2) 5-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.»;
3) 8-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тиімділік өлшемшарттары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу кезеңінде аудит объектісімен талқыланады.»;
4) 10-баптың 1-1-тармағы «Елбасы Кеңсесінде,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 14-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелерге жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады;»;
6) 15-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына осы ішкі аудит қызметі кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;»;
10) тармақша «органға» деген сөзден кейін «тоқсан сайын» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 18-баптың 5-тармағының 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша;»;
«4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі.»;
8) 19-баптың 1, 3, 4, 5 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес, ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, оларды таниды.»;
«3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, егер Есеп комитеті мен ревизиялық комиссиялар жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
4. Ревизиялық комиссия, егер Есеп комитеті жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
5. Ревизиялық комиссия, егер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Есеп комитеті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.»;
«7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бірыңғай дерекқорына тиісті ақпаратты енгізе отырып, мемлекеттік аудитті жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органын және мемлекеттік аудит объектісін басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау фактісі туралы хабардар етеді.»;
9) 24-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлар және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттарға тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты тексеру және (немесе) талдау жүргізу арқылы сапаны бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
5-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қызметінің барлық кезеңі, мемлекеттік аудиторлардың бүкіл қызметі сапаны бақылауға жатады.»;
10) 26-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі сараптамалық-талдау іс-шараларын, сондай-ақ бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауларды жүргізу түрінде жүзеге асырылады.»;
«3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған ревизиялық комиссиялар аумақтарында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Есеп комитеті, ревизиялық комиссиялар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекеттің (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың, Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау,сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеу нысанында сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізеді. Сараптамалық-талдау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Есеп комитеті бекіткен, сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалады.
Есеп комитеті, ревизиялық комиссиялар мемлекеттік аудит объектісін сараптамалық-талдау іс-шарасының жүргізілетіні туралы хабардар етеді және шешімі ұсынымдық сипатта болатын оның нәтижелерін мемлекеттік аудит объектісімен талқылайды.
Бұл тәртіп бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауларға қолданылмайды.»;
11) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Камералдық бақылауды және шағымдарды аппеляциялық ретке келтіруді жүзеге асырған кезде камералдық бақылаудың сапасына бақылау және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың шағымдарын қарау сапасына бақылау жүргізіледі.»;
12) 36-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «келтіруге» деген сөз «келтірмеуге» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 37-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың 14) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 53-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Тексерілетін органдардың сұрау салуы бойынша, кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды.»;
5-тармақтың 15) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 54-баптың 3-тармағындағы «Осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 58-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ішкі аудит қызметінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;»;
17) 11-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-тарау. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі»;
18) 58-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды (бұдан әрі - қарсылық), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды (бұдан әрі - шағым) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайды.»;
19) 58-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«58-2-бап. Қарсылықты, шағымды беру тәртібі мен мерзімдері»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қарсылық, шағым ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында және апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде беріледі.»;
2-тармақ «қарсылықты», «қарсылықтар» деген сөздерден кейін тиісінше «, шағымды», «, шағымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ:
«Қарсылықтың», «қарсылықтар» деген сөздерден кейін тиісінше «, шағымдардың», «, шағымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «қағидаларында айқындалады.» деген сөздер «қағидаларында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.»;
20) 58-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
1. Апелляциялық комиссия беру тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 58-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарсылықты, шағымды қараудан бас тартады.
2. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қараудан бас тартқан жағдайда, қарсылық, шағым келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісін, әлеуетті өнім берушіні, арыз берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.»;
21) 58-4-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері»;
мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Шағымды апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
6. Қарсылық, шағым мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін келіп түскен жағдайда, оны жасау мерзімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасың Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қарсылық, шағым камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау туралы шешімді мемлекеттік аудит объектісінің қабылдауы сатысында келіп түскен жағдайда, оны орындау мерзімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
7. Қарсылық, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте апелляциялық комиссияның шешімін орындау сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.»;
22) 58-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«58-5-бап. Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресімдейді.».
2-бап.
1. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 6) тармақшасының қырық бесінші абзацын және 11) тармақшасын, 5-тармағы 9) тармақшасының үшінші абзацын, 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Кәсіби аудиторлық ұйым (кәсіби аудиторлық ұйымдар) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес құрады.
3. Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес тіркелген күннен бастап бір ай ішінде сапаны бақылау жөніндегі комитет пен Біліктілік комиссиясын құрады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 3 шілде
№ 358-VІ