513) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
514) ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып ұсыну;
515) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырады;
516) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы тұрақты негізде хабардар етуді қамтамасыз ету;
517) Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарларды әкетуге жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру;
518) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру жүйелерін, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын құру;
519) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
520) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын кедендік бақылауды жүзеге асыру;
521) мемлекеттік кірістер органының және (немесе) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
522) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;
523) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;
524) өз құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын күзетуді және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы мен өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
525) тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру;
526) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;
527) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды сыныптаудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
528) тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдау және түсіндірмелер беру, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдердің жариялануын қамтамасыз ету;
529) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелу болжанып отырған жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарларды сыныптау туралы шешім қабылдау;
530) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату берілетін құжаттарды қарау;
531) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуін бақылауды жүзеге асыру;
532) автомобиль, теңізде өткізу пункттерінде және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында көліктік бақылау жүргізу;
533) тауарлар мен көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
534) кедендік операцияларды жасау және кедендік бақылауды, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде жүргізу;
535) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарын өндіріп алу, оларды есептеудің дұрыстығын және уақтылы төлеуді, есепке жатқызуды (қайтаруды) бақылау және оларды мәжбүрлеп өндіріп алу жөнінде шаралар қолдану;
536) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
537) тұлғалардың тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуі кезінде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдету үшін жағдайлар жасау;
538) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
539) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
540) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
541) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша интернет-алаң арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және электрондық нысанда қызметтер көрсететін шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат пен мәліметтерді төлем ұйымдарының ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
542) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызылған жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операциялар бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысаны мен мерзімін әзірлеу және бекіту;
543) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жатқызу өлшемшарттары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысандары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
544) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
545) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
546) кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
547) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
548) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асыру;
549) кеден органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
550) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
551) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау;
552) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
553) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
554) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
555) тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
556) мүдделі тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беру;
557) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, жолданымдарды уақтылы, объективті және жан-жақты қарауды және жауап беруді немесе тиісті іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз ету;
558) Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
559) өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру;
560) салықтық бақылауды жүзеге асыру;
561) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
562) есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
563) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;
564) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
565) бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) арқылы бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
566) салықтық әкімшілендірудің бизнес-процестерін жаңғыртуды және реинжинирингті жүзеге асыру;
567) салық берешегiн, кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
568) кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын өндіріп алудың толықтығын және бюджетке аударудың уақтылығын қамтамасыз ету;
569) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгеруін бақылауды жүзеге асыру;
570) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексі) және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен халықаралық шарттардың ережелерін қолдану;
571) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
572) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім жасасуға өтінішін қарау;
573) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап қоюды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттерге және міндеттерге сәйкес өзге де талап қоюды беру;
574) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;
575) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
576) салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) салық төлеушінің және салық агентінің шағымдарын қарау;
577) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
578) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыру;
579) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
580) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы, темекi бұйымдарын өндiру жөніндегі қызметті лицензиялау;
581) алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын өткізу кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
582) Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін қандай да бір түрге жатқызу;
583) темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымы көлемдерінің теңгерімдерін бақылауды, есепке алуды және талдауды жүргізу;
584) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ сапасын мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
585) мұнай өнімдері мен биоотын айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
586) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
587) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға салыстырып тексеру үшін мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпарат беру;
588) мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды жүргізуді жүзеге асыру;
589) мұнай өнімдерінің айналымын камералдық бақылауды жүзеге асыру;
590) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
591) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;
592) биоотын айналымын камералдық бақылауды жүзеге асыру;
593) этил спиртi, алкоголь өнiмдерi, темекi бұйымдары өндiрісіне және олардың айналымына, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
594) өз құзыреті шегінде және трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша ақпарат пен түсіндірмелер беру;
595) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексерулер жүргізу;
596) акцизделетіндерін қоспағанда, ізгілік көмек ретінде тауарларды әкелу қағидаларын әзірлеу;
597) электрондық шот-фактуралар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып берілетін тауарлар тізбесін интернет-ресурста орналастыру;
598) қосылған құн салығының асып кету сомасының және тәуекел дәрежесі өлшемшарттарының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын әзірлеу;
599) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш нысанын әзірлеу және бекіту;
600) салық агенті болып табылатын бейрезидент туралы мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы мүлікті және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезінде мәмілеге қатысушылар мен параметрлері туралы мәліметтер нысанын әзірлеу және бекіту;
601) мыналардың:
бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстардың;
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша пайдаланудың;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдаланудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтаудың;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамасын тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде сақтаудың сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
602) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Республикасының Заңында және камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асыру;
603) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлыққа кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
604) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
605) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізу;
606) аудиторлық қорытындыдағы деректердің және міндетті түрде орындау үшін жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асыру;
607) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті жүзеге асыру;
608) мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
609) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;
609-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау;
610) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындысының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау;
611) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
612) мемлекеттік аудит объектілеріне «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен қажетті материалдарды ұсыну туралы талап жолдау;
613) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, тиісті аудиторлық дәлелдері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру;
614) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастыру, сондай-ақ олар бекітілгенге дейін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбелері туралы ақпарат алмасуды келісілген мерзімдерде жүзеге асыру;
615) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек беруді қамтамасыз ету;
жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есептік ақпаратына талдау жүргізу;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекел объектілері бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жіберу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстар енгізу;
616) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасымен келісу бойынша құқықтық актілерді қабылдау;
617) мемлекеттік аудиттің және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды қарау;
618) сотқа:
бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында;
міндеттемелері тиісінше түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қоюды беру;
619) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында, бағалау қызметі саласында бағалаушылар палаталарының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды, бағалаушылар палатасының жарғысын және ол қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
620) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес функцияларды жүзеге асыру;
621) аудиторлық ұйымдардың «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының олардың аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану;
622) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
623) «аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді кәсіби ұйымдарға жіберу және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
624) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелерге жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тарту;
625) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында және кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;