15) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн;
16) жүргізуші куәліктерін, тракторшы-машинист куәліктерін, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін;
17) iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан қабылдау бөлiмшелерiнде отыз күннен аспайтын мерзімде сақтауда тұрған автомобильге мемлекеттiк тiркеу нөмiрі белгілерін қоспағанда, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгілерін (телнұсқаларын) бергені үшін;
18) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның осы Кодекстiң 614-бабында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн;
19) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін;
20) теңізшінің жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын және кәсіби диплом бергені үшін;
21) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсаттар бергені үшін алынады.
2. Егер осы Кодекстің 610-бабында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк баж мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) еселенген мөлшерiнде немесе талап қою сомасының пайызымен айқындалады.
610-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
1. Сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлеме алынады:
1) егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мүліктік сипаттағы талап қою арыздарынан:
жеке тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 1 пайызы;
заңды тұлғалар үшiн - талап қою сомасының 3 пайызы;
2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан - 0,3 АЕК;
3) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан - 5 АЕК;
Бірінші абзацтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 45-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
4) тексеру актiлерi бойынша хабарламаларға және (немесе) деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаларға дау айту туралы арыздардан:
дара кәсiпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн - хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 0,1 пайызы, бірақ 500 АЕК-тен аспайтын мөлшер;
заңды тұлғалар үшiн - хабарламада көрсетiлген салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетiн төлемдердің (өсiмпұлды қоса алғанда) даулы сомасының 1 пайызы, бірақ 20 мың АЕК-тен аспайтын мөлшер;
5) некенi бұзу туралы талап қою арыздарынан - 0,3 АЕК.
Неке бұзылған кезде мүлiк бөлінген жағдайларда баж осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес талап қою бағасынан айқындалады;
6) белгiленген тәртіппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап қою арыздарынан - осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
7) тұрғынжайды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi тыйым салудан босату туралы талап қою арыздарынан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап қою арыздарынан - 0,5 АЕК;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 13) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, ерекше талап қою ісін жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу істері бойынша арыздардан (шағымдардан) - 0,5 АЕК;
9) төрелік шешiмдерінiң күшін жою туралы өтінішхаттардан - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап қою арызы берілген кезде алынатын және арыз беруші даулап отырған соманы негізге ала отырып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің - 50 пайызы;
10) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттiк баж мөлшерлемелерінің 50 пайызы;
11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің және шетелдік соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парақтарын беру туралы арыздардан - 5 АЕК;
12) сот шешiмдерiнің, үкiмдерiнің, ұйғарымдарының, соттардың өзге де қаулыларының көшiрмелерiн (телнұсқаларын), сондай-ақ iске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалардың өтiнiмi бойынша соттар беретін істің басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан - әрбiр құжат үшiн 0,1 АЕК, сондай-ақ әрбiр дайындалған бет үшiн 0,03 АЕК;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) заңды тұлғаларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы арыздардан - 0,5 АЕК;
14) абыройды, қадір-қасиетті және іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиянды ақшалай мәнде өтеуді өндіріп алу туралы жеке тұлғалардың талап қою арыздарынан - талап қою сомасының 1 пайызы;
15) іскерлік беделді түсіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалдарды өндіріп алу туралы заңды тұлғалардың талап қою арыздарынан - талап қою сомасының 3 пайызы.
2. Төрелік шешімдерінің күшін жою және төреліктің және шетелдік соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға атқару парақтарын беру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға, мүліктік емес және мүліктік сипаттағы даулар бойынша соттардың шешімдеріне және қаулыларына сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхаттардан мемлекеттік баж осындай даулар бойынша талап қою арызы (арыз) берілген кезде осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік баждың тиісті мөлшерлемесінің 50 пайызы мөлшерінде алынады.
