«5-3) қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
5-4) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;
5-5) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5-6) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;
5-7) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;
5-8) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;»;
6) 7-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Басым шартты тұтынушылар осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6, 6-1, 6-2 және 8-тармақтарында көзделген міндеттерді атқарады.
Басым шартты тұтынушылар жыл сайын қаржы-есеп айырысу орталығымен үлгілік нысанға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға шарттар жасасуға міндетті.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және олар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне берген электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық бағалар бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен сатып алуға және шартты тұтынушылар үшін белгіленген ақы төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей оның ақысын төлеуге;»;
4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын он бес жыл мерзімге жасасады.»;
«8. Басым шартты тұтынушы құрамына кіретін энергия өндіруші ұйымдарды қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдарда өзінің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болуға міндетті. Коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінде деректерді өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.»;
7) 8-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1-бап. Тіркелген тариф және аукциондық баға»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бекітілген тіркелген тарифтер және аукциондық бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын индекстеледі.»;
8) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 8-1-бабының 2-тармағында көзделген индекстеу ескеріле отырып, өзі мен қаржы-есеп айырысу орталығы арасында сатып алу-сату шартын жасасқан күні қолданыста болатын тіркелген тариф бойынша не аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған аукциондық баға бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарды басым шартты тұтынушыға бөлмейді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Басым шартты тұтынушы пайдалануға берген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіріп шығарған электр энергиясының жылдық көлемінің (немесе электр энергиясын күнтізбелік бір жылдан кем өндіріп шығарған кезде ең аз кезеңдегі көлемінің) шартты тұтынушы желіге жіберу көлеміне арақатынасы төменде санамаланған екі көрсеткіштің әрқайсысынан:
1) электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіріп шығаратын электр энергиясы көлемі үлесінің нақты көрсеткішінен;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштен төмен болған жағдайда, қаржы-есеп айырысу орталығы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясын қайта есептейді және оның тиісті үлесін басым шартты тұтынушыға қайта бөледі.»;
9) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер»;
10) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алуға тіркелген тарифтерді қолдану тәртібін реттейтін нормалары аукциондық бағаны қолдану туралы ережелер қолданысқа енгізілгенге дейін қаржы-есеп айырысу орталығы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасаған шарттарға қатысты ғана қолданылады.»;
11) 12-баптағы «жарияланғанынан» деген сөз «жарияланған күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
129-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы Заңның 91-1-бабы 3 және 4-тармақтарының қолданылуы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар, № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 119-1, 119-2, 120 және 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 119-2-баппен толықтырылсын:
«119-2-бап. Электр желілерін өтеусіз беру
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған электр желілерін жергілікті атқарушы органдар электр желілеріне бұлар тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға өтеусіз береді.».
10. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 29-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; 2015 ж., № 19-II, 102-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат):
24-1-баптың 3-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Активтерді бәсекелес ортаға беру екі кезеңдік ашық конкурс, тікелей атаулы сату, электрондық конкурс, аукцион тәсілдерімен, қор биржасында, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады және:»;
1) тармақшадағы «жүзеге асырылады» деген сөздер «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылып, 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өзге де активтер бойынша - осы баптың 1-тармағында көзделген, Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.».
11. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-ІІ, 131-құжат):
1-баптың 2-тармағында:
10) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айқындау үшін қолданысының алғашқы жеті жылына уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар 2015 жылы салған инвестициялардың жиынтық көлемі (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) пайдаланылады.»;
15) тармақшаның он алтыншы абзацындағы «3-тармағына» деген сөздер «3-1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заңның 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 6-тармағы 2) тармақшасының он төртінші абзацын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 11-і.
№ 89-VI