайын тiркеу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді: заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде), орналасқан жерінің мекенжайын, негізгі қызмет жүргізілетін орнын, қызметінің сипатын, ал трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар, заңды тұлға құрмайтын өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым құрылтайшыларының (қатысушыларының) және бенефициарлық меншік иелерінің (болған кезде) тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайын тіркеу;
2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды; 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) бенефициарлық меншік иесін анықтау және заңды мекенжайын қоспағанда, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес оны сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу;
Клиенттің - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау мақсатында қаржы мониторингінің субъектісі осындай клиенттің құрылтай құжаттарының және акцияларын ұстаушылар тізілімінің, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері тізілімінің не басқа да көздерден алынған мәліметтердің негізінде оның меншігі мен басқару құрылымын анықтайды.
Бұл ретте, егер бенефициарлық меншік иесін анықтау кезінде заңды тұлға берген ақпарат заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес келмеген және мұндай заңды тұлғаның қызметі кірістерді заңдас тыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, қаржы мониторингінің субъектісі мұндай заңды тұлғамен іскерлік қатынастарды тоқтатуға немесе оларды орнатудан бас тартуға міндетті.
Клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент - заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент - заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Осы тармақшада көзделген шараларды қабылдау нәтижесінде клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, клиент - заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу клиент (оның өкілі) беретін не өзге де көздерден алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, қор биржалары, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркемеуге құқылы;
3) 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) іскерлік қатынастардың болжамды мақсаты мен сипатын анықтау;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қажет болған кезде алуды және тіркеуді қоса алғанда, iскерлiк қатынастарды тексерудi және осы қаржы мониторингi субъектiсi арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеудi тұрақты негiзде жүргiзу;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруге қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру және клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту.
Клиенттің өкіліне қатысты осындай тұлғаның клиенттің атынан және (немесе) оның мүддесінде әрекет етуге өкілеттігі қосымша тексеріледі.
Мәліметтерді жаңарту осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда және ішкі бақылау қағидаларымен жүзеге асырылады.
Клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған мәліметтердің анықтығына күмәндануға негіз болған кезде клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту қаржы мониторингі субъектісі осындай күмәннің бар екендігі туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) мынадай біржолғы операцияларды жүргізу кезінде:
электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелері - жеке тұлғалар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банктің шотына ақшаны есепке жатқызу не көрсетілетін қызметті берушінің пайдасына төлемді жүргізу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент банктік шотты пайдаланбай, қолма-қол ақшасыз төлемді немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай төлемнің немесе ақша аударымының сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200000 теңгеден не 200000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды бөлшек саудада сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пункттері арқылы құйма түрінде аффинирленген алтынды сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 500 000 теңгеден аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, егер осындай операция сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.
2) 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2022.01.07. № 131-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері:
1) клиент салықтарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған;
2) клиенттің банктік шотына ақшаны есепке жатқызған жағдайларда, клиентпен қашықтықтан орнатылған іскерлік қатынастар шеңберінде, трансшекаралық төлемдерді қоспағанда, осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру жөніндегі шараларды қолданбай, операциялар жасауға құқылы.