Уәкілетті органның ұйғаруы бойынша комиссия құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін.
9. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.
Сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингінің деректері негізінде комиссия жиынтық өтінімді өзгерту туралы уәжді шешім қабылдауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде бұл жөнінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органын хабардар етуге құқылы.
Бұл жағдайда жиынтық өтінімді сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі тиісті комиссия күнтізбелік бес күн ішінде түзетеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органға жібереді.
Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы түзетілген жиынтық өтінімді осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органға жібермесе, онда өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен осындай жиынтық өтінімде көрсетілген барлық алушылар үшін сұйытылған мұнай газын беру көлемдерін пропорционалды түрде өзгерту жүргізіледі.
10. Уәкілетті орган өнім беру жоспарын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, оның меншік иелеріне жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
11. Өнім беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:
3-тармақтың 12) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
1) газ желісі ұйымдары;
3-тармақтың 12) тармақшасының жиырма бірінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен өткізуге жататын көлемдерде - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің бағаларын мемлекеттік реттеу белгіленген газ желісі ұйымдары;
3) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.
3-тармақтың 12) тармақшасының жиырма төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. Электрондық сауда алаңдарында сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысу құқығына ие субъектілер санаттары, сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылар ай сайын электрондық сауда алаңында сатып алуға құқылы болатын сұйытылған мұнай газы партияларының ең төмен және ең жоғары мөлшерлері электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленеді.
13. Сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсаттары үшін өнім беру жоспары шеңберінде оны сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған сұйытылған мұнай газын осы Заңның талаптарына сәйкес тек қана Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті.
14. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.»;
13) 29-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., №9, 51-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №8, 45-құжат; №9, 46-құжат; №11, 57-құжат; №16, 79-құжат; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-II, 144, 145-құжаттар; №22-V, 156, 158-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №1, 2, 4-құжаттар; №6, 45-құжат; №7-I, 50-құжат; №7-II, 53-құжат; №8-I, 62-құжат; №8-II, 68-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 7-құжат; №9, 21, 22-құжаттар; №11, 29-құжат; №12, 34-құжат; №23-III, 111-құжат; №23-V, 113-құжат; №4, 115-құжат; 2018 ж., №10, 32-құжат):
2-қосымшаның 33-жолы алып тасталсын.
2-бап.
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 9) тармақшасының жиырма төртінші абзацын, 11) тармақшасының он жетінші абзацын және 12) тармақшасының жетінші, сегізінші және жиырма төртінші абзацтарын;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 3), 4) және 5) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 3) тармақшасының он екінші абзацын, 7) тармақшасын, 12) тармақшасының алтыншы және жиырма бірінші абзацтарын және 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 11) тармақшасының оныншы және он алтыншы абзацтары, 12) тармақшасының бесінші және жиырмасыншы абзацтары 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы шілденің 4-і.
№ 173-VI