Шалғай жерде орналасқан соттың судьясы лауазымына конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, Жоғары Сот Кеңесі осы сот судьясының бос лауазымына Жоғарғы Сотпен келісу бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекіткен сыныптау шәкілін негізге ала отырып, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамды ұсына алады.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдар қатарынан жүзеге асырады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3. Облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысы оларды қарағаннан кейін Жоғарғы Сот Төрағасының енгізген ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсынылады.
Шалғай жерде орналасқан соттарда немесе штат саны үш бірліктен аспайтын соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде өзге жағдайлары тең болса, басымдыққа ие болады.
Облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, облыстық соттың судьялары немесе судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар арасынан ұсыным жасалады.
Бұл ретте аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, Жоғарғы Сот судьясының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде тұрған адамдарға басымдық беріледі.
Аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген өлшемшартқа қосымша ұйымдастырушылық қабілеттері де ескеріледі.
Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымына кандидат Жоғарғы Сот судьялары арасынан ұсынылады.
Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымдарға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.
Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидатты сайлау туралы ұсынуды конкурстан тыс тәртіппен енгізуге құқылы.
Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.
Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды, осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына баламалы негізде енгізеді.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 30-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
30-1-бап. Судьяның кәсіби қызметін бағалау
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіби білімінің деңгейін және оны сот төрелігін іске асыру кезінде қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін, судьяның іскерлік пен адамгершілік қасиеттерін және оның осы Конституциялық заңда және Судья әдебі кодексінде қойылатын талаптарға сай келуін бағалау танылады.
Судьяның кәсіби қызметін бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, кәсіби біліктілікті бағалау және оның өсуін ынталандыру, істерді қарау кезінде заңдылықты нығайтуға жауаптылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.
Судьяның кәсіби қызметін бағалау бірінші рет судья лауазымындағы бір жылдық жұмысының нәтижелері бойынша жүргізіледі. Одан кейін судьяның кәсіби қызметін бағалау әр бес жыл сайын жүргізіледі.
Жиырма және одан көп жыл судьялық өтілі бар судьялар кәсіби қызметті мерзімді бағалаудан босатылады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2. Судья жұмысының нәтижелері бір жыл мерзім өткеннен кейін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырысында қаралады және Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғары Сот Кеңесінің бекітуіне енгізіледі.
Судья жұмысының нәтижелері мынадай өлшемшарттардың негізінде қаралады:
1) сот төрелігін іске асыру сапасының көрсеткіштері;
2) судья әдебінің нормалары мен еңбек тәртібін сақтау.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Судьяның кәсіби қызметін бағалауды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жеті мүшеден - облыстық соттардың үш судьясынан, Жоғарғы Соттың үш судьясынан және отставкадағы бір судьядан тұрады.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияны қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.
Судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия әзірлейді және Жоғары Сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітеді.
31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жергілікті және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3. Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
3-1. Облыстық соттардың сот алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша бес жыл мерзімге Сенат сайлайды.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жергілікті және басқа да соттардың төрағаларын Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды.
5-тармақтың екінші бөлігі 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Облыстық соттардың төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары өздері атқаратын лауазымға немесе тең дәрежелі соттардағы ұқсас лауазымға екі реттен артық тағайындала алмайды.
6. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.
Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған кезде осы сот судьялары өздерінің келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстырылған кезде судьялар өздерінің келісімімен басқа тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалуы мүмкін.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақпен толықтырылды; 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары тиісті сот судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін Жоғары Сот Кеңесі қарайды.
32-бап. Судьяның ант беруi
1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:
«Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн».
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.
3. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметіне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант береді.
Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейді.
33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) партиялық тізімдерге енгізу жағдайларын қоспағанда, судья «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген тәртіппен кандидат ретінде тіркелсе;
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) судья Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалса;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2) саяси партияға кіру ниетінің болуына байланысты судья лауазымынан босату туралы өтініш берілсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берiлсе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судьяның өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның немесе Сот жюриінің шешiмi болса;
3-2) 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) басқа жұмысқа ауысса;
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берсе, тоқтатыла тұрады.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президенті;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттігін тоқтата тұру мәселелерін қарайды.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылы
2-1. Судьяның өкілеттігі тоқтатыла тұрған кезде оның тиісті соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымындағы өкілеттігі тоқтатыла тұрады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылы
2-2. Судья лауазымынан өз еркі бойынша босату туралы өтініш берген кезде оның өкілеттігі осы өтініш берілген күннен бастап бір ай өткен соң тоқтатыла тұрады.
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылы (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Судья Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалған кезде оның судья атағы мен судьялар қоғамдастығына жататыны сақтала отырып, өкілеттігі тоқтатыла тұрады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
2006.11.12. № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді; 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 34-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны қызметінен босату және олардың өкiлеттiктерiн тоқтату
1. Төрағаның, сот алқасы төрағасының және судьяның өкiлеттiктерін тоқтату негiздері:
1) судьяның орнынан түсуі;
2) судьяның өз тілегі бойынша лауазымынан босауы;
2024.05.07. № 109-VІІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) саяси партияға кіруі;
3) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы;
4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiнің заңды күшiне енуі;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
7) судьяның қайтыс болуы немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмiнің заңды күшiне енуі;
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) осы Конституциялық заңның 56-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның басқа лауазымға тағайындалуы, сайлануы және оның басқа жұмысқа ауысуы;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, егер судья басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судьяның басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) соттың таратылуы немесе соттың қайта ұйымдастырылуы, тиісті сот судьялары санының азайтылуы, өкілеттік мерзімінің аяқталуы, егер соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасының, сот алқасы төрағасының басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартуы;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
11) кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмi;
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
11-1) судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриінің шешімі;
12) зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуы.
2. Сот төрағасының, сот алқасы төрағасының өкiлеттiктерi оның өз тілегі бойынша, не олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған кезде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы Конституциялық заңда көзделген негіздер туындаған кезде Жоғары Сот Кеңесі Республика соттары төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.
2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда Жоғары Сот Кеңесі уәкілетті органның растайтын құжат қоса берілген хабарының негізінде судьяның өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды.
3. Судья лауазымынан босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасына, судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларына, жергілікті және басқа соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағалары мен судьяларына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2023.27.03. № 215-VІІ ҚР Конституциялы Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Судья лауазымынан босату бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Осы Конституциялық заңның 31-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы лауазымынан оның өз еркі бойынша не өкілеттік мерзiмiнiң аяқталуы бойынша босату оны осы соттың судьясы лауазымынан босатуға әкеп соқпайды.
Тиісті сотта судьяның бос лауазымы болмаған жағдайда төраға немесе сот алқасының төрағасы оның келісуімен осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Судьялардың өкілеттіктерін тоқтатудың осы баптың 1-тармағының 5), 11) және 11-1) тармақшаларында көзделген негіздері теріс уәждер деп танылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 14 шілдедегі № 22-НҚ нормативтік қаулысымен төмендегідей түсіндірмеде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын:
кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деген теріс себеппен өкілеттіктің тоқтатылуы лауазымынан босатылған судья үшін құқықтық салдарға әкеп соғу «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы шеңберінде ғана болуға тиіс; көрсетілген себеппен судья лауазымынан босатылған азамат өзге де салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыра алады.