мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобына қатысушылар орналасқан елдің заңнамасы олардың және сақтандыру тобының осы Заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтіндігіне байланысты сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру холдингтеріне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды сақтамауы;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарына талдау жасау;»;
11) тармақшадағы «заңнамасында» деген сөздер «заңнамалық актілерінде» деген сөздермен, «қолданылады.» деген сөз «қолданылады;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) өтініш беруші - заңды тұлға орналасқан елдің қаржы ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнаманың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау талаптарына сәйкессіздігі;
13) Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдары болып табылатын ірі қатысушылар - заңды тұлғалар және сақтандыру холдингтері бойынша - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган мен өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органдары арасында ақпарат алмасуды көздейтін келісімнің болмауы негіз болып табылады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
2-тармақта:
3) тармақша «аяқталған» деген сөздің алдынан «әрбір» деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «өтініш берушінің» деген сөздер «өтініш беруші - заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы не сақтандыру холдингі белгілерін уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз алған кезде уәкілетті орган осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабында көзделген, алты айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өткізу талаптары бөлігінде мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.»;
11) 31 және 32-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге) не әдiлет органдарына хабарланғанға дейiн уәкiлеттi органмен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келiсу тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Құрылтай құжаттарына енгізілген, әділет органдарында қайта тіркеуді талап ететін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін тіркеген әділет органының белгісімен және мөрімен ұсынуға міндетті.
Құрылтай құжаттарына қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әділет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы белгісі қойылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
32-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуы
1. Осы Заңның 48-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге арналған рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
Еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге, сондай-ақ ұйымдардың капиталдарына қомақты қатысуға құқылы емес.
3. Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) иеленуге құқылы емес.
Бұл талап банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдарына қолданылмайды. Бұл ретте аталған тұлғаларға «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары қолданылады.
4. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат алу үшін өтінішке мынадай құжаттарды:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттарын, жарғыны бекіту туралы шешімдерді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі органының еншілес ұйымды құру немесе иелену туралы шешімін;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпаратты;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымын және үлестес тұлғалар туралы мәліметтерді қоса беру қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру холдингі болмаған жағдайда еншілес ұйыммен байланысты ұйымдар туралы:
олардың қызметі осы ұйымдар қауымдастығының меморандумы немесе ережелері шарттарына сәйкес біріктірілген негізде басқарылса;
егер аталған ұйымдардың атқарушы органының, басқару органының (акционерлік қоғамдар үшін), қадағалау кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол бір тұлғалар білдірсе;
5) бизнес-жоспарды ұсына отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпаратты;
6) Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру тобы қатысушыларының орналасқан елдерінің заңнамасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды олардың және сақтандыру тобының орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты еншілес ұйымның орналасқан елінің заңнамасын талдау негізінде сақтандыру тобына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкін болмауын болжайтын жағдайлардың жоқ екені туралы ақпаратты;
7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесі мен сомасы туралы, сондай-ақ олар иеленетін акциялардың саны мен акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) алдын ала төлемінің мөлшері туралы ақпаратты;
8) аудиторлық ұйымның есебін және иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілігін;
9) иеленетін еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткені туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
10) иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеленетін еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе акцияларының саны туралы, еншілес ұйымды иелену шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;
11) мыналарды:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
құрылтайшысы (қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны иелену бағасы туралы мәліметтерді;
акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға акцияларының саны, оларды иелену бағасы, орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді;
заңды тұлғаның (құрылтайшысы, қатысушысы, акционері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын) қатысу үлесінің мөлшері, оның басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы сатып алу бағасы туралы мәліметтерді;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі болып табылатын заңды тұлға иеленген акциялардың саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді қамтитын, жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларды сатып алу арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды иеленген заңды тұлға туралы деректерді қоса беріледі.
Бұл талаптар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін немесе акцияларын иелену арқылы еншілес ұйымды иелену жағдайларына қолданылады;
12) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің болуын растайтын құжаттарды;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және еншілес ұйымның оны құрғаннан немесе иеленгеннен кейінгі болжамды есептік балансын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құрудың, иеленудің қаржылық салдарларын талдауды, сондай-ақ ол бар болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымның активтерін сату жөніндегі немесе еншілес ұйымды басқару бойынша қызметке елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспары мен ұсынысын;
14) олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды иелену болжанатын немесе бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса беріледі.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі әрбір аяқталған соңғы екі қаржы жылының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде шығынсыз қызмет жасау және пруденциялық нормативтерді, оның ішінде уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш беру күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде шоғырландырылған негізде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтау шартымен еншілес ұйымды құруға құқылы.
6. Еншілес ұйымды құруға, иеленуге рұқсат беруден бас тартудың негіздері:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпеу;
2) құрылатын немесе иеленетін еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сай келмеуі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
4) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі кіретін сақтандыру тобының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының болжалды болуының нәтижесінде пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйым қызметінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі жоспарлаған инвестициялардың салдарынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауы болжанатын қаржылық салдарларды талдау;
6) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екендігін растайтын құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің пруденциялық нормативтерді, оның ішінде шоғырландырылған негізде және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) иелену болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты қолданылып жүрген шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) санкциясының болуы;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, банкті, жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе иеленген жағдайда осы Заңда, Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру немесе банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушының, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы болып табылады.
7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашуға міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала рұқсатын алмай тұрып еншілес ұйымды бақылауды иелену құқығын иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтағаннан кейін алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі еншілес ұйымның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) өздерімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап аталған ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - Қазақстан Республикасы резидентінің акцияларына иелік ету (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне жанама түрде иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмай тұрып ұйымның капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды қолданады. Осындай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі өздерінің капиталында қомақты қатысуы бар ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғалары болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды алты ай ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
12. Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6), 7), 10) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріле отырып ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
13. Уәкілетті орган:
1) олардың негізінде рұқсат берілген дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталға қомақты қатысуы бар ұйымдардың органдары шешім қабылдаған не сот қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен аталған ұйымдардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) сақтандыру холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі иелігіндегі ұйым акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелігінен шығарған;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымының, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның қызметі осы Заңның 48-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес болмауы анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарылып алынған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде аталған ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен үлестес тұлғалар болып табылмайтын тұлғаларға иелігінен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
14. Осы баптың талаптары:
1) мынадай шарттардың бірі:
сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
сақтандыру холдингінде, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен, бірақ Қазақстан Республикасына берілген шетел валютасындағы тәуелсіз рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің еншілес немесе тәуелді ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес және тәуелді ұйымдарды құрған немесе иемденген кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге;
2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын және уәкілетті органның «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген тиісті рұқсаты бар сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
14-тармақтың 11) тармақшасының жетпіс үшінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтық меншікті капиталы Қазақстан Республикасының барлық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жиынтықталған меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.»;
12) 33-бапта:
7 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) филиалды, өкілдікті есептік қайта тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы әділет органының белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін табыс етуге міндетті.»;