3. Бір мезгілде мүлiктiк сипаттағы және мүлiктiк емес сипаттағы талаптарды қамтитын талап қою арыздары үшiн мүлiктiк сипаттағы талап қою арыздары үшін және мүлiктiк емес сипаттағы талап қою арыздары үшін белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
611-бап. Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Нотариаттық әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) қалалық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса - 10 АЕК;
құны 30 АЕК-ке дейiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 1 АЕК;
басқа адамдарға - 3 АЕК;
құны 30 АЕК-тен жоғары:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 5 АЕК;
басқа адамдарға - 7 АЕК;
егер мәмiле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынған қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алу мақсатында жасалатын болса - 2 АЕК;
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса - 1 АЕК;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 0,5 АЕК;
басқа адамдарға - 0,7 АЕК;
3) автомотокөлiк құралдарын иелiктен шығару шарттарын куәландырғаны үшiн:
егер тараптардың бiрi заңды тұлға болып табылса - 7 АЕК;
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 2 АЕК;
басқа адамдарға - 5 АЕК;
4) жалдау, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiкті бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн - 5 АЕК;
5) ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын куәландырғаны үшiн - 2 АЕК;
6) өсиетхаттарды куәландырғаны үшiн - 1 АЕК;
7) мұрагерлiкке құқық туралы куәлiктер бергені үшiн - әрбір берiлген куәлiк үшін 1 АЕК;
8) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiндегi үлеске және бiрлескен ортақ меншiк құқығында мүлкi бар өзге адамдардың меншiк құқығы туралы куәлiктер бергені үшiн - 1 АЕК;
9) мүлiктi пайдалану және оған билік ету құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 0,5 АЕК;
10) автокөлiк құралдарын сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 1 АЕК;
11) автокөлiк құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 2 АЕК;
12) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн:
жеке тұлғалар үшін - 0,1 АЕК;
заңды тұлғалар үшін - 0,5 АЕК;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырғаны үшін - 0,5 АЕК;
13) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн - 1 АЕК;
14) теңiздiк наразылығын жасағаны үшiн - 0,5 АЕК;
15) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнің дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғалар үшін - 0,05 АЕК;
заңды тұлғалар үшін - 0,1 АЕК;
16) құжаттардағы қойылған қолдың төлнұсқалығын, сондай-ақ құжаттардың бiр тiлден екінші тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін - 0,03 АЕК;
заңды тұлғалар үшін - 0,1 АЕК;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бергенi үшiн - 0,2 АЕК;
18) құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бергенi үшiн - 0,2 АЕК;
19) телнұсқа бергенi үшiн - 1 АЕК;
20) екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдардың төлнұсқалығын куәландырғаны үшiн (әрбір құжат үшiн):
жеке тұлғалар үшін - 0,1 АЕК;
заңды тұлғалар үшін - 0,5 АЕК;
21) жылжымайтын мүлiк кепiлі шарттарын, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәлiктердi куәландырғаны үшiн - 2 АЕК; өзге де кепiл шарттарын куәландырғаны үшiн - 7 АЕК;
22) вексель наразылығын жасағаны үшiн және чектiң төленбегенiн куәландырғаны үшiн - 0,5 АЕК;
23) атқарушылық жазба жасағаны үшін - 0,5 АЕК;
24) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтағаны үшiн - әрбір айға 0,1 АЕК;
25) кепiлгерлiк пен кепiлдiк шарттарын куәландырғаны үшiн - 0,5 АЕК;
26) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да нотариаттық әрекеттердi жасағаны үшiн - 0,2 АЕК.
612-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер, сондай-ақ азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерде алынады:
1) неке қиюды тiркегенi үшiн - 1 АЕК;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) неке бұзуды тiркегенi үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша - 2 АЕК;
белгіленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп немесе жүйке ауруы немесе ақыл-есiнің кемдiгi салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмi негiзiнде - 0,1 АЕК;
3) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгертуді тiркегенi үшiн - 2 АЕК;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) азаматтық хал актiлерiнің жазбаларын, әке болуды анықтауға және бала асырап алуға байланысты өзгерістер, толықтырулар енгізуді қоспағанда, өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi бергенi үшiн - 1 АЕК;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) шетел азаматтарының бала асырап алуы кезінде тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізгені үшін немесе дербес деректерінің өзгеруіне байланысты тууды мемлекеттік тіркегені үшін - 2 АЕК;
7) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар бергені үшін - 0,3 АЕК;
8) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 0,5 АЕК;
9) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап еткені үшін - 1 АЕК.
