3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке куәлікте, туу туралы куәлікте, паспортта және өзге де паспорттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінде;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Осы Қағидалардың 22-тармағының 1) тармақшасында және 26-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген веб-сайттарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін орналастыру кезінде мемлекеттік рәміздері бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Осы Қағидалардың 26-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөрлер мен құжаттардың бланкілерінде, ресми басылымдарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бейнелері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
29. Осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. Осы Қағидалардың 26-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
31. Осы Қағидалардың 26-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орнатылатын шекара бағаналарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі «Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1528 қаулысына сәйкес орналастырылады.
32. Конституциялық заңда белгіленген жағдайлардан басқа, мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пайдалануға тыйым салынады.
33. Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарына пайдалануы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылды
34-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Қазақстан Республикасын Мемлекеттік Гимнінің мәтіні міндетті түрде орналастырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 34-2-тармақпен толықтырылды
34-2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 35-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35. Мемлекеттік рәміздер бейнелері бар стенділер (плакаттар) салтанатты іс-шаралар өтетін көпшілік назарына қолжетімді жерлерде орнатылуы тиіс.
36. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелерін стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде мемлекеттік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.
37. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелері бар стенділер (плакаттар) әсем безендірілуі және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс.