2) аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушыға Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сақтандыру сыйлықақысын толық немесе iшiнара қайтаруға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүргiзуге;
4) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында жұмсаған шығыстарын өтеуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы
15-бап. Сақтандыру сомасының мөлшерi
Сақтандыру сомасының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сомасының мөлшерi:
1) 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) аудиторлық ұйыммен жасасқан аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда шарт жасасқан күнгi белгiленген 10 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауға тиіс.
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келісімi бойынша аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленедi, бiрақ, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының 4,5 процентiнен аспауға тиiс.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi тараптардың келісімiмен белгiленедi.
2. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда кезектi сақтандыру жарнасының уақтылы төленбегенi үшiн сақтанушы сақтандырушыға өзгенiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны ретiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі
18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушы аудиттеу субъектiлерiнiң зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы аудиттеу субъектiсi талап еткен сомаға орай немесе соттың осы Заңның 8-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды.
4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi.
5. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша франшиза мөлшерi тараптардың келісімi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте франшиза мөлшерi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс.
Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кететiн жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.
19-бап. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың талаптары және тәртібі
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы не аудиттеу субъектісі сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда қояды.
Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар қоса беріле отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша ұсынудан босатпайды.
2. Сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) аудиттеу субъектiсiнiң келтiрiлген зиянды және оның мөлшерiн растайтын, зиянды өтеу туралы сақтанушы таныған құжаттар қоса берiлген талабы немесе соттың аудиттi өткізу кезiнде сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы заңды күшiне енген шешiмi;
3) заңды тұлғаның өкiлiне берiлген сенiмхат;
4) сақтанушы мен аудиттеу субъектiсi арасында жасалған, аудит жүргiзуге арналған шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
5) зиянды болдырмау немесе мөлшерiн азайту жөнiнде шаралар қолдануға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар (бар болса);
6) аудиторлық есеп-қисаптың көшiрмесi, аудиттеу субъектiсiнiң келісімiмен.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге міндетті.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған кезде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
5. Аудиттi өткізу нәтижесiнде сақтанушы зиян келтiрген аудиттеу субъектiсi, ал аудиттеу субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда - оның құқық мирасқоры пайда алушы болып табылады.
Аудиттеу субъектiсiне (оның құқық мирасқорына) келтiрiлген зиянды сақтандырушының осы Заңда белгiленген жауапкершiлiгi көлемiнiң шегiнде өтеген және өз шығыстарының сақтандырушыдан өтелуiне құқық алған сақтанушы немесе өзге де тұлға пайда алушы болып табылуы мүмкiн.
6. Сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
7. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiне аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының тараптары немесе пайда алушы дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы баптың 6-тармағында белгiленген мерзiм iшiнде аталған тұлғалардың бiрде-бiрi дау айтпаған бөлiгiнде жүзеге асыруға мiндеттi.
Сақтандыру төлемiнiң дау айтылған бөлiгiн сақтандырушы бiтiм келісімi жасалған және оны сот бекiткен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде не, егер сот шешiмдi шұғыл түрде орындауды ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап төлеуге тиiс.
8. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу кезеңiнде келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап үш жыл iшiнде қойылуы мүмкiн.
9. Сақтандыру төлемi уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсете отырып және оны талап етуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде, сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап құқығы
1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде мынадай жағдайларда:
1) сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған, не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттер жасағанда;
2) сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық не әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер жасағанда;
3) сақтанушы сақтандыру жағдайы кезіндегі шығынды азайту жөнiнде шараларды қасақана қолданбағанда;
4) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру объектiсi, сақтандыру тәуекелi, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы бiле тұра жалған мәлiметтердi хабарлағанда;
5) сақтанушы сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзiнiң талап қою құқығынан бас тартқанда, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының өтуi үшiн қажеттi құжаттарын беруден бас тартқанда керi талап қоюға құқығы бар.
2. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға сақтанушының сақтандыру нәтижесiнде сақтандырушы өтеген шығындар үшiн жауапты тұлғаға керi талап құқығы төленген сома шегiнде ауысады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатудың негiздерi
1. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы:
1) аудиттеу субъектiсiнiң сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететiн қасақана iс-әрекеттерiнiң;
2) аудиттеу субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептiк байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерiнiң салдарынан болса, сақтандыру төлемiн толық немесе iшiнара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да:
1) сақтанушының шығынды келтiруге кiнәлi тұлғадан шығынның тиiстi өтемiн алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау;
3) сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайларын тексеру және келтiрiлген зиянның мөлшерiн белгiлеу кезiнде сақтандырушыға кедергi келтiруi;
4) аудиттеу субъектiсiнiң аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген мiндеттердi бұзуы;
5) сақтанушының аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңдарында белгiленген функцияларына және мiндеттерiне сәйкес келмейтiн қызметтi жүзеге асыруы;
6) аудиттеу субъектiсiнiң сақтанушыға аудит жүргiзу үшiн қажеттi толық емес және (немесе) расталмаған құжаттаманы және басқа да ақпаратты ұсынуы негiз болуы мүмкiн.
3. Сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау немесе уақтылы хабарламау, егер сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы бiлгендiгi дәлелденбесе не сақтандырушыда бұл туралы мәлiметтердiң болмауы сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мiндетiне әсер етпесе, ол сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқылы.
4. Сақтандыру төлемiнен бас тарту үшiн негiздер бар кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде сақтандыру төлемi туралы өтiнiш берген тұлғаға бас тартудың себептерiне жазбаша нысанда, дәлелдi негiздемемен келтiрген сақтандыру төлемiнен толық немесе iшiнара бас тарту туралы тиiстi шешiмдi жiберуге мiндеттi.
5. Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ.
5-тарау. Қорытынды ережелер
22-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
23-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.А. Назарбаев |