2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.
12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган көлік құралдарын шығарумен байланысты кеден операциялары жүргізілгеннен кейін уәкілетті органның көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне бірлескен актіде айқындалатын тәртіппен мәліметтерді жібереді.
11-тарау. АДАМДАРҒА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
73-бап. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру
1. Қазақстан Республикасында көлік құралдарының оларды басқаруға арнайы құқық (бұдан әрі - көлік құралдарын басқару құқығы) берілетін мынадай санаттары мен оларға кіретін кіші санаттары белгіленеді:
1) «А» санаты - мотоциклдер;
2) «В» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер;
3) «С» санаты - «D» санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «С» санатындағы автомобильдер;
4) «D» санаты - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «D» санатындағы автомобильдер;
5) «ВЕ» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын және жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан асатын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, тіркеме тіркелген «В» санатындағы автомобильдер;
6) «СЕ» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген «С» санатындағы автомобильдер;
7) «DЕ» санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, тіркеме тіркелген «D» санатындағы автомобильдер, сондай-ақ жалғастырылған автобустар;
8) «Tm» санаты - трамвайлар;
9) «Tb» санаты - троллейбустар;
10) «А1» кіші санаты - ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын, іштен жану қозғалтқышының жұмыс көлемі бір жүз жиырма бес текше сантиметрден аспайтын және ең жоғары қуаты он бір киловаттан аспайтын мотоциклдер, трициклдер, квадрициклдер және мопедтер;
11) «В1» кіші санаты - трициклдер мен квадрициклдер;
12) «С1» кіші санаты - «D» санатына жататындарды қоспағанда, рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын, бірақ жеті жүз елу килограмнан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «С1» кіші санатындағы автомобильдер;
13) «D1» кіші санаты - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, отыратын орындарының саны сегізден асатын, бірақ он алтыдан аспайтын автомобильдер; рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «D1» кіші санатындағы автомобильдер;
14) «С1Е» кіші санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген массасы он екі мың килограмнан аспайтын, тіркеме тіркелген «С1» кіші санатындағы автомобильдер;
15) «D1Е» кіші санаты - рұқсат етілген ең жоғары массасы жеті жүз елу килограмнан асатын, бірақ жүктемесі жоқ автомобильдің массасынан аспайтын, ал көлік құралдарының осындай құрамының жалпы рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі мың килограмнан аспайтын, жолаушыларды тасымалдауға арналмаған тіркеме тіркелген «D1» кіші санатындағы автомобильдер.
2. Көлік құралдарын басқару құқығы осы Заңның 74-бабында санамаланған шарттар сақталған кезде емтихан тапсырған адамдарға беріледі.
Емтихандар механикалық немесе автоматты трансмиссиясы бар көлік құралдарында қабылданады.
Механикалық трансмиссиясы бар көлік құралдарында емтихан тапсырған адамдарға трансмиссияның кез келген түрі бар тиісті санаттағы немесе кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы беріледі.
3. Емтихандар емтихан тапсырушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларына техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып өткізіледі.
Емтихан өткізуге арналған техникалық бақылау құралдарының құрамын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды қолдану шарттарын уәкілетті орган белгілейді.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізілген жағдайда, оларға емтихан қабылдау кезінде емтихан тапсырушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тексеруге қатысуға рұқсат етіледі.
5. Көлік құралдарын басқару құқығы - жүргізуші куәлігімен, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көлік құралын