Егер адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы іс бойынша сот отырысына азаматтың өзінің қатысуы оның өмірі немесе денсаулығы үшін не айналасындағылардың өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төндірсе, іс оның тұратын жері бойынша сотта қаралады. Іс стационарлық жағдайларда психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымда немесе психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдар үшін әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық мекемеде азаматтың өзінің қатысуымен қаралуы мүмкін.
2. Көрсетілген санаттағы істерді қарау кезінде арыз беруші сот шығындарын төлеуден босатылады. Сот арыз берген адамның азаматтың әрекет қабілетін көрінеу негізсіз шектеу немесе одан айыру мақсаттарында теріс пиғылды әрекет жасағанын анықтап, одан істі қарауға байланысты барлық сот шығындарын өндіріп алады.
327-бап. Арыз бойынша соттың шешімі
1. Егер азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тануға, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды өзінің жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы негіздердің болмау фактісін анықтаса, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
2. Азаматтың әрекетке қабілетін шектеу туралы, сондай-ақ он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз еңбекақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше иелік ету құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
3. Азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қорғаншы тағайындауы үшін негіз болып табылады.
4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз азаматқа қорғаншы немесе қамқоршы тағайындалғаны туралы он күн мерзімде сотқа хабарлауға міндетті.
5. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған азамат осы Кодексте көзделген тәртіппен сот шешіміне шағым жасауға құқылы.
328-бап. Азаматты әрекетке қабілетті деп тану
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-бабының екінші тармағында, 27-бабының екінші тармағында көзделген жағдайларда сот азаматтың өзінің, оның отбасы мүшесінің, жақын туысының, қамқоршының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, психиатриялық диспансердің арызы бойынша азаматтың әрекет қабілетін шектеудің күшін жою туралы, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның өз жалақысына, стипендиясына немесе өзге де табыстарына өз бетінше билік ету құқығын шектеудің күшін жою немесе одан айырудың күшін жою туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қамқоршылық күшін жояды.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабының үшінші тармағында көзделген жағдайларда сот қорғаншының, психиатриялық емдеу мекемесінің, отбасы мүшесінің, жақын туысының, прокурордың, психиатриялық (психоневрологиялық) мекеменің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысы негізінде сауыққан немесе денсаулығы едәуір жақсарған адамды әрекетке қабілетті деп тану туралы шешім шығарады. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қорғаншылық күшін жояды.
36-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ТОЛЫҒЫМЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТТІ (ЭМАНСИПАЦИЯ) ДЕП ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
329-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз беру
1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22-1-бабында көзделген жағдайда он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала өзін толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызбен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жүгіне алады.
2. Кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот ата-аналарының (ата-анасының біреуінің), баланы асырап алушылардың немесе қамқоршысының кәмелетке толмағанды әрекетке толығымен қабілетті деп жариялауға келісімі болмаған кезде қабылдайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 330-бап жаңа редакцияда
330-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды қарау
Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды сот арыз берушінің, ата-анасының (ата-анасының біреуінің), бала асырап алушылардың (бала асырап алушының), қамқоршының, сондай-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуымен қарайды.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындау туралы мәселені шешеді.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
331-бап. Кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот кәмелетке толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы арызды мәні бойынша қарап, арыз берушіні қанағаттандыратын немесе қанағаттандырудан бас тартатын шешім қабылдайды.
2. Арыз қанағаттандырылған кезде он алты жасқа толған, кәмелетке толмаған бала эмансипация туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап толығымен әрекетке қабілетті (эмансипацияланған) деп жарияланады.
37-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕ РЕЖИМДЕ ҰСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
332-бап. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру
1. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган не ішкі істер органы, ал ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына ішкі істер органы баланың тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа береді.
2. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызда мән-жайлар жазылуға және арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғы туралы және кәмелетке толмағанның оны көрсетілген білім беру ұйымында ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін ауруының жоқ екендігі туралы куәландыратын құжаттар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаулысы ұсынылуға тиіс.
333-бап. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қарау
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сотқа кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілдері, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның өкілдері, сондай-ақ соттың қалауы бойынша өзге де адамдар шақырылады.
Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған адамның мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындайды.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
2. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды қарауға прокурордың қатысуы міндетті болып табылады.
3. Арыз беруші кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы істі қарауға байланысты сот шығындарын төлеуден босатылады.
334-бап. Кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру туралы арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, онда арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім кәмелетке толмаған адамды арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру үшін негіз болып табылады.
3. Кәмелетке толмаған адамның арнаулы білім беру ұйымында немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімі шешім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 38-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-тарау. ПСИХИКАҒА БЕЛСЕНДІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫ ТҰТЫНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ПСИХИКАЛЫҚ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ БҰЗЫЛУШЫЛЫҒЫ (АУРУЫ) БАР АДАМДЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМНЫҢ СТАЦИОНАРЫНА МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 335-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
335-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызудың негізділігі және оны емдеу туралы шешім қабылдаған, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының уәжді қорытындысы қоса беріледі.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 336-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
336-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру мерзімі
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына орналастырылған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды сот шешім шығарғанға дейін психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға тек «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында ғана жол беріледі.
Сот шешімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жатқызудың әрбір жағдайы бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына орналастырылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
2. Іс қозғай отырып, судья бір мезгілде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарында болуын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 337-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
337-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам емдеуге жатқызылған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша адамның психикалық жай-күйі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, осы адамның өзін мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына өзінің қатысуына құқығы бар.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл - адвокатты тағайындайды.
Ресми өкіл - адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азамат өкілдерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің және басқа да мүдделі адамдардың қатысуымен қаралады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 338-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
338-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына заңда белгіленген мерзімге емдеу және одан әрі ұстау үшін мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 339-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін алты айдан астамға ұзарту туралы арызды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға психиатр-дәрігерлер комиссиясы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарған мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытынды қоса беріледі.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 340-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
340-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 39-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-тарау. ПСИХИКАҒА БЕЛСЕНДІ ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАРДЫ ТҰТЫНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХИКАЛЫҚ, МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҚ БҰЗЫЛУШЫЛЫҒЫ (АУРУЫ) БАР АДАМДЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМНЫҢ СТАЦИОНАРЫНА МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымының өкілі осы адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық қорытындылары болған кезде ғана науқастың жұбайының (зайыбының), туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша береді.
Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселені шешу жағдайында арызды осындай арыз берілген кезде аталған адамның орналасқан жеріндегі ішкі істер органдары береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының оны психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану және оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді қорытындысы қоса беріледі.
342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберілетін, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілдерінің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның туыстарының, жұбайының (зайыбының), қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу туралы іс қозғалған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкелдіреді.
343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды заңда белгіленген мерзімге психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
1. Заңда көзделген жағдайларда, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімі осы ұйымның орналасқан жері бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым әкімшілігінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкін.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.
345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.
40-тарау. ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫН ЖӘНЕ ЕМДЕЛУДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮРГЕН АЗАМАТТЫ МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
346-бап. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматты мәжбүрлеп емдеу туралы арыз беру