89) ведомстволық және жедел есептерді құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
90) ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйелерін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
91) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелерін, арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдарын, сондай-ақ жасасқан келісімдер шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерді ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
92) дербес деректерді өңдеу кезінде заңнама және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Министрліктің ақпараттық ресурстарына ішкі істер органдары бөлімшелеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
93) ведомстволық статистикалық, мұрағаттық және өзге де ақпаратты жинауды, жинақтауды, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады;
94) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыруға қатысады;
95) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
95-1) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-2) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-3) өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асырады;
95-4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
95-5) - 95-40) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-41) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін, сондай-ақ бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барып, профилактикалық бақылау жүргізу тізімін әзірлейді және бекітеді;
95-42) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кинологиялық қызметі жұмысын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-43), 95-44) және 95-45) тармақшалар 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
95-43) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-44) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
95-45) Аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
95-46) Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-47) Уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын күдіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-48) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-49), 95-50), 95-51), 95-52), 95-53), 95-54) және 95-55) тармақшалары 2019 ж. 19 сәуірде қолданысқа енгізілді
95-49) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;
95-50) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
95-51) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
95-52) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
95-53) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
95-54) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
95-55) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
95-56) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының авиациясын қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолдану қағидаларын бекітеді;
95-57) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әуе-десанттық даярлық қағидаларын бекітеді;
95-58) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы және әскери тасымалдауын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
95-59) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы мақсаттағы әскери бөлімдерін (бөлімшелерін) қызметтік-жауынгерлік қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
95-60) теңбіл берет пен теңбіл түсті тельняшканы киіп жүру құқығына біліктілік сынақтарын өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
95-61) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штабтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
95-62) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында психологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
95-63) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етеді;
95-64) қызметі есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымы мен олардың теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы жұмысқа байланысты мамандарды, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттарды тұтынатын адамдарды профилактикалауды, емдеуді, әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
95-65) уәкілетті органдармен бірлесіп, есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
95-66) өз құзыретi шегiнде қылмыстарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және ашуды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
95-67) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырады;
95-68) iшкi iстер органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар бойынша алдын ала тергеу мен анықтауды жүзеге асырады;
95-69) заңнамада белгiленген тәртiппен қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі жедел-iздестiру және бөгеу iс-шараларын, операцияларды жүргiзедi, сондай-ақ оларды өзге де құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдардың жүргiзуiне және жүзеге асыруына жәрдем көрсетедi;
95-70) қылмыстарды ашу және қылмыскерлер мен олардың байланыстарын анықтау үшiн ақпараттық-талдамалық жүйелерді пайдаланады;
95-71) борышкерлердi, қылмыс жасаған, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, қылмыстық жазаларын өтеуден, әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген, хабар-ошарсыз жоғалған және өзге де адамдарды iздестiрудi, танылмаған мәйiттердi сәйкестендiрудi жүзеге асырады;
95-72) арнаулы, құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, терроризм актілерінің жолын кесу бойынша терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысады;
95-73) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттермен экстрадицияланатын және сотталған адамдарды қабылдау-тапсыруды ұйымдастырады;
95-74) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің халықаралық практикасын талдайды және қорытындылайды, есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына, олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау шараларын, сондай-ақ осы саладағы заңнаманың қолданылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
95-75) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгiзу процесiн бақылайды;
95-76) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен шет мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарының қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету жөнiндегi сауалдарын орындайды;
95-77) жедел-iздестiру iс-шаралары мен арнайы операциялардың өткiзiлуiн, сондай-ақ жедел-iздестiру iс-шараларын өткiзуге құқығы бар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;
95-78) әскери-тергеу органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
95-79) әскери қылмыс жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
95-80) әскери қылмыстар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдарының тергеулігіне жататын қылмыстарды тергейді;
95-81) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
95-82) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
95-83) жедел есепке алуды қалыптастыруды, жүргізуді жүзеге асырады;
95-84) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді.
96) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ведомстволардың функциялары:
1) құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу жөнiндегi профилактикалық қызметтi қамтамасыз етеді;
2) заңнамаға сәйкес лицензиялар мен арнайы рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
3) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
4) лицензиаттардың қызметіне, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сай келуіне бақылау жасауды жүзеге асырады;
5) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүзеге асырады;
8) күзет қызметі субъектілерінен олардың «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады;
9) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқымен жұмыстың жай-күйін бақылауды ұйымдастырады;
10) қамаудағылар мен сотталғандарды айдауылдау мен күзетуді бақылауды ұйымдастырады;
11) қорғалуы халықаралық шарттарға сәйкес мемлекетке жүктелген объектілердің күзетілуін қамтамасыз етеді;
12) режимдік және ерекше күзетілетін объектілердің күзетілуін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдану арқылы жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистикалық талаптарға сәйкес келуіне қорытынды;
мынаған:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының марапаттық қаруды сақтауына және алып жүруіне;
заңды тұлғаларға:
есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
заңды тұлғаларға экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар алу үшін өтінішті келіседі (азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдар);
15) әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;
16) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;
16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды бақылауды қамтамасыз етеді;
16-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
16-3) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;
16-4) өз құзыреті шегінде балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
16-5) балаларға тыйым салынған ақпарат қамтылған ақпараттық өнім кәмелетке толмағандарға таратылған кезде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
17) белгiленген тәртiппен көлiк құралдарына iлесiп жүрудi ұйымдастырады;
18) жүргізуші куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды ұйымдастырады;
19) жол қозқғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
20) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
21) жол жүрісін реттеуді ұйымдастырады;
22) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
23) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді бақылауды ұйымдастырады;
24 ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
27) жол қозғалысы және оны қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелер құрады және пайдаланады;
28) халықты құқықтық тәрбиелеу бойынша шараларды iске асыруды қамтамасыз етеді, құқықтық тәртiп пен iшкi iстер органдары қызметiнiң жай-күйi туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
29) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтерді, тәрбиешілерді, оқытуды, тәрбиелеуді және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтауды ұйымдастырады және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады;
30) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
31) ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберу немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеу бойынша қызметті ұйымдастырады;
32) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
33) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
34) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
35) қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін қорғауды, олардағы жедел жағдайды бақылауды, қызметшілердің, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды айдап жүруді жүзеге асырады;
36) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы арыздарын қарауды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
37) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
39) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асырады, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;
40) - 47) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) қылмыс жасағаны немесе күдіктілігі бойынша ұсталғандар мен тұтқындалғандарды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
49) - 52) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
53) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесу бойынша шаралар қабылдайды;
54) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етеді;
55) iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын ұйымдастырады;
56) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
57) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
58) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың орналасуын ұйымдастырады;
59) - 65) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика жағдайын бақылайды;
67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығысыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
67-1) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
67-2) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
67-3) көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау мен болжамдауды жүзеге асырады;
67-4) көші-қон процестерін реттеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
67-5) көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
67-6) өз құзыретi шегiнде босқын деп танылған адамға шыққан елiнде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсетеді;
67-7) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
67-8) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
68) азаматтар мен лауазымды адамдар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
69) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
70) сотталғандарға түзету ықпалын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастырады;
71) сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырады;
72) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
73) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
74) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастырады;
75) қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тартады;
76) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындауды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
76-1) пробация қызметінің жұмысын үйлестіреді;
76-2) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
77) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
78) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
79) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, қақтығыс аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тарту туралы шешімдерді орындайды;
80) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
81) медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өңірлік қолбасшылықтарды құрылымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асырады;
82) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
83) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84) қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
84-1) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-2) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-3) ҚР Үкіметінің 2020.25.02. № 83 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-4) - 84-17) ҚР Үкіметінің 2020.23.10. № 701 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
84-18) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады;
84-19) дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне, онда уақытша болуына, тұруына және жүріп-тұруына бақылауды жүзеге асырады;