613-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа визалар бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге - 0,5 АЕК;
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 7 АЕК;
көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 30 АЕК;
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін - 1 АЕК;
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін - әрбір шақырылушы үшін 0,5 АЕК;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 1 АЕК.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 614-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
614-бап. Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның заңдық мәні бар әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп танығаны үшiн -
1 АЕК;
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн -
15 АЕК;
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретінде тiркегені үшiн -
1 АЕК.
615-бап. Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері
Өзге де әрекеттер жасағаны үшiн мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:
1) аңшы куәлігін (аңшы куәлiгiнің телнұсқасын) бергенi (қайта ресімдегені) үшін - 2 АЕК;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мыналарды:
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды бергені үшін - 2 АЕК;
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды бергені үшін - 2 АЕК;
жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін - 2 АЕК;
жабайы жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) бергені үшін - 2 АЕК;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) мыналарды:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін бергенi үшiн - 8 АЕК;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігiн, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты бергенi үшiн - 0,2 АЕК;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мыналарға:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтік қарудың және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды бергені үшін - 2 АЕК;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды бергені үшін - 2 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 1 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 1 АЕК;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 2 АЕК;
азаматтық, қызметтік қаруды және оның патрондарын иеленуге рұқсат бергені үшін - 3 АЕК;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат бергені үшін - 3 АЕК;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат бергенi үшiн - 0,1 АЕК;
5) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтiк қаруының (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, үрлемелі энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi 4,5 мм-ді қоса алғанға дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 0,1 АЕК;
6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 0,1 АЕК;
7) Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қойғаны үшiн - әрбір құжат үшін 0,5 АЕК;
8) мыналарды:
жүргiзушi куәлiгiн бергенi үшiн - 1,25 АЕК;
көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті бергенi үшiн - 1,25 АЕК;
егер осы тармақшада өзгеше белгіленбесе, автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 2,8 АЕК;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 2 бірлікте бергені үшін - 2,8 АЕК;
автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын 1 бірлікте бергені үшін - 1,4 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 57 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергені үшін - 114 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 137 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900,
999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 194 АЕК;
автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 228 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей, цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 285 АЕК;
автомобильге әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiлерін бергенi үшiн - 57 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн бергенi үшiн - 1,4 АЕК;
мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiнің телнұсқасын бергенi үшiн - 1,4 АЕК;
көлiк құралын айдап әкелуге арналған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсiн (транзиттiк) бергенi үшiн - 0,35 АЕК.
Бұл ретте мемлекеттік органның қарамағындағы автомобильге мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бергені үшін мемлекеттік баж мөлшері 2,8 АЕК-ті құрайды;
9) мыналарды:
тракторшы-машинист куәлiгiн бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, олардың тiркемелеріне (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн бергенi үшiн - 1 АЕК;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн (арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда), өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт бергенi үшiн - 0,5 АЕК;
10) жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін - 0,25 АЕК;
11) мыналарды:
теңізшінің жеке куәлігін бергені үшін - 5 АЕК;
Қазақстан Республикасының теңізде жүзу кітапшасын бергені үшін - 3,5 АЕК;
кәсіби дипломды бергені үшін - 2 АЕК.
616-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату
Соттарда мыналар мемлекеттік баж төлеуден босатылады:
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу туралы талап қою және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
2) талапкер авторлар, орындаушылар және олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар - авторлық құқықтан және аралас құқықтардан туындайтын талап қою бойынша;
3) талапкерлер - өнеркәсіптік меншік объектілерінің авторлары - өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге құқықтан туындайтын талап қою бойынша;
4) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
5) талапкерлер - мертiгуден немесе денсаулығын өзге де зақымдаудан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша;
6) талапкерлер - қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талап қою бойынша;
7) iске қатысы жоқ тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар берілгенi үшiн;
8) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзу арқылы мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу есебіне мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;
9) арыз берушілер - азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарының, азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің республикалық референдумға қатысу құқықтарының бұзылуы туралы арыздар бойынша;
10) бiлiктi еңбек жұмыскерлерін және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жұмысшы кадрларды даярлауды қамтамасыз ететiн кәсiптiк мектептер мен кәсiптiк лицейлер - оқу орындарын өз бетінше тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға мемлекет шеккен шығыстарды өндiрiп алу туралы талап қою бойынша;