Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.
54-тарау. КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
434-бап. Кассациялық тәртiппен қайта қарауға жататын сот актiлерi
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, осы Кодекстің 27-2-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Мынадай:
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 12 және 21-1-тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
«2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 434-бабы екінші бөлігі 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы, берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсім шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
Осы бөліктің күші осы Кодекстің 27-2-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне қолданылмайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
4. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілері осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
5. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 435-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
435-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық шағым беруге, наразылық келтіруге, олардан бас тартуға және кері қайтарып алуға құқығы бар тұлғалар
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстiң 434-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген сот актiлерiне дау айту туралы кассациялық шағымды тараптар, iске қатысатын тұлғалар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері беруi мүмкiн.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды; 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы кассациялық шағым беру құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді; 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры заңды күшіне енген сот актілеріне өзінің бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша берілген өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса беріледі.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Кассациялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде шағым берген прокурор кассациялық шағымнан бас тартуға немесе оны кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны кассациялық шағым, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
Кассациялық шағымнан бас тарту кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді. Кассациялық шағымды қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда шағым қайтарылады.
Кері қайтарып алынған жағдайда кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайтадан берілуі мүмкін.
4. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
436-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық келтіру мерзiмдерi
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға кассациялық шағым, наразылық берілуі мүмкін.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, кассациялық шағым шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда - апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.
4. Егер кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхат прокурорға белгiленген мерзiм сақтала отырып берiлсе, бiрақ ол бойынша шешiм қабылданбаса, кассациялық сатыдағы сот наразылық келтіру мерзiмiн ұзартады. Наразылықта бұл туралы көрсетiлуге тиiс.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 437-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
437-бап. Істерді кассациялық тәртіппен қарайтын соттар
Кассациялық сот осы Кодекстің 435-бабының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың кассациялық шағымдары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 438-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
438-бап. Iстердi талап етіп алдырудың және заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау негiздерi
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық соттың судьялары азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдырады.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары не олардың тапсырмасы бойынша облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры азаматтық істі кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
Азаматтық істі прокурордан талап етіп алдыру жағдайында кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағым түсуіне байланысты істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуы іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде прокурордың орындауына жатады.
2. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сот iстi талап етіп алдыру туралы сұрау салуды ол сотқа келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей орындайды.
Прокурор істі талап етіп алдырған жағдайда, кассациялық наразылық келтiру туралы өтiнiшхатты прокурор iс прокуратураға келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.
5. Заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
6. Мыналар:
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қабылданған қаулының орындалуы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін болатын жағдайларда;
2) қабылданған қаулы адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайларда;
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда, осы Кодекстің 434-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
439-бап. Наразылық келтіру
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық келтіреді және оны iспен және өтiнiшхатпен бiрге кассациялық сотқа жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшiрмелерiн iске қатысатын адамдарға жібереді.
440-бап. Наразылықтың мазмұны
Наразылықта:
1) наразылық келтірілетін соттың атауы;
2) наразылық келтірілетін сот актiлерiне нұсқау;
3) сот актiлерi шығарылған iстiң мәнi жазылуға;
4) заңсыз сот актiсiн шығаруға әкелген материалдық не процестік құқық нормаларының елеулi бұзылуы нені білдіретініне нұсқау;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе түйіндері болуға тиіс;
6) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтірілген жағдайларда, наразылықта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екені көрсетілуге тиiс;
7) наразылыққа осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігі талаптарының орындалғанын растайтын құжат қоса беріледі.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 441-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
441-бап. Сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымның және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттың мазмұны
1. Кассациялық сотқа берілетін сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағымда және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларына берілетін кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатта:
1) кассациялық шағым немесе өтінішхат жіберіліп отырған соттың немесе лауазымды адамның атауы;
2) кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның және олар мүддесі үшін беріліп отырған тұлғаның атауы, оның тұрғылықты жері немесе орналасқан жері және істегі процестік жағдай;
3) іске қатысатын тұлғалардың тұрғылықты жерлері немесе орналасқан жерлері көрсетіліп, оларды санамалау;
4) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарға нұсқау және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны;
5) қайта қарауға, наразылық келтіруге жататын сот актісіне нұсқау;
6) материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуы неде екендігіне және шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты беретін тұлғаның өтініші неден тұратындығына нұсқау қамтылуға тиіс;
7) осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша наразылық келтіру туралы өтінішхат берілген жағдайда, өтінішхатта сот актілерін қайта қарау үшін негіздердің айрықшалығы неде екендігі көрсетілуге тиіс;
8) өкіл берген кассациялық шағымда, наразылық келтіру туралы өтінішхатта талап негізделетін заң нормасына сілтеме қамтылуға тиіс.
2. Егер кассациялық шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат іске қатыспаған тұлғаның мүддесі үшін берілсе, оларда дау айтылып отырған сот актісінде осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс.
3. Егер кассациялық шағым бұрын кассациялық сатыдағы сотқа берілсе және қайтарылған болса, шағымда оның қайтарылу себептері көрсетілуге тиіс.
