2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
17-тармақтың 17) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.»;
18) 24-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының залалдың тиісті өтемін залал келтіруге кінәлі тұлғадан алуы;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті және барлық құжатты алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді бас тарту себептерін уәжді түрде негіздей отырып, жазбаша нысанда жіберуге міндетті.»;
19) 5-тарау мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):
талаптарын көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
18. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;»;
2) 4-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын көлік құралының иесі жасасқан кезде көлік құралын пайдалану;»;
18-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай көлік құралын пайдалануға жол бермеу
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалмаған жағдайда, көлік құралын пайдалануға жол берілмейді.
2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді көлік құралдары иелерінің орындауын тексеруге міндетті.»;
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алғанға дейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға міндетті.
2. Бәсекелестікті шектеуге немесе болғызбауға, бір сақтандырушылардың екінші сақтандырушыларға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша негізсіз артықшылықтарды беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.
3. Көлік құралдарының иелері басқа мемлекеттердің сақтандырушыларымен көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарттарын, оның ішінде электрондық нысанда жасасуға құқылы, бұл жағдайда осы сақтандыру көлік құралдарының иелерін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде ғана сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз етеді.»;
5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлік оқиғасы және оның салдары туралы ақпарат қолында бар ішкі істер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандыру омбудсманына және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;
18-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 10-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының өтініші негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
7) 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стандартты шарт пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігіне жасалады.»;
8) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кешенді шарт барлық пайдаланылатын көлік құралдарына жасалады.»;
18-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 3-тарау мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) сақтанушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;
4) сақтанушыға (сақтандырылушы, пайда алушыға):
мәліметтерді өзгерту, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтініштерді, хабарламаларды және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.
5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
10) 14-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «тоқтатылған;» деген сөз «тоқтатылған жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезде сақтандырушы бір жұмыс күні ішінде сақтанушыға және дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Бұл ретте көлік құралының (егер ол жойылмаса) иесі өзінің таңдауы бойынша міндетті сақтандырудың осы сыныбын (түрін) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.»;
11) 15-бапта:
3-тармақтың бірінші абзацындағы «сақтанушының» деген сөз «сақтандырушының» деген сөзбен, «қайтарып алуға құқығы бар» деген сөздер «ұстап қалуға құқығы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «сақтанушының» деген сөз «сақтандырушының» деген сөзбен, «қайтарып алуға құқығы бар» деген сөздер «ұстап қалуға құқығы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 16-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
18-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
5-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
13) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1), 2), 5-1) және 6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) caқтанушыны (сақтандырылушыны) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;»;
«5-1) жәбірленушінің немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлғаның жазбаша өтінішін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуы туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі, нөмірі және жасалған күні) жазбаша ұсынуға;»;
«6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;»;
мынадай мазмұндағы 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
7-3) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;»;
14) 18-баптың 1-тармағында:
4-1), 4-2), 5-1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілуіне кінәлі тұлғаның сақтандырушысына осы Заңның 17-бабының 5-1) тармақшасында көзделген тәртіппен осы тұлғаның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар екендігі туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі, нөмірі және жасалған күні) растау туралы жазбаша өтініш жасауға;
4-2) сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілуіне кінәлі тұлғаның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар не жоқ екендігі туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірі, нөмірі және жасалған күні) ұсыну туралы жазбаша өтініш жасауға;»;
«5-1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы не сақтандырушы, оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
15) 19-баптың 11-тармағының үшінші бөлігіндегі «деректер базасын қалыптастырып, жүргізуді жүзеге асыратын» деген сөздер «дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін азайту
1. Көлік құралдарының иелері - Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шарт жасасқан кезде осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақыларын төлейді.
Егер көлік құралын осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар санатына жатпайтын басқа иелер де пайдаланатын болса, онда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мұндай жеңілдік берілмей жүзеге асырылады.
2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасалған жағдайда, сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушыға осы Заңның 19-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының он пайызынан аспайтын мөлшерде шегеріс берілуі мүмкін.
Бұл ретте көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында бір мезгілде сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы мен шегеріс (болған кезде) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетілуге тиіс.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай өзге тәсілдермен, оның ішінде сақтандыру агенттері арқылы жасасу кезінде шегерістер беруге жол берілмейді.»;
18-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.»;
18) 22-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандырушы пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін айқындауға байланысты меншікті шығыстарды ұстап қалуға құқылы емес.»;
19) 24-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға алып келсе:
қаза табуға - 2 000;
мүгедектіктің:
І тобы белгіленсе - 1 600;
ІІ тобы белгіленсе - 1 200;
ІІІ тобы белгіленсе - 500;
мүгедек балаға - 1 000;
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де зақымдануына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспауға;»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтанушының (сақтандырылушының) залалдарды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажетті болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жұмсалса, егер тиісті шаралар тіпті сәтсіз болса да сақтандырушының өтеуіне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы көлік құралы иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген жауапкершіліктің шекті көлемінен аспауға тиіс. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушы нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз, толық мөлшерде өтеледі.
Көрсетілген шығыстарды сақтандырушы тікелей шеккен тұлғаға өтейді.
5. Келтірілген зиянды толығымен өтеу үшін жауапкершіліктің шекті көлемі жетпеген кезде сақтанушы жәбірленушіге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтейді.»;
20) 25-бапта:
18-тармақтың 12) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға, пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажетіне қарай), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар қоса беріле отырып, не банктік шотқа аудару арқылы алу тәртібін көрсете отырып жазбаша нысанда ұсынады.
Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушының орналасқан жері бойынша сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын ұсынудан босатпайды.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын;
18-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы екі данада жасауға міндетті.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы өтінішін электрондық тәсілмен жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.
Өтініш беруші сақтандырушыға өзі келіп өтініш жасаған кезде анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгі қойылған екінші данасы сақтандырушыда қалады.»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде, сақтандыру төлемін ішкі істер органдары берген оқиғаның схемасы бар жол жүрісі қағидаларының бұзылғаны туралы хаттама негізінде жүзеге асыруға құқылы.»;
21) 26-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқығы бар тұлға келтірілген зиянның өтемін алу үшін, кінәсінан сақтандыру жағдайы болған адамның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болған кезде, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға өтініш жасауға құқылы.»;
22) 5-тарау мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):
талаптарын көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.