19-бап. Асыл тұқымды жануарларды бонитирлеу және индекстік бағалау
Егер Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы заңнамасында өзгеше көзделмесе, асыл тұқымды жануарлар бонитирлеуге және (немесе) индекстік бағалауға жатады.
Бонитирлеуден және (немесе) индекстік бағалаудан өтпеген асыл тұқымды жануарларды асыл тұқымдық мақсаттарға өткізуге жол берілмейді.
20-бап. Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау
Асыл тұқымдық орталықтарда күтіп-ұсталатын, ұрығы таза тұқымды және асыл тұқымды жануарлар алу үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық жануарлар:
бонитирлеуге және (немесе) индекстік бағалауға;
ұрпақ сапасы бойынша бағалауға және (немесе) геномдық бағалауға;
асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынақтарға) жатады.»;
17) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
«20-1-бап. Молекулярлық генетикалық сараптама
1. Молекулярлық генетикалық сараптама мамандандырылған зертханаларда жүзеге асырылады, олар оның нәтижелерін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорына енгізеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс берушілер болып табылады.
2. Молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алу тапсырыс берушіні молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін басқа мамандандырылған зертханаларға қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
3. Тапсырыс берушінің:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізудің кез келген кезеңінде өтінімді кері қайтарып алуға;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелерді қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Тапсырыс беруші:
1) жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін іріктеуге және мамандандырылған зертханаға жеткізуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған зертханаға берілетін жануардың биологиялық материалдары үлгілерінің жиналуын бақылауға;
3) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін іріктелген жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін абайсызда немесе қасақана ауыстыру жағдайларын болғызбауды қамтамасыз етуге;
4) ілеспе құжаттаманы тиісті түрде ресімдеуге және мамандандырылған зертханаға ұсынуға;
5) қаптамалардағы жазбалар мен сәйкестендіргіштердің және ұсынылып отырған барлық ілеспе құжаттардың көрсетілген сәйкестендіргіштері бар нақты жануарларға сәйкес келуіне кепілдік беруге;
6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу құнын, оның ішінде молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алған жағдайда да төлеуге міндетті.
5. Тапсырыс беруші осы баптың 4-тармағының 1) – 5) тармақшаларында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда, мамандандырылған зертхананың көрсетілетін қызметтерді ұсынудан толық көлемде не ішінара бас тартуға құқығы бар.
6. Мамандандырылған зертхана:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта белгіленген мерзімде толық көлемде қызметтерді көрсетуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
3) тапсырыс берушіге оның талабы бойынша молекулярлық генетикалық сараптаманың жүргізілу барысы туралы барлық мәліметтерді хабарлауға;
4) егер молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді сапалы және мерзімінде орындау мүмкін болмаса және бұл тапсырыс беруші тарапынан қажетті шаралар қолдануды қажет етсе, тапсырыс берушіге дереу хабар беруге міндетті.
7. Молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс беруші мен мамандандырылған зертхананың Қазақстан Республикасының заңнамасында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.»;
18) 22-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер осы Заңның 16-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес деректерді есепке алуды жүргізеді.
Асыл тұқымдық орталықтар, дистрибьютерлік орталықтар және республикалық палаталар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептілік ұсынады.»;
19) 23-баптың 6) тармақшасындағы «палаталар жатады.» деген сөздер «палаталар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жатады.»;
20) 26-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «асыл тұқымды тұқымдық малдың малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау» деген сөздер «асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алу, жинақтау, сатып алу, сақтау мен өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақшадағы «ұрық пен» деген сөздер «асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды алуды, жинақтауды, сатып алуды, сақтауды және өткізуді асыл тұқымдық орталықтар осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.»;
21) 27-бапта:
«бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу,» деген сөздер «асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алу, сақтау мен өткізу және» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығын, эмбриондарды сатып алуды, сақтауды және өткізуді дистрибьютерлік орталықтар осы Заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырады.»;
22) 28-бапта:
1-тармақтағы «Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бонитирлеу (бағалау)» деген сөздер «Бонитерлер (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары бонитирлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру» деген сөздер «жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Эмбриондарды телу», «малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу)» деген сөздер тиісінше «Эмбриондарды транспланттау», «жануарлардың эмбриондарын алу, криоконсервациялау және транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі қызметтерді көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бонитер (сыныптаушы), техник-ұрықтандырушы және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтеді және біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алады.»;
23) 28-2-бапта:
1-тармақтағы «малдарды», «iске асыру» деген сөздер тиісінше «жануарларды», «білдіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екінші бөлікте:
«, жылқы шаруашылығы және құс шаруашылығы» деген сөздер «және жылқы шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, жылқылардың және құстардың» деген сөздер «және жылқылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында құстардың барлық түрі мен өнімділік бағыттарына бір құс шаруашылығы республикалық палатасы құрылады.»;
үшінші бөліктегі «ауыл шаруашылығы малының» деген сөздер «жануардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатада білдірілсе, жекелеген республикалық палатаны құру ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) арқылы жүзеге асырылады.
Ірі қара малдың өнімділік бағыттары бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша республикалық палатаны қайта ұйымдастыру (бөлу, бөліп шығару нысанында) үшін республикалық палата мүшелерінің жалпы жиналысында шығарылған және республикалық палата мүшелерінің кемінде елу пайыз дауысын алған, ірі қара малдың бір тұқымы бойынша немесе қой мен жылқының өнімділік бағыттары бойынша асыл тұқымды жануарларды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін білдіретін республикалық палатаның кемінде үш мүшесінің және республикалық палата кеңесінің кемінде бір мүшесінің бірлескен шешімі негіз болып табылады.»;
24) 28-3-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алқалы орган жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Алқалы органның кезектен тыс жиналысы республикалық палата мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісінің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.»;
3-тармақта:
«бір жыл» деген сөздер «үш жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Республикалық палата кеңесінің құрамы алқалы органның шешімімен қайта сайлануы мүмкін.
Республикалық палата кеңесінің құрамы жыл сайын үштен біріне жаңартылып отырады, республикалық палата кеңесінің төрағасы үш жылда бір рет сайланады.
Республикалық палата кеңесінің құрамын қалыптастыру кезінде өңірлердің тең өкілдігі қамтамасыз етіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық палата кеңесінің құрамына ауыл шаруашылығы бейініндегі Қазақстан Республикасы ғылыми ұйымдарының өкілдері және республикалық палата мүшелері кіреді.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сол бір адам республикалық палата кеңесінің төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.»;
9-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы бірінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды және екінші санатты етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды есепке алуды ұйымдастырады;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулыққа және (немесе) индекстік бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпақ сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) геномдық бағалау жүргізу қағидаларына және (немесе) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларына сәйкес асыл тұқымды жануарлардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «асыл тұқымды малдар» деген сөздер «қанды және таза тұқымды жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бонитирлеу, индекстік бағалау, асыл тұқымды тұқымдық жануарларды ұрпақ сапасы бойынша бағалау, геномдық бағалау, асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) деректеріне мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабар береді;
8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізіліміне енгізу үшін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша асыл тұқымды жануарлар тізілімін жүргізеді және оның деректерін уәкілетті органға ұсынады;»;
10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
2. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бапта:
3) тармақша «мал», «республикалық» деген сөздер тиісінше «жануар», «Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша «адамның» деген сөзден кейін «зияткерлік» деген сөзбен толықтырылсын.
3. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-13) және 41-14) тармақшалармен толықтырылсын:
3-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
«41-13) қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызу мақсатында шоколад, қантты кондитерлік бұйымдарды, печенье және ұннан жасалған ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдарды өндірушілермен келісім жасасу тәртібін әзірлеу және бекіту;
41-14) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыру;»;
2) 7-баптың 2-тармағында:
3-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:
«1-7) қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызу мақсатында шоколад, қантты кондитерлік бұйымдарды, печенье және ұннан жасалған ұзақ сақталатын кондитерлік бұйымдарды өндірушілермен келісім жасасу;»;
12) тармақшадағы «жоғары сыныпты асыл тұқымды малды» деген сөздер «асыл тұқымды жануарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-14) тармақша алып тасталсын.
4. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 10) тармақшасы «пайдалануға» деген сөзден кейін «немесе химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіру мақсатында пайдалануға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«реттеуге» деген сөз «реттейді» деген сөзбен ауыстырылсын;
«құқылы» деген сөз алып тасталсын;
3) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы «уәкілетті органға», «есептегіш» деген сөздер тиісінше «уәкілетті органға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына», «есепке алатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «өнімдерін өндірушілердің» деген сөздерден кейін «, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 10-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органға», «есептегіш» деген сөздер тиісінше «биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына», «есепке алатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-бапта:
1-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тиісті құжаттары болған кезде биоотын экспортын қоспағанда, биоотын өндіруді және (немесе) мұнай өнімдерін компаундирлеуді және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді жүзеге асырмайтын тұлғаларға биоотынды өткізуге;»;
10) тармақша «қатысушылары» деген сөзден кейін «мен химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндірушілер» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшаның қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді;
2-тармақ «компаундирлеуді» деген сөзден кейін «және (немесе) химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіруді» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 22-баптың 1-тармағындағы «биоотын айналымы саласындағы жергілікті атқарушы органы» деген сөздер «жергілікті атқарушы органы, биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы, 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 10 қазан
№ 144-VII