4-тармақтың 11) тармақшасының қырық сегізінші - елуінші абзацтары 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындыларын өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.
Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша шарттық негізде қызметтер көрсетеді.
4-тармақтың 11) тармақшасының елу бірінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6. Жүйелік оператор электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес ұсынуды жүзеге асырады.»;
4-тармақтың 12) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) 17-бапта:
1-тармақтағы «Электр энергиясын сатып алу-сату, электр энергиясының көтерме сауда нарығында» деген сөздер «Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату,» деген сөздермен, «электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөнінде» деген сөздер «электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының және қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттары, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеу жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары, электр энергиясының және қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттары шарт бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда тиісті қызметтерді көрсетуді тоқтату талаптары мен тәртібін қамтуға тиіс.»;
13) 18-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.»;
4-тармақтың 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
14) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы Заңның 12-1-бабының 3-1-тармағында көзделген тәртіппен келісім жасасу бойынша шаралар қабылдамаған және уәкілетті органмен келісім жасаспаған энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын амортизация мен пайдаға кеткен шығындарды есепке алмай, электр энергиясын өндіруге кеткен шығыннан аспайтын бағамен өткізеді.».
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы - жиырма төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының жетінші және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма алтыншы - отыз сегізінші, қырық екінші, қырық сегізінші - елуінші абзацтарын;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының екінші - алтыншы, он бірінші - он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші, он үшінші, он бесінші және жиырма бірінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - он екінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының тоғызыншы және он төртінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының жиырма бесінші, отыз тоғызыншы - қырық бірінші, қырық үшінші - қырық жетінші, елу бірінші абзацтарын және 12) тармақшасын;
3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 5) және 10) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші абзацын, 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 4) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 8) тармақшасының он үшінші - он сегізінші, жиырмасыншы - жиырма жетінші абзацтары және 14) тармақшасы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 4-тармағы 7) тармақшасының жетінші - он бірінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
4. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бірінші бөлігі), 147-13, 223 - 225, 225-1, 356-баптар);»;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының (127 (бiрiншi бөлiгi), 147-6 (2-2, 2-3-бөлiктерi), 147-13, 219-8 (екінші және үшінші бөліктері), 223 - 225, 225-1 (электр мен жылу желiлерi жолдарының күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 356, 357-1-баптар);».
5. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;».
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацы:
2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7) тармақшадағы «12-бабының 3, 4-тармақтарында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында» деген сөздер «12-бабының 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабының 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын.»
8. Осы Заңның 1-бабының 4-тармағы 4) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4 және 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;»;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3) және 10) тармақшаларында, 4-тармағында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады;».
9. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы жиырма бірінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«үшiншi абзацтағы «екiншi және үшінші» деген сөздер «екiншi» деген сөзбен ауыстырылсын.
2) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасы екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«147-1 (екiншi бөлiгiнде),» деген сөздерден кейін «147-6 (2-1-бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын»;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 13) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«қырық бiрiншi абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (2-1-бөлiгi), 147-12 (бiрiншi және үшiншi бөлiктері (мұнай өнiмдерiн бөлшек саудада өткiзудiң шектi бағасын асырып жiберу бойынша), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы шілденің 4-і.
№ 25-V