652) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарау;
653) жоқ борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну;
654) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда, уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлеу, сондай-ақ кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу туралы өтінішхат беру;
655) борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
656) әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау;
657) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау бойынша шаралар қабылдау;
658) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
659) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
660) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келісу;
661) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың әрекеттеріне шағымдарды қарау;
662) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұрауды жүзеге асыру және алу;
663) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
664) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
665) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
666) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
667) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;
банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту туралы іс бойынша өндірістік іс қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізілімін;
банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;
668) кредиторлар жиналысына әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тастау туралы ақпарат жіберу;
669) оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету;
670) меншікке мемлекеттік мониторинг жүргізудің жоспары мен бағдарламасын бекіту;
671) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
672) республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруды тиісті саланың уәкілетті органына келісу;
673) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру;
674) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылауды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыру және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмайтын не мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мүлікті алып қою;
675) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен республикалық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдау;
676) сыйға тарту шарты бойынша мемлекет құқықтар алған мүлікті есепке алуды ол туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу арқылы жүргізу;
677) «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуын және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асыру;
678) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгіленген мәселелер тізбесі бойынша мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдер жобаларын келісу;
679) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарына мониторингті жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
680) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде жасалған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
681) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келісу;
682) республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;
683) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
684) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға өзін-өзі реттеу туралы заңнамаға сәйкес бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
685) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру, оның ішінде республикалық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде беру актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын бекіту;
686) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
687) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақтауды қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
688) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
689) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын не нысананы пайдаланылмайтын мүлкін бақылау жүзеге асырылған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
690) кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, таратылған республикалық заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу;
691) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
692) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруды немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуді келісу;
693) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
694) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке өндіріп алу;
695) республикалық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
696) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның және тиісті орталық атқарушы органдардың осы материалдық құндылықтарды объект жекешелендірілгенге дейін одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін оларды сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлау;
697) алушы мемлекеттік органдармен және Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша номенклатура басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде өзгертілген кезде жаңартылуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды беру бойынша шешім қабылдау;
698) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;
699) егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің, жекешелендірілетін кәсіпорын жасасқан шарттардың сомасы туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
700) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдал тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
701) сатып алу-сату шартын орындауға байланысты, оның ішінде өзінің қолданысын тоқтатқан бақылауды жүзеге асыру кезінде сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды жұмысқа тарту;
702) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болу;
703) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
704) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқығын жүзеге асыру;
705) республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органына беру;
706) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуін және олардың төленуін, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуін бақылауды жүзеге асыру;
707) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, жарғылық капиталға қатысу үлестерін енгізу арқылы акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды енгізуді жүзеге асыру;
708) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
709) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
710) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
711) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
712) анық және объективті талдау үшін қажетті меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша сұрау салуды және ақпарат алуды жүзеге асыру;
713) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджет қаржысын бөлу көлемін негіздеу;
714) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі нысанасына жататын ақпаратты жинауға және талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
715) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен сұратуды жүзеге асыру және алу;
716) мониторинг жүргізу тапсырылған адамдарды және танысу үшін берілуге тиіс ақпарат тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
717) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғалардың мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен танысу;
718) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;
719) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілеріне жүйелі тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
720) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
721) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындау, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының бекітуіне ұсыну;
722) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-тарауында белгіленген жағдайларда және шарттарда мемлекет меншігіне алынатын мүлік үшін өтем төлеуді жүзеге асыру;
723) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асыру;
724) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін әзірлеуге қатысу;
725) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлеуге қатысу;
726) республикалық мүлікті пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
727) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
728) республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
729) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
730) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;
731) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
732) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарау;
733) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
734) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырманы қарау;
тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлеу және бекіту;
конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындау және бекіту;
конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жіберу;
конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;
735) мемлекеттік сатып алу саласында республикалық тізілімдерді қалыптастыруды жүзеге асыру және жүргізу;
736) Министрліктің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
737) ведомстволар басшыларының олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрлік актілерінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғамайтын, оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық бұйрықтарды бекіту;
738) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
739) ведомстволардың өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыру;
740) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімдер қабылдау;
741) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауы мен қарауы және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдану;
742) өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнінің есебі;
743) құпия ақпарат болып табылатын тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
744) ұлттық бақылану жүйесіне енгізілетін мәліметтерді жинауды, есепке алуды, сақтауды және өңдеуді және (немесе) бақылану тетігін іске асыруды қамтамасыз ету;
745) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын айқындау және оны беруді жүзеге асыру;
746) экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдікті беру бойынша есепке алуды тіркеу тәртібін айқындау;
747) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөніндегі мемлекет кепілдік берген міндеттеменің мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
748) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
749) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын тіркеу, сондай-ақ оларды тіркеу тәртібін айқындау;
750) ауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою актісінің нысанын бекіту;
751) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 296-бабы 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін айқындау;
752) аванстық төлемдердің, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ өзге де ақшаны төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ету ретінде енгізілген сомаларды есепке жатқызу (қайтару) тәртібін айқындау;
753) кеден органдарының тәуекелдерді басқару процесін іске асыру тәртібін айқындау;
754) тауарларға арналған декларацияны, транзиттік декларацияны және көлік құралы декларациясын тіркеуді ресімдеу немесе тіркеуден бас тарту тәртібін айқындау;
755) қызмет аймағында тауарлар бар кеден органынан басқа кеден органында тауарларды кедендік декларациялауға және шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындау;
756) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдануы мүмкін жағдайларды айқындау;
757) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімді беру тәртібін, шарттары мен мерзімдерін, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
758) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 41-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ерекшеліктерді ескере отырып, кедендік декларациялауды жүзеге асыру мақсатында оларға қатысты кеден органдары тауарларды сыныптау туралы шешімдер қабылдайтын тауарлардың тізбесін бекіту;
759) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Министрліктің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының міндеттерін айқындайды;
2) еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік жүйесінің жұмыскерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
5) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауаптылықта болады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.