4. Кассациялық шағымды немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатты берген тұлға оларға қол қоюға тиіс. Шағым немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат электрондық құжат нысанында берілген кезде олар беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Кассациялық шағымға, наразылық келтіру туралы өтінішхатқа өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін шағымға немесе наразылық келтіру туралы өтінішхатқа құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса беріледі.
5. Сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 442-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
442-бап. Кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын қайтару
1. Кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстің 435-бабы 1-1-бөлігінің, 440 және 441-баптарының талаптарына сәйкес келмесе;
2) кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын осы Кодекстің 435-бабына сәйкес заңды күшіне енген осы сот актісіне дау айтуға, наразылық келтіруге құқығы жоқ тұлғалар берсе;
3) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтіру үшін дәлелді себептер болмаса;
4) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы қаралғанға дейін олар кері қайтарылып алынса;
5) кассациялық шағымнан бас тартуға байланысты кассациялық сатыдағы сотта іс бойынша кассациялық іс жүргізу тоқтатылған жағдайда;
6) кассациялық шағым немесе прокурордың наразылығы кассациялық сатыдағы сотқа осы Кодексте белгіленген шағым жасау тәртібі бұзыла отырып берілсе;
7) кассациялық сатыдағы соттың осы процеске қатысушының шағымы бойынша кассациялық шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы болса;
8) сот актісіне дау айту туралы кассациялық шағымға мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілмесе, оларды берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.
2. Кассациялық сатыдағы сот кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтару туралы қаулы шығарады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген қалған жағдайларда шағым немесе наразылық бес жұмыс күні ішінде судьяның хатымен қайтарылады.
3. Кассациялық шағымды немесе прокурордың наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған кезде олар жалпы негіздер бойынша қайтадан берілуі мүмкін.
4. Егер өтініш беруші осы құқықты іске асырмаса, осы Кодекстің 112-бабының бірінші бөлігінде санамаланған адамдар осы Кодекстің 441-бабының талаптарын сақтай отырып өтінішхат берген жағдайлардан басқа ретте, прокурор кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты өтініш берушіге сот актісін тікелей кассациялық сатыдағы сотта кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым беруі үшін қайтаруға құқылы.
443-бап. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
444-бап. 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
445-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот отырысын тағайындау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Кассациялық сатыдағы сот істі алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай әрекеттерді жасайды:
1) тараптарға кассациялық сатыда қарау үшін кассациялық шағымның, прокурор наразылығының қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
2) іске қатысатын тұлғаларға кассациялық шағымның, наразылықтың және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін не олардың электрондық көшірмелерімен соттың интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді;
3) тараптарға ұсыну мерзімін көрсете отырып, кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында пікір беру тәртібін түсіндіреді;
4) осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес тараптарды татуласу рәсімдеріне қатысу құқығы туралы хабардар етеді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралуға тиіс.
3. Кассациялық сатыдағы соттың істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған іске қатысатын адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 446-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
446-бап. Сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір
1. Іске қатысатын тұлға сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, іске қатысатын басқа да адамдарға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Өкіл сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымға, прокурордың наразылығына пікірін қайта қаралуға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қарсылықтарға негіз болған дәлелдемелер мен заң нормаларына сілтеме жасап, іске қатысатын басқа да тұлғаларға және кассациялық сатыдағы сотқа жібереді.
Іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің көшірмелері жіберілгенін растайтын құжатта пікірге қоса беріледі.
2. Пікір сот актісін қайта қарау туралы кассациялық шағымның немесе прокурор наразылығының көшірмесі алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
3. Пікірге іске қатысатын тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Пікірге өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.
447-бап. Татуласу келісімі, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім және дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Кассациялық шағым немесе наразылық берілгеннен кейін жасалған тараптардың татуласу келісімі, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім кассациялық сатыдағы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.
Сотқа қатысып отырған екі тарапта татуласу туралы өтініш берген жағдайда, татуласу рәсімін алқалы құрам судьяларының бірі өтінішхат берілген күні өткізеді.
Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді сот осы Кодекстің 179 және 181-баптарының қағидаларына сәйкес қабылдайды.
Сот отырысында сот тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіткенге дейін тараптарға олардың процестік әрекеттерінің салдарларын түсіндіреді.
2. Тараптардың татуласу келісімін, тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту кезінде кассациялық сатыдағы сот сот актілерінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 448-бап өзгертілді
448-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртіппен тексеру үшін сот актісінің орындалуын алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.
Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және тараптарға жіберіледі (тапсырылады).
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 449-бап өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
449-бап. Істi кассациялық тәртіппен қарау нысанасы және шектерi
1. Iстi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексередi.
2. Кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесiнде кассациялық шағымның немесе наразылықтың шегiнен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
450-бап. Істi кассациялық сатыдағы соттың қарау тәртібі
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады және қарауға жататын істі, соттың құрамын және іске қатысатын, сот отырысы залында отырған адамдарды жариялайды, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген кассациялық шағым берген адамның, прокурордың болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
2024.21.11. № 136-VІІІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)