2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты:
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 61-бабына және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;
3) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім берушілік, қаржылық және өзге де ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен ынтымақтасады;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
6) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) ақпарат жинауды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асырады;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) тәуекелмен инвестициялаудың инвестициялық қорларын, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологиялар трансфертіне деген сұранысты дамытуға жәрдем көрсетеді;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын талдауды жүзеге асырады;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы елішілік құндылықты дамытуға жәрдем көрсетеді;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
12) уәкілетті органға техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына ұсыныстар береді;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында инновациялық гранттар беруге сараптамалық қорытынды береді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуын ынталандыру және инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.
12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы
«Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және ақпараттандырудың сервистік моделін ендіруге қатысады;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын әзірлейді және оны дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлейді, іске асырылуын қолдап отырады және дамытады, сондай-ақ осыған қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
6) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде операторға және әлеуетті өнім берушілерге (мердігерлерге) мемлекеттік органдардың мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырумен байланысты тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктері туралы хабарлайды;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті құруды және дамытуды ұйымдастырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың «электрондық үкiмет» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасына сәйкестігіне және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құру және дамыту кезінде стандарттық шешімдерді пайдалану мүмкіндігінің бар-жоғына ақпараттандыру саласында сараптама жүргізеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асыру, іске асырылуын қолдап отыру, мониторингтеу және дамыту қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның архитектурасын басқару жөніндегі процестердің дайындық деңгейін бағалауды мемлекеттік органдарда жүргізіп отырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды және электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізуге қолдау көрсетіп отырады;
13) сыныптауышты қалыптастырады және жүргізеді;
14) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін сақтауды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) уәкілетті органға ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есептемесіне сараптамалық қорытынды береді;
19) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогын қалыптастырады және жүргізеді;
20) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды
20-1) «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерінде қамтылатын толық емес және өзекті емес мәліметтерді анықтау бөлігінде олардың интеграциялануына талдауды жүзеге асырады және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
21) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастырады;
22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды
23) мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың ашық деректерін қалыптастыру бойынша талдау жүргізеді.
13-бап. Оператор
Оператор:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріне жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қолдап отыру және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғаларды тартуға құқығы бар;
4) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;
5) операторға бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
6) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
7) ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді;
8) әлеуетті өнім берушілердің сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеуі және тестілеуі үшін «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының сұрау салуы бойынша ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды өтеусіз негізде береді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) «интеграциялау кезінде «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкімет» шлюзіне және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзіне қосуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жергілікті (Интернетке шыға алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қосуды жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін байланыс қызметтерін көрсетеді. Байланыс қызметтерін көрсету үшін көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылар) ретінде өзге де тұлғаларды тартуға құқығы бар;
11) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) мемлекеттік органдар және электрондық нысанда қызметтер көрсететін өзге де субъектілер берген электрондық ақпараттық ресурстармен «электрондық үкімет» веб-порталын ақпараттық толықтырып отыруды жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін дамыту кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық көмек көрсетеді;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін және Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді жүзеге асырады.
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
1. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің функцияларына мыналар жатады:
1) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
2) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету;
3) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;
4) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
6) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;
7) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;
8) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;
9) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау.
3. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өз бюджеті бар, ол мыналардан қалыптасады:
1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер);
3) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне енгізетін алымдар мен төлемдер;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында айқындалған өз функцияларын орындауға арналған, осы баптың 12-тармағында айқындалған «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыру, инвестициялық қорлар құру немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысу, сондай-ақ «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркін дамыту жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма алуға құқылы.
5. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қызметін, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті пайдаланады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тізбесіне өздері қосқан заңды тұлғалар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылады.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға қойылатын талаптар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларымен белгіленеді.
«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің тіркелген жерінде болуға тиіс.
7. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып кіру визасын алады.
8. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың жұмыскерлері немесе «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасыларының мүшелері (жұбайы (зайыбы) және олардың жасы он сегізге толмаған балалары) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады.
9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің өтінішхаты бойынша ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шықпай жүзеге асырылуы мүмкін.
10. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі мен оған қатысушыларда әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттар болуы және олар құжаттарды сақтауға міндетті, ал тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ол құжаттарды «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне немесе оған қатысушыларға ұсынуға міндетті.
11. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі өзі және оған қатысушылар тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, мерзімділігі мен олардың ұсынылу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісе отырып, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады және инвестициялық қорлар құрады немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды
13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті
Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті:
1) ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) ұлттық жасанды интеллект платформасын қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
3) ұлттық жасанды интеллект платформасының негізінде жасанды интеллект саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
4) ашық көздерден алынатын деректерді, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынған деректерді жинау, сақтау, өңдеу және тарату;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
1. Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттандыру саласында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) - 5) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкімет» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асырады;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізеді;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісуді жүзеге асырады;
9) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесінің және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізеді;
11) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) жоғарғы деңгейдегі қазақстандық домендік аттарға қызмет көрсететін домендік аттар серверлерінің істен шығуға төзімділігін мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-1) 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттандыру объектілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді анықтау, талдау және болғызбау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының міндеттерін және функцияларын іске асырады;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды
16) Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады.