Тұрғын емес үйді (ғимаратты) беретін, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға салған тұрғын емес үйдің (ғимараттың) мүлкі жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес жарғылық капиталға салым ретінде енгізілген осындай мүліктің бағасы (құны) мен осындай тұрғын емес үйді (ғимаратты) салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын тұрғын үйден (ғимараттан) реконструкцияланған тұрғын емес үй (ғимарат) жарғылық капиталға салым ретінде берілген жағдайда, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен оны тұрғын үй (ғимарат) ретінде сатып алу құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
9. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлік жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде мыналар құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады:
1) сатып алу бағасы (құны) болған жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құны негізге алына отырып айқындалған мүлік бағасы (құны) мен сатып алу құны арасындағы оң айырма. Бұл ретте жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздар жарғылық капиталға салым ретінде берілген кезде сатып алу құны опционды орындау бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салым құнының мөлшерінде айқындалған мүлік бағасы (құны).
10. Сенім білдірілген өкіл иеліктен шығару құқығымен механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені басқаруға арналған сенімхат негізінде алынған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген, жарғылық капиталға салым ретінде берген жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін мүліктік кірісті айқындау үшін көлік құралының (тіркеменің) меншік иесіне көлік құралының (тіркеменің) өткізілген, жарғылық капиталға салым ретінде берілген құнын және олардың өткізілген, жарғылық капиталға салым ретінде берілген күнін хабарлайды немесе көлік құралы (тіркеме) меншік иесінің атынан жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру және жеке табыс салығын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындайды, бұл көлік құралы (тіркеме) меншік иесінің салық міндеттемесін орындау болып табылады.
334-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық қорлар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар, егер осындай негізгі құралдар дара кәсіпкер бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған салықтық кезеңдерде тіркелген активтер болып табылса және актив тіркелген актив болып табылса;
7) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер, егер дара кәсіпкер бұрын бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырса және актив тіркелген актив болып табылса, жатады.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген кезде өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында, осы Кодекстің 264-бабының 1) - 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген, осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге актив өткізілген кезде шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы активке меншік құқығы туындаған күнге мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құн болып табылады.
Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай активтер өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Өзге активтің бастапқы құны мынадай жағдайларда:
1) өзге активтің меншік құқығы туындаған күнге айқындалатын нарықтық құны болмаған кезде;
2) нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша нөлге тең болады.
335-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
1. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
2. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен жеке тұлға бұрын осындай құқықты сатып алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын сатып алынған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
336-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
Жеке практикамен айналысатын адамның кірісіне мыналар жатады:
1) жекеше нотариустың кірісі;
2) жеке сот орындаушысының кірісі;
3) адвокаттың кірісі;
4) кәсіпқой медиатордың кірісі.
Заңгерлік көмек көрсеткені, нотариаттық әрекеттерді жасағаны үшін тиісінше ақы төлеуді қоса алғанда, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіпқой медиатор қызметін жүзеге асырудан алған кірістердің барлық түрі, сондай-ақ қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жеке практикамен айналысатын адамдардың кірісі болып табылады.
337-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген режимді қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 356 абзац жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы Кодекстің 20-бөлімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірісі осы бапқа сәйкес айқындалады.
338-бап. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер
Осы Кодекстің 321-бабының 1) - 16) тармақшаларында көрсетілмеген, салық төлеуші салық агенті болып табылмайтын тұлғадан есепті салықтық кезең ішінде алған (алуға жататын) және төленген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер болып табылмайтын кірістердің барлық түрі Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін басқа да кірістер деп танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 359 - 367 абзацтар жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
339-бап. Бақыланатын шетелдік компания бойынша жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі рет салық салынбауға тиіс.
Қосарланған салық салу мынадай ережелерді қолдану арқылы жойылады:
1) осы Кодекстің 340-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босату;
2) осы Кодекстің 297-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келген кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын түзету;
3) осы Кодекстің 340-бабының 3-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын азайту;
4) осы Кодекстің 359-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу есебіне жатқызу.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 368 - 370 абзацтар алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
340-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу
1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы баптың және осы Кодекстің 297-бабының ережелері ескеріле отырып есептелген жиынтық пайдасы резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне кіреді және оған Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынады.
Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің мұндай жиынтық пайдасы жеке табыс салығы бойынша декларацияға енгізуге жатады.
2. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резидент жанама қатысқан немесе жанама бақылау жасаған кезде;
2) бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын шетелдік компанияға резидент жанама қатысқан немесе жанама бақылау жасаған кезде;
3) егер бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте пайда салығы 10 және одан көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынса;
4) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына сол арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе жанама бақылау жасайтын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте салық 10 және одан көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салынса;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 379 абзац жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің пассив кірістерінің үлесі 20 пайыздан аз болса;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 380 абзацпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6) «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті бақыланатын шетелдік компанияны тікелей және (немесе) жанама иеленген және (немесе) бақылаған кезде Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.
Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін резидент-жеке тұлғаның осы Кодекстің 296-бабының 2-тармағында көрсетілген растайтын құжаттары болуға тиіс.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 381 - 413 абзацтар жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Резидент-жеке тұлға бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(1)/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(1) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті ескеретін болса, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметінен түскен, Қазақстан Республикасында 20 және одан көп пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, филиалдың салық салынатын кірісі шегіндегі салық салынатын кірісі;
ЖКС - кірістердің жиынтық сомасы;
2) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(2)/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(2) - егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осы тармақшада көрсетілген кіріс есепке алына отырып айқындалған болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтерді көрсетуден (жұмыстарды орындаудан) түскен, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кіріс;
ЖКС - кірістердің жиынтық сомасы;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынуға жатпайтын дивидендтер;
4) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бір бақыланатын шетелдік компания басқа бақыланатын шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осы тармақтың 3), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салынуға жатады) және (немесе) азайтылған осындай дивидендтерді қамтуға тиіс;
5) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осы тармақтың 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына немесе осы тармақшаның бірінші бөлігіне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасында басқа осындай бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан жеке табыс салығы салынған (ағымдағы кезеңде салынуға жатады) және (немесе) азайтылған осындай дивидендтерді қамтуға тиіс;
6) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту
сомасы:
А = ҚП × (К(6)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(6) - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
7) мынадай формула бойынша айқындалатын азайту сомасы:
А = ҚП × (К(7)/КЖС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К(7) - егер бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы осындай кірісті қамтитын болса, бір бақыланатын шетелдік компания осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 7) немесе 8) тармақшасының шарттарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасы резидентінің құрылтайшысы болып табылатын басқа бақыланатын шетелдік компанияға өткізуден алған құн өсімінен түсетін кіріс;
КЖС - кірістердің жиынтық сомасы;
8) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай кірістерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпайтын сыйақылар түріндегі және (немесе) құн өсімінен түсетін және (немесе) роялти түріндегі кірістер;
9) егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда осындай дивидендтерді қамтитын болса, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған дивидендтердің сомасы;
10) шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік компания шетелдік компаниядан алған дивидендтердің сомасы.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 314 - 416 абзацтармен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Бұл ретте бір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салуға жатпаған дивидендтерді қамтуға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігін қолдану үшін резидент-жеке тұлғада осы Кодекстің 297-бабының 10-тармағында көрсетілген растайтын құжаттар болуға тиіс.
4. Резидент-жеке тұлға осы Кодекстің 298-бабында айқындалған тәртіппен бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш ұсынуға міндетті.
Ескертпе.
Осы бапта пайдаланылатын ұғымдар осы Кодекстің 294-бабында айқындалады.
3-параграф. Кірісті түзету
341-бап. Кірісті түзету
1. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мынадай кіріс түрлерi алып тасталады (бұдан әрі - кірісті түзету):
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
2) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген банктердегі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы өздерінің салымдары (депозиттері) бойынша төленетiн сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар;
5) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер;
6) агенттiк облигацияларды өткiзу кезінде құн өсiмiнен түсетін кірістер;
7) бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар есепке жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған осындай дивидендтер мен сыйақылар;
8) бiр мезгiлде мынадай шарттар орындалған кездегі дивидендтер:
дивидендтерді есепке жазу күніне салық төлеуші дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленеді;
дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнында дивидендтерді төлеу күніне 50 пайыздан аз болады.
Осы тармақшаның ережелерi резидент-заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төлуге жататын таза кіріс немесе оның бір бөлігі;
резидент-заңды тұлға құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза кіріс немесе оның бір бөлігі;
резидент-заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы резидент-заңды тұлғаға қатысу үлесiн немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде және осындай эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн кіріс түрiнде алынған дивидендтерге қолданылады.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға активтерінің құнындағы үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
Осы тармақшаның мақсатында жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Егер дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға есептелген корпоративтік табыс салығын қызмет бойынша, оның ішінде осындай азайту көзделген инвестициялық келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша 100 пайызға азайтуды жүргізсе, онда осы тармақшаның ережелері мынадай тәртіппен қолданылады:
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайызды құраса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату қолданылмайды;
егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін резидент-заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 пайыздан аз болса, онда осы тармақшада көзделген, осындай заңды тұлға төлейтін дивидендтерді босату дивидендтердің бүкіл сомасына қолданылады;
9) әскери қызмет міндеттерін орындауына байланысты әскери қызметшінің, қызметтік міндеттерін орындауына байланысты арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерінің, құқық қорғау органдары қызметкерінің (кеден органдарының қызметкерін қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерінің кірістері;
10) әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киімді киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;
11) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай ұтыстарды есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері шегiнде бір лотерея бойынша ұтыс;
12) республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және мұндай төлем күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 12 еселенген мөлшерінде бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер;
13) «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлемдер.
Осы тармақшаның ережелері жеке тұлға мыналарды ұсынған кезде қолданылады:
«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте кірісті түзетуді қолдану үшін өтініш;
растайтын құжаттардың көшірмелері;