634) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеу және келісу;
635) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүзеге асыру;
636) таңбалануға және қадағалануға жататын тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды таңбалауды енгізудің және қадағаланудың орындылығын талдай отырып, тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы үйлестіруші мемлекеттік органмен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
637) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
638) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлар айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;
639) өз құзыреті шегінде таңбалануға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымының мониторингін жүзеге асыру;
640) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептеу;
641) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылдау;
642) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, одан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялауды қамтамасыз ету;
643) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының құрамына қатысу;
644) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
645) бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін және олардың орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарының мақсаттарымен өзара байланысын, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша тиімділігін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұнын бағалау, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеудің жаңа практикаларын (халық қатысатын бюджет) пайдалануды бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;
646) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімін жүргізу;
646-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұлғалардың қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалары бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
647) әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімін интернет-ресурста орналастыру;
647-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұлғалар жіберген қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар, осындай хабарламаларды жіберу шарттары туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;
648) мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор болып таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындау;
649) Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңдарына сәйкес кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп, сондай-ақ қаржы басқарушысын тағайындау;
650) Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңдарына сәйкес кредиторлар талаптарының тізілімін интернет-ресурста орналастыру;
651) табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған, олар үшін осындай тәртіп «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұйымдар банкрот болған кезде мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
652) оңалтуды басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарау;
653) жоқ борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну;
654) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақы төлеу, сондай-ақ кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу туралы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысына сыйақы төлеу туралы өтінішхат беру;
655) борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
656) әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін қолда бар деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау;
656-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредитордың арызы бойынша борышкердің әдейі банкроттығын анықтау тұрғысынан тексеру жүргізу;
657) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау бойынша шаралар қабылдау;
658) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
658-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
659) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
660) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келісу;
661) Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңдарына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша, банкроттықты және қаржы басқарушылардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
662) Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкерлер туралы ақпарат сұрауды жүзеге асыру және алу;
663) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат ұсыну;
663-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы басқарушысына борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпарат ұсыну;
664) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда, уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
665) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
666) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
667) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;
банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту туралы іс бойынша өндірістік іс қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізілімін;
банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;
667-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста:
оларға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
оларға қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;
төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқалы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша өндірістік іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
667-2) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталында:
оларға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;
оларға қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін;
соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы хабарландыруды;
соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және борышкерді банкрот деп тану туралы хабарландыруды орналастыру;
668) кредиторлар жиналысына әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды не банкроттықты басқарушыны алып тастау туралы ақпарат жіберу;
668-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес борышкерге және кредиторға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен қаржы басқарушысының алып тасталғаны және осындай тізілімнен хабарлама алып тасталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа қаржы басқарушысының тағайындалғаны туралы ақпарат жіберу;
669) оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету;
669-1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу;
669-2) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтату туралы сотқа өтінішхат жіберу;
669-3) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімі кезінде, сондай-ақ борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл ішінде борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;
669-4) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкроттың мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің нәтижелерін жіберу;
670) меншікке мемлекеттік мониторинг жүргізудің жоспары мен бағдарламасын бекіту;
671) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
672) республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруды тиісті саланың уәкілетті органына келісу;
673) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат беру;
674) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылауды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыру және республикалық мүлікке қатысты артық, пайдаланылмайтын не мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мүлікті алып қою;
675) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен республикалық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдау;
676) сыйға тарту шарты бойынша мемлекет құқықтар алған мүлікті есепке алуды ол туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу арқылы жүргізу;
677) «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуын және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асыру;
678) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгіленген мәселелер тізбесі бойынша мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдер жобаларын келісу;
679) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарына мониторингті жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
680) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде жасалған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
681) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келісу;
682) республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;
683) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
684) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға өзін-өзі реттеу туралы заңнамаға сәйкес бағалау қызметі саласындағы реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
685) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқығын жүзеге асыру, оның ішінде республикалық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде беру актілерін, сондай-ақ бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын бекіту;
686) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
687) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақтауды қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
688) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
689) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланылмайтын не нысананы пайдаланылмайтын мүлкін бақылау жүзеге асырылған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
690) кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған, таратылған республикалық заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу;
691) шаруашылық жүргізу құқығында қызметін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелерді келісу;
692) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруды немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуді келісу;
693) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
694) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке өндіріп алу;
695) республикалық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
696) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның және тиісті орталық атқарушы органдардың осы материалдық құндылықтарды объект жекешелендірілгенге дейін одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін оларды сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларға хабарлау;
697) алушы мемлекеттік органдармен және Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша номенклатура басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде өзгертілген кезде жаңартылуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды беру бойынша шешім қабылдау;
698) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;
699) егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын болып табылса, сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің, жекешелендірілетін кәсіпорын жасасқан шарттардың сомасы туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
700) республикалық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдал тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
701) сатып алу-сату шартын орындауға байланысты, оның ішінде өзінің қолданысын тоқтатқан бақылауды жүзеге асыру кезінде сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды жұмысқа тарту;
702) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болу;
703) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
704) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқығын жүзеге асыру;
705) республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органына беру;
706) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуін және олардың төленуін, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуін бақылауды жүзеге асыру;
707) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, жарғылық капиталға қатысу үлестерін енгізу арқылы акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды енгізуді жүзеге асыру;
708) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты талдауды жүзеге асыру;
709) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
710) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
711) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
712) анық және объективті талдау үшін қажетті меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша сұрау салуды және ақпарат алуды жүзеге асыру;
713) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджет қаржысын бөлу көлемін негіздеу;
714) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі нысанасына жататын ақпаратты жинауға және талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тарту;
715) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен сұратуды жүзеге асыру және алу;
716) мониторинг жүргізу тапсырылған адамдарды және танысу үшін берілуге тиіс ақпарат тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар ету;
717) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғалардың мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен танысу;
718) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;
719) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілеріне жүйелі тексеру жүргізуді ұйымдастыру;
720) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
721) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындау, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде - директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының бекітуіне ұсыну;