Осы тармақшада көрсетілген ақпарат жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның талап етуі бойынша, белгілі бір шығыстарға шегерімдерді растау мақсатында толтырылады;
5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақытын;
6) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын (өлшем бірлігі үшін);
7) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауын;
8) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемін (олардың өлшем бірліктерімен);
9) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құнын;
10) арнаулы мобильді қосымшаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-кодты қамтиды.
4. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, олардың мобильді қосымшасын пайдаланған кезде электрондық алаңдардың операторына арнаулы мобильді қосымшаның чектерін қалыптастыруға уәкілеттік беруге құқылы.
Осы бапта электрондық алаң операторы деп Интернетте орналастырылған, электрондық форматта делдалдық қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған ақпараттық жүйелердің операторы түсініледі.
5. Уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, электрондық алаң операторларының арнаулы мобильді қосымшаға операциялар бойынша мәліметтерді беру мақсаттары үшін салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.
6. Арнаулы мобильді қосымшаның чегін салық төлеуші қолма-қол ақшамен және (немесе) қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйені (құрылғыны) пайдаланып есеп айырысу кезінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (клиентке), алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына беруге тиіс.
Қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысулардың өзге нысандары кезінде арнаулы мобильді қосымшаның чегі есеп айырысулар жүргізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қалыптастырылуға және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға (клиентке), алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына берілуге тиіс.
7. Арнаулы мобильді қосымша арнаулы мобильді қосымшаның чектері және өзге де көздерден алынған кірістер туралы басқа да мәліметтер негізінде кірістер тізілімін қалыптастырады.
8. Арнаулы мобильді қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау үшін пайдалана алады.
686-2-бап. Қолдану тәртібі
1. Осы Кодекстің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек:
1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын;
3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотография саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды;
өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді);
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін;
өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын;
4) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
2. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі.
3. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады.
686-3-бап. Арнаулы мобильді қосымшада жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібі және оларды төлеу
1. Жеке табыс салығының сомасын есептеу салық салу объектісіне 1 пайыз мөлшеріндегі мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Әлеуметтік төлемдерді есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
3. Жеке табыс салығының және әлеуметтік төлемдердің сомасын есептеу арнаулы мобильді қосымша арқылы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.»;
1-тармақтың 37) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
37) 696-1-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлерінің тек біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырса, қолдануға құқылы.»;
3-тармақтағы «3 пайыз» деген сөздер «6 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін:
заңды тұлға - осы Кодекстің 225 - 240-баптарына сәйкес;
дара кәсіпкер - осы Кодекстің 226 - 240-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 225-бабында белгіленген корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салықтық кезең үшін жиынтық түрде айқындайтын, Қазақстан Республикасында және оның шегінен тысқары жерде алған (алынуға жататын) кіріс салық салу объектісі болып табылады.».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) 30-2-баптың екінші абзацы «10)» деген цифрлардан кейін «, 10-1)» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 33-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтары 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақшада:
мынадай мазмұндағы қырқыншы, бес жүз он бесінші және алты жүз жиырма бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«10-1) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитетінің шешімімен ауруды пандемия деп тану салдарынан шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуіне байланысты зертханалық зерттеп-қарауға, жеке-дара қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге, медициналық қарап-тексерулер жүргізуге, профилактикалық екпелерге, медициналық байқауға, емдеуге, оқшаулауға, емдеуге жатқызуға бағытталған, жұмыс берушінің жұмыскерлер пайдасына шығыстары (жұмыскерлер шығыстарының орнын толтыруды қоса алғанда);»;
«Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;»;
«Осы баптың ережелері осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларға қолданылмайды;»;
2-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
жеті жүз алпыс сегізінші абзацтағы «немесе оңайлатылған декларация негізінде» деген сөздер «, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегіз жүз он екінші абзацтағы «немесе оңайлатылған декларация негізінде» деген сөздер «, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 57-7-баптың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында:
«жыл» деген сөз «және 2020 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2020» деген цифрлар «2021» деген цифрлармен ауыстырылсын.
2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының редакциясында жазылған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 351-бабы 3-тармағының ережесіне қарамастан, салық агенті төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей жүргізеді деп белгіленсін.
Осы баптың ережелері 2021 жылғы 1 шілдеге бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.
3-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 487-бабы 1-тармағының ережелеріне қарамастан, төлеуші төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын әлеуметтік салықты төлеуді 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей жүргізеді деп белгіленсін.
Осы баптың ережелері 2021 жылғы 1 шілдеге бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады.
4-бап. Осы Заң:
1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасын;
2) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 14) және 22) тармақшаларын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші - жетінші абзацтарын;
3) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтарын, 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17), 23), 24), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35) және 36) тармақшаларын, 2-тармағы 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
4) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 1-тармағының 37) тармақшасын;
5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 18), 19) және 20) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 маусым
№ 53-VII