2) денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын және Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, әскери, арнаулы оқу орындарындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
5) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;
9) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
10) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;
11) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асыру;
12) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13) ҚР Үкіметінің 2019.13.06. № 399 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) ҚР Үкіметінің 2017.10.02. № 49 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
16) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
18) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру;
19) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
20) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
21) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
22) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақтарын беруге арналған аттестаттау істерін сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
24) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және олардың қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
25) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
26) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;
27) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
28) ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
29) қалыптасу, орындалу мен аяқталу кезеңдерінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
30) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
31) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;
32) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
33) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
34) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
35) уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуын бақылауды жүзеге асыру;
36) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
38) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
39) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласын салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және оған басшылық ету;
40) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;
42-1) жастар ұйымдарымен ғылым мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
43) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;
44) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
45) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
46) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
46-3) балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын және бала қонақтайтын отбасылардың мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
47-1) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеуден өткізу;
47-2) бала асырап алу жөніндегі агенттік өкілдігін аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді, аккредиттеу мерзімін ұзарту (ұзартудан бас тарту), бала асырап алу жөніндегі филиалдың және (немесе) өкілдіктің қызмет етуін тоқтата түру, қызмет етуін қайтадан қолданысқа енгізу және тоқтату туралы дәлелді шешімдерін беру;
47-3) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
47-3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру мен пайдалану бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының қызметін үйлестіру;
48) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
49) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
50) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
50-1) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу бойынша қызметін үйлестіру;
50-2) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған және ерекше режимде ұстайтын арнайы білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
51) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
52) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
53) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді қарау;
54) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
55) ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 958 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
57) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
58) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
59) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;
60) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
61) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
62) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
67) ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 684 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
68) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
69) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
70) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71) (PhD) философия докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
72) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;
73) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
74) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүргізу;
75) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;
76) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
76-1) ведомствоның өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;
76-2) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
76-3) мектепке дейiнгi, орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
76-4) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
76-5) жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша президенттік олимпиаданы, жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
76-6) жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін қалыптастыру;
76-7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
76-8) бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін әрбір пән бойынша бірыңғай базалық оқулықты айқындау;
76-9) білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу;
76-10) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлеу;
76-11) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу;
76-12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
76-13) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
76-14) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
76-15) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
76-16) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу;
76-17) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
76-18) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу;
76-19) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
76-20) меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау бойынша жұмыстар жүргізу;
76-21) орта білім беретін республикалық ұйымдарды, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
76-22) мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру;
76-23) республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
76-24) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын әзірлеу;
76-25) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
76-26) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлеу;
76-27) ҚР Үкіметінің 2021.01.04. № 199 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
76-28) білім беру ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету;
76-29) педагогтердің біліктілік деңгейін растау қағидаларын әзірлеу;
76-30) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу;
76-31) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру;
76-32) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
76-33) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеу;
76-34) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлеу;
76-35) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлеу;
76-36) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
76-37) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлеу;
77) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
78) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлеу;
79) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу;
80) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлеу;
81) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеуді жүргізу;
82) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдерді, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту), тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы дәлелді шешімдерді беру;
83) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету;
84) республикалық терминологиялық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
85) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
86) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
87) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
88) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 872 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ жаңа редакцияда
19. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.