ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;»;
2) 28-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «сызылып тасталмаған» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «сызылып тасталған» деген сөздер «белгіленген» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды.».
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр
№ 119-VII