ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2017.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 Қаулысын қараңыз
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. 2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 9 609 031 675 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 4 810 958 061 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 140 197 027 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша -1 604 797 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 4 656 271 790 мың теңге;
2) шығындар - 10 699 154 559 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 200 057 736 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 282 483 824 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 82 426 088 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 195 718 279 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 195 718 279 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -1 485 898 899 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,9 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 485 898 899 мың теңге.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-бап жаңа редакцияда
2-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 40 024 295 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 6 455 965 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.
2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2017 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемдерi 236 808 019 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Атырау облысынан - 93 073 240 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 28 977 170 мың теңге;
Алматы қаласынан - 95 217 756 мың теңге;
Астана қаласынан - 19 539 853 мың теңге.
2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-1-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттердің түсімдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жұмыс берушілердің аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты 4 898 537 мың теңге сомасында көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен көрсетілген трансферттер сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
5-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 880 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған мақсаттарға нысаналы трансферт 1 534 565 234 мың теңге сомасында көзделсін.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансфертті бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 24 459 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 12 802 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 28 148 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 2 269 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 24 459 теңге болып белгiленсiн.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 14 466 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері - 31 245 теңге болып белгіленсін.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
8-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат олардың мөлшерін:
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға;
2017 жылғы 1 шілдеден бастап он бір пайызға көтеру ескеріле отырып көзделді деп белгіленсін.
9-бап. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
10-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 1 488 290 236 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 98 876 923 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 52 075 219 мың теңге;
Алматы облысына - 149 323 221 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 154 177 713 мың теңге;
Жамбыл облысына - 148 950 489 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 47 523 970 мың теңге;
Қарағанды облысына - 98 979 375 мың теңге;
Қызылорда облысына - 130 493 866 мың теңге;
Қостанай облысына - 103 540 487 мың теңге;
Павлодар облысына - 43 979 033 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 91 616 267 мың теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысына - 368 753 673 мың теңге.
2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
1) дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар жүргізуге;
2) халықаралық маңызы бар іс-шараларды өткізу уақытында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге;
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1) ішкі істер органдарының бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыруға;
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-2) ішкі істер органдарының әкімшілік полиция қызметкерлерін оқытуға;
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға;
2-4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
2-5) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға;
3) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;
5) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға;
6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;
8) тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге;
9) оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге;
10) «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге;
11) жергілікті деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге;
12) саламатты өмір салтын насихаттауға;
13) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;
14) амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға;
15) 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;
17) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
18) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға;
19) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
20) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
21) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;
22) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
23) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға;
24) бензин мен дизель отынына акциздердің жоғарылатылған мөлшерлемелерінің кезеңін қысқарту нәтижесіндегі шығындарды өтеуге 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне осы баптың бірінші бөлігінің 8 - 14), 18) және 19) тармақшаларында көрсетілген, 2017 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
12-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы төлеуге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына аудару үшін 11 495 298 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
12-1-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің шығыстары шеңберінде салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру үшін 8 000 000 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.
13-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылға кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
14-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
14-1-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылға арналған резервi 66 026 099 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 1 154 797 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 8 706 520 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 50 108 098 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
17-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 576 831 мың теңге көзделсiн.
18-бап. 2017 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 1 500 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 19-бап жаңа редакцияда
19-бап. 2017 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 11 100 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
20-бап. 2017 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 107 616 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
21-бап. 2017 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 1 578 982 955 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
22-бап. 2017 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2017 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
23-бап. Осы Заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы қарашаның 29-ы.
№ 25-VI
2017.20.02. № 46-VI ҚР Заңымен (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.13.11. № 109-VІ ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда
«2017 - 2019 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 29 қарашадағы
№ 25-VI Заңына
1-ҚОСЫМША
2017 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Iшкi сыныбы | | |
| I. Кірістер | 9 609 031 675 |
1 | | Салықтық түсімдер | 4 810 958 061 |
| 1 | | Табыс салығы | 1 625 226 200 |
| 1 | | Корпоративтік табыс салығы | 1 625 226 200 |
5 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 2 059 087 636 |
| 1 | Қосылған құн салығы | 1 650 474 733 |
2 | Акциздер | 77 038 533 |
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 315 223 325 |
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 4 270 343 |
5 | Ойын бизнесіне салық | 12 080 702 |
6 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 106 075 202 |
| 1 | Кеден төлемдерi | 1 081 737 682 |
2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 24 337 520 |
8 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 20 569 023 |
| 1 | Мемлекеттік баж | 20 569 023 |
2 | | Салықтық емес түсiмдер | 140 197 027 |
| 1 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 87 090 114 |
| 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 11 580 934 |
3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 13 555 322 |
4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 2 774 341 |
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 47 980 260 |
6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 900 000 |
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 2 964 627 |
| | | | | | | |
Санаты | | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Iшкi сыныбы | | |
| 9 | | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 7 334 630 |
| 2 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 687 960 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 687 960 |
3 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 112 500 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 112 500 |
4 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 25 546 230 |
| 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 25 546 230 |
5 | | Гранттар | 454 617 |
| 2 | Қаржылық көмек | 454 617 |
6 | | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 24 305 606 |
| 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 24 305 606 |
3 | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 1 604 797 |
| 1 | | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 450 000 |
| 1 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 450 000 |
2 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 1 154 797 |
| 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 1 154 797 |
4 | | Трансферттердің түсімдері | 4 656 271 790 |
| 1 | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 241 706 556 |
| 1 | Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер | 241 706 556 |
4 | | Ұлттық қордан трансферттер | 4 414 565 234 |
| 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 4 414 565 234 |
| | | | | | | |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
| II. Шығындар | 10 699 154 559 |
1 | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 465 312 356 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 6 850 536 |
| 001 | | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 4 918 035 |
002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 193 436 |
003 | Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 271 476 |
008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 900 064 |
009 | Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 538 387 |
011 | Қазақстан Республикасында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту | 29 138 |
104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi | 2 431 281 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 327 706 |
002 | Мемлекеттік органдарда және мекемелерде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 103 575 |
106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 79 781 |
| 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 79 781 |
107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 149 928 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер | 149 928 |
201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 65 708 790 |
| 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 65 708 790 |
204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi | 72 827 872 |
| 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 3 272 547 |
003 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау | 327 614 |
005 | Шетелдік іссапарлар | 3 286 288 |
008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 101 005 |
010 | Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 47 289 182 |
013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 375 021 |
017 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы | 15 282 613 |
019 | Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету | 2 833 257 |
020 | Орталық Азия елдерінде гендермен байланысты тұрақты даму мақсаттарының ұлттандыруына жәрдем көрсету | 60 345 |
217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 77 580 519 |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
| 001 | | Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер | 69 869 997 |
002 | Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру | 25 200 |
019 | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 12 614 |
030 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 268 559 |
067 | Саяси партияларды қаржыландыру | 5 328 114 |
072 | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 1 047 052 |
091 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің объектілерін және инфрақұрылымын салу | 110 000 |
094 | Мемлекеттік активтерді басқару | 918 983 |
| 225 | | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 32 901 556 |
| 130 | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру | 4 993 563 |
217 | Ғылымды дамыту | 27 907 993 |
241 | | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | 4 566 841 |
| 001 | Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 4 566 841 |
242 | | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі | 39 394 365 |
| 001 | Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 9 967 787 |
209 | Тұрғын-үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақылар төлеу | 11 495 298 |
222 | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу | 17 641 154 |
232 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 290 126 |
243 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 42 540 997 |
| 001 | Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 18 325 879 |
006 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 962 297 |
007 | Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру | 105 600 |
015 | Қазақстан Республикасының ұлттық статистика жүйесін нығайту | 623 475 |
057 | Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы | 394 085 |
073 | Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету | 19 489 980 |