57-1) Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
58) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылауды жүзеге асыру;
58-1) жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын ықтимал бұзуы тұрғысынан атқарушылық іс жүргізуге «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі» цифрлық жүйе арқылы мониторинг жүргізу;
59) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;
60) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және цифрлық дерекқорларға қосу туралы шарттар жасасу;
61) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
61-1) Бірыңғай электрондық сауда алаңы операторының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
61-2) оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-3) борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
62) сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
63) жеке сот орындаушылары көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі туралы есеп пен жиынтық есеп нысанын әзірлеу және бекіту;
64) жеке сот орындаушыларының мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетуі туралы келісім нысанын әзірлеу және бекіту;
65) алименттер мен жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәжбүрлеу шараларын қабылдауға байланысты жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу қағидаларын және мөлшерін бекіту;
66) жеке сот орындаушысының қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
67) тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттарын белгілеу;
67-2) жеке сот орындаушысын лицензиясынан айыру тәртібін белгілеу;
68) жеке сот орындаушыларының куәлігі мен жеке мөрінің үлгілерін әзірлеу және бекіту;
69) жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
70) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту;
71) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
71-1) жеке сот орындаушысын уақытша алмастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
71-2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жеке сот орындаушыларының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
72) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және бекіту;
73) ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 513 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74) тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің қағидаларын бекіту;
75) ата-ана алатын және алименттер ұсталатын жалақы және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту;
76) жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
77) жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
78) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өз қызметі туралы ақпарат беру нысаны мен мерзімдерін бекіту;
79) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу тәртібін айқындау;
79-3) өндіріп алынған ақшаны өзге сот орындаушыларындағы атқарушылық іс жүргізулер бойынша бөлу, сондай-ақ олардың қызметіне ақы төлеу үшін ақшаны бөлу тәртібін әзірлеу және бекіту;
80) мемлекеттік сот орындаушыларының нысанды киімінің (погонсыз), жетоны мен эмблемасының үлгілерін бекіту;
81) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
82) атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту;
83) Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қағидаларын белгілеу;
84) халықаралық, шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдерін орындау саласында шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
85) заңнамада белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу;
86) зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру;
87) зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарға қатысу;
88) топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
89) Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде селекциялық жетiстiктерді тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттердің күшін жою және қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
90) өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту;
91) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
92) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
93) селекциялық жетiстiкке айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
94) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
95) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
96) Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың, тауарлар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
97) селекциялық жетістіктерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды, тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді және тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
98) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
99) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
100) селекциялық жетiстiктерге арналған өтінімдерге алдын ала сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
101) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылған жерлердің атауларына, топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
102) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу бойынша қызметті ұйымдастыру;
103) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
104) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған (оларға) өзгерістер енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
105) патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия, апелляциялық кеңес, апелляциялық комиссия, тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережелерді әзірлеу және бекіту;
106) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру;
107) апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
108) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық нұсқамаларын, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауын пайдалануды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
109) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылауды жүзеге асыру;
110) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру;
111) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
112) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
113) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға, тауарлар шығарылғын жерлердің атауына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдерге сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерді жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстап тұру жөнiндегi шараларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асыру;
114) туындыны авторлық сыйақысын төлеп, автордың келісімінсіз жеке мақсатта көшірмелеу үшін сыйақы мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу қағидаларын бекіту;
114-1) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту;
114-2) мәдениет, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау салаларындағы мүдделі уәкілетті органдармен келісу бойынша орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін бекіту;
114-3) туындыларды пайдаланудың кейбір түрлері үшін авторлық сыйақының ең төмен мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
114-4) орындаушылар мен фонограмма жасаушыларға ең төмен сыйақы мөлшерлемелерін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
114-5) аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
114-6) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформаны басқару және оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсыну қағидаларын бекіту;
114-7) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға енгізу қағидалары мен нысанын бекіту;
114-8) тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын бекіту;
114-9) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау қағидаларын бекіту;
114-10) көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
115) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қызметіне әдістемелік басшылық жасау;
116) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жылжымайтын мүлкіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
117) аумақтық әдiлет органдарының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарының орындалуын бақылау;
118) ҚР Үкіметінің 2023.29.06. № 513 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
119) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
120) ҚР Үкіметінің 2026.10.04. № 254 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
121) тармақша 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
121) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
122) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;
123) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, күшін жою және азаматтық хал актілерін қалпына келтіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
124) акт жазбаларының, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің және анықтамалардың электрондық нысандағы және қағаз жеткізгіштегі нысандарын бекіту;
125) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын белгілеу;
126) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
127) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
128) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жіберу;
129) коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу бойынша тіркеуші орган іске асыратын қызметтердің монополияға қарсы органмен келісу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның шешімімен белгіленетін бағаларын келісу;
130) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғысының мазмұнын айқындау;
131) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалдарды (өкiлдiктерді) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамалар нысанын белгiлеу;
132) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдіктерді) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын белгілеу;
133) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын белгілеу;
134) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын белгілеу;
135) ішкі істер органымен бірлесіп сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту;
135-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
136) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және жүргізуді орталықтандырылған жүзеге асыру және тіркеуші органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге олар жүгінген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдарға олардың сұрау салуы бойынша ақпарат беру;
137) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу;
138) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
139) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
140) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
141) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;
141-1) арнайы құқық субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;
141-2) арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысқан қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісу бойынша бекіту;
142) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
142-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне автоматтандырылған қол қоюды қолдануды қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық және проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз ету;
143) өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;
144) ҚР Үкіметінің 2026.31.01. № 61 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
145) жылжымайтын объектілерді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
145-1) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын әзірлеу және бекіту;
145-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;
146) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
147) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін айқындау;
148) құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтер нысанын, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын айқындау;
149) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтардың ауыртпалықтарын) цифрлық тіркеу тәртібін айқындау;
150) Қазақстан Республикасында құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындау;
151) аумақтық әділет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша қызметіне басшылық жасауды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
152) мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметіне басшылық ету, жеке нотариаттың дамуына жәрдем көрсету, мемлекеттік нотариустар мен аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері аппараттарының лауазымды адамдары жасайтын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және іс қағаздарын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылау;
152-1) жеке практикамен айналысатын нотариустардың және аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін нотариат туралы заңнамада белгіленген талаптардың сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау;
153) өз құзыреті шегінде нотариат қызметін реттеуді жүзеге асыру;
154) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйені пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
155) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе тізілімдерін жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
156) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын әзірлеу және бекіту;
157) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
158) нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттердi жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
158-1) жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін әзірлеу және бекіту;
159) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
160) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзірлеу және бекіту;
161) ҚР Үкіметінің 2026.10.04. № 254 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
162) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды және байқау түрінде аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
163) тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекiту;
164) нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені келісу;
165) нотариустардың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережені келісу;
166) нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
167) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және куәландырылатын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын әзірлеу және бекіту;
168) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлеу;
169) аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесе отырып берген ұсынымдарының негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту;
170) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;