екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің болмауы;
3) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағында көзделген, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабардар ету мерзімдерінің сақталмауы;
4) осы бақылау мен қағадалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген талаптардың, сондай-ақ егер мұндай талаптар солардың атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететін мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілерді, сынамаларды белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын мөлшерде іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нәтижесінде алынған, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;
8) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді профилактикалық бақылауды жүргізудің Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабында көзделген белгіленген мерзімдерін асыру;
9) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең iшiнде оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган өзіне қатысты бұрын тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргiзілген кезде тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу;
10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;
11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабында көзделген, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің мерзімділігін бұзу;
12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау -
лауазымдық адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 175-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
175-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын негізсіз жүргізу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
176-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi құқыққа сыйымсыз әрекеттер
1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсiздiк) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн лауазымды адамның, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсiмi немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға көрінеу залал келтiріп, жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiріп, өзiне артықшылық жасағанын бiлетiн кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаға - бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы
1. Борышкердiң қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Сот талқылауы кезеңiнде борышкердiң мүлкi мен активтерiн меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуiн болғызбау мақсатында борышкердiң активтерiн бақылауды қамтамасыз етпеу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы белгiленген нысанда ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Борышкердiң өзiнiң шеттетiлген лауазымды адамдарынан құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды адамдардың аталған құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Сот iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарған не борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған, сондай-ақ банкроттық рәсiмiн қозғамай таратуды жүргiзу оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға жүктелген жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру, уақытша басқарушыны ауыстыру кезiнде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың және борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкiн оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сатуды жүзеге асыру -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Осы баптың бiрiншi - он төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу
Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiрген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу -
бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал - ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы
1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы өтетін күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар
етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Сату жоспарын жасау тәртiбiн бұзу не банкроттың мүлкiн (активтерiн) сату жоспарын бұза отырып борышкердiң мүлкiн сату -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Әдейi және (немесе) жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкердiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерiн анықтау мiндеттерiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен банкроттың мүлiктiк массасына қайтару туралы талаптар қоймау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Әкiмшiлiк шығыстар сметасында көзделген ақшаны асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған кезде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде банкроттық рәсiмдердiң жүзеге асырылу барысы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiзiнде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлiмдемеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 17-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған тиесiлi (тиесiлi болған) мүлiк туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшiрмелерiн талап етіп алдыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
18. Борышкердiң лауазымды адамдарының кiнәлары анықталған жағдайда залалды (субсидиарлық жауаптылықты) өндiрiп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Егер банкроттықты басқарушымен келiсiмде өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерiн қозғайтын сот актiсiнiң көшiрмесiн оның шағымдану мәселесiн қарау үшiн кредиторлар комитетiне ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкiне құрылтай, қаржы құжаттарын және құқық белгiлейтiн құжаттарды, банкроттың мөрi мен мүлкiн қабылдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
21. Банкроттың банктiк шотының уақтылы жабылмауы, мемлекеттік кіріс органына салық төлеушi куәлiгiнiң және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлiгiнiң бланктерiн (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрiн жою -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 22-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Осы баптың төртінші және он жетінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - жиырма бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 23-бөлікпен толықтырылды
23. Осы баптың төртінші және он жетінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы
1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн бес жұмыс күнi iшiнде қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кредиторлар оңалту жоспарымен келiспеген және (немесе) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде оңалту жоспары сотқа ұсынылмаған жағдайда, оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi - сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Осы баптың бесінші бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртiбiн бұзу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиторлар комитетiмен оңалту рәсiмiнде жасасқан келiсiмнiң шарттарын орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетiлуiн қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Оңалту жоспарын орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
ескерту жасауға әкеп соғады.
6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар етпеу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Оңалтуды басқарушы шеттетiлген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде борышкердiң құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн тағайындалған оңалтуды басқарушыға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзу белгiлерiнiң бар (жоқ) екенiн анықтау және белгiлер болған кезде құқық қорғау органдарына процестiк шешiм қабылдау үшiн өтiнiш жолдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгiнбеу -
отыз айлық көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетiне кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмiлелер туралы ақпаратты жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау -