11-1-бап. Сақтандыру шарты және сақтандыру шартына билік ету
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру шарты осы Заңның талаптарына сәйкес және білім беру саласындағы уәкілетті органдар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен үлгілік шарт негізінде қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасында жазбаша нысанда жасалады.
2. Сақтандыру шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалады.
3. Сақтандыру шартында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) сақтандыру шартының нысанасы;
2) сақтанушы туралы мәліметтер;
3) сақтандыру шарты бойынша пайда алушы туралы мәліметтер;
4) сақтандыру жағдайын көрсету;
5) сақтандыру сомасының мөлшері;
6) сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, оны (оларды) төлеу тәртібі мен мерзімдері;
7) төлем талаптары және сатып алу сомасының мөлшері;
8) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;
9) сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзімі;
10) мемлекет сыйлықақысының осы Заңда белгіленген мөлшері;
11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
12) сақтанушының, пайда алушының (заңды өкілдің) сақтандыру құпиясын операторға ашып көрсетуге жазбаша келісімі;
13) тараптардың жауапкершілігі;
14) сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
15) сақтандыру шартын бұзу талаптары;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ережелер.
4. Сақтандыру шарттары осы Заңның 14-1-бабына сәйкес мемлекет сыйлықақысы есепке жазылатын сақтандыру шарттарын есепке алу үшін білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады.
5. Оператор білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізіліміне мәліметтерді енгізу және тіркеу нөмірін беру арқылы қатысушы-сақтандыру ұйымы ұсынған сақтандыру шарттарын тіркеуді жүзеге асырады. Сақтандыру шарты операторда тіркелген пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шарты немесе ол бойынша салымшы мен пайда алушы сол бір тұлға болып табылатын, операторда тіркелген салым шарты болған кезде тіркелуге жатпайды.
6. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында айқындалады.
7. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.
8. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы бір рет немесе сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру жарналары түрінде бөліп төленеді.
9. Мыналар сақтандыру жағдайлары болып табылады:
1) сақтандырылушының сақтандыру шартында белгіленген күнге дейін өмір сүруі;
2) сақтандырылушыға сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуі;
3) сақтандыру шартында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырып қорғаудың қолданылуы кезеңінде сақтандырылушының қайтыс болуы.
10. Пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына оқуға түсу жағдайын қоспағанда, пайда алушы шарт негізінде білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемі білім беру ұйымына жүзеге асырылады.
11. Пайда алушы шарт негізінде шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасау құқығын шектей отырып, шетелдік білім беру ұйымына білім беру қызметіне ақы төлеу мақсатында ғана осы тұлғаның атына «эскроу-шот» режиміндегі банктік шот ашады және сақтандыру төлемі сомасын осы шотқа аударады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымы «эскроу-шот» режиміндегі банктік шотқа сақтандыру төлемін аударған кезден бастап мемлекет сыйлықақысын есепке жазу тоқтатылады.
12. Шарт негізінде білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде сақтандыру төлемі сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда білім беру ұйымына кезең сайын төлемдермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе бір рет толық көлемде (оқудың бүкіл мерзіміне) ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
13. Пайда алушыға білім гранты тағайындалған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушы не оның заңды өкілі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда:
1) инвестициялық кірісті және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға;
2) білім берудің басқа деңгейлерін алу мақсатында сақтандыру шартының қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге жұмсауға;
3) инвестициялық кірісті және мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына жасалған (жасалатын) сақтандыру шартына ақы төлеуге аударуға құқылы.
14. Сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың бүкіл кезеңіндегі білім беру қызметтеріне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемі сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда сақтанушыға, пайда алушыға не оның заңды өкіліне төленуге жатады.
15. Пайда алушы қайтыс болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе пайда алушы денсаулық жағдайының салдарынан оқуын жалғастыруға қабілетсіз болған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:
1) сақтандыру шартында көрсетілген пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа адаммен ауыстыруға;
2) сақтандыру шарты бойынша инвестициялық кіріс ескерілген және мемлекет сыйлықақысы сақталған сатып алу сомасын алуға құқылы.
16. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасын бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін аударуды жүзеге асыруға құқылы.
17. Сақтандыру төлемдерінің есептемесі мен оларды жүзеге асыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
12-бап. Мемлекет сыйлықақысы
1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
2. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне есепке жазылады.
3. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
4. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
2) салым шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
3) салымшы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген, не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекет сыйлықақысы білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері
1. Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық бес пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есепке жазылады.
2. Мемлекет сыйлықақысы мынадай басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық жеті пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде:
1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелетке толған балаларға, бірақ әрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мүгедектігі бар адамдарға;
3) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) бiлiм беру ұйымдарында күндiзгi оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға олар кәмелетке толғаннан кейiн оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн;
4) жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардан шыққан балаларға есепке жазылады.
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.
Осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан расталған тоқсаннан кейінгі тоқсанның 1-күніндегі жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы тоқсан сайын растайды.
Жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы тиісті жылда салымшының басым санатқа жатқызылуы расталатын айларға есепке жазылады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Білім беру саласындағы уәкілетті органдар және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттің сыйлықақысын инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару
1. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер күнтізбелік үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаса не басқа білім беру ұйымына оқуға түспесе, салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап осы үш жыл өткен;
3) жинақтау мерзімі осы Заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталған;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс.
2. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды қатысушы банк оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмесі бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірмені қатысушы банк алған күннен бастап банктік үш күн ішінде:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысының сомасы толық көлемде;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне жұмсалмаған сома бөлігінде;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша, мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылған сомасын қайтаруды жүзеге асырады.
3. Салымшы білім беру ұйымынан шығарылған кезде, білім беру қызметтеріне жұмсалмаған соманы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына аударуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтару
1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
2. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жыл сайын сақтандыру шарты бойынша 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептеу сомасына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданылу кезеңі ішінде есепке жазылады.
3. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына қосылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
4. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салым шарты үшін осы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есепке жазылады.
5. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
2) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
3) пайда алушы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не ол қайтыс болды деп жарияланған күннен бастап тоқтатылады.
6. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасын басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер нысаналы мақсаты сақталмай тоқтатылған;
2) пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген;
3) пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
4) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірме бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірме алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша толық көлемде;
2) осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған сома бөлігінде;
3) осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша, артық есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасы бөлігінде жүзеге асырады.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін қатысушы банк білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
2. Қатысушы банктерге мынадай талаптар қойылады:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу;
3) 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ынтымақтастық туралы келісім жасасу (қайта жасасу) кезінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданған күші бар қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалардың болмауы.
3. Оператор білім беру қызметтеріне ақы төлеу білім беру жинақтау салымының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы бекітілген үлгілік келісім негізінде ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
4. Ынтымақтастық туралы келісімде нысанасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың өзара іс-қимылының шарттары, тәртібі және жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
16-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың салым шартын жасасу және оның қолданылуы кезіндегі өзара іс-қимылы
1. Салым шартын жасасу кезінде қатысушы банк салымшының осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетіндігін, сондай-ақ салымшының атына ашылған қолданыстағы салым шартының жоқтығын тексереді.
2. Әрбір салым шарты бойынша қатысушы банк ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға салымшы, шоттың жай-күйі, салымшы ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де қажетті мәліметтерді ұсынады.
3. Оператор салымшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 1 қаңтарға қарай оларды ұсынады.
17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Оператор жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қатысушы банктердің салым шарттары бойынша ұсынған мәліметтерінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органдарға алдағы қаржы жылына арналған мемлекет сыйлықақыларын есепке жазудың болжамды есептемесін ұсынады.
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Есепті жылдың қорытындысы бойынша оператор халықты әлеуметтік қорғау, балалардың құқықтарын қорғау және құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру саласындағы уәкілетті органдардан қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органдарға мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесін ұсынады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органдар оператордан мемлекет сыйлықақылары сомасының түпкілікті есептемесін алғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін оператордың шотына мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Оператор білім беру саласындағы уәкілетті органдардан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасасылған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызуды жүргізеді.
5. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызады.
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін алдыңғы есепті жылдар бойынша мемлекет сыйлықақысын толық есепке жазу қажеттілігіне әкеп соғатын фактілер анықталған жағдайда оператор толық есепке жазылған сомаларды осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есепті жыл бойынша мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесіне енгізеді.
18-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезіндегі өзара іс-қимылы
1. Білім беру жинақтау салымы арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу салымшының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі ұсынылған кезде қатысушы банк бір жұмыс күні ішінде қаражатты білім беру жинақтау салымынан білім беру ұйымының банк шотына аударады.
2. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде, салымшы үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкке және операторға растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
3. Білім беру ұйымы:
1) салымшының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қатысушы банкті және операторды хабардар етеді;
2) салымшының немесе қатысушы банктің талап етуі бойынша қажет болып тұрған академиялық кезеңдегі оқу құны немесе анықтама берілетін күнгі оқудың толық құны туралы анықтама береді;
3) оператордың сұрау салуы бойынша білім беру ұйымында білім алатын салымшы туралы қажетті мәліметтерді ұсынады;
4) салымшы басқа білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл жөнінде операторды үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Білім беру ұйымы салымшының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығы болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті органдар бекіткен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
2. Қатысушы-сақтандыру ұйымдарына мынадай талаптар қойылады:
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы;
2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу.
3. Сақтандыру шартын жасасу кезінде қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының және ол бойынша пайда алушы мен салымшы сол бір тұлға болып табылатын салым шартының жоқтығын тексереді.
4. Әрбір сақтандыру шарты бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға пайда алушы туралы, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасының мөлшерлері, сатып алу сомасы, инвестициялық кіріс ескеріле отырып есептелген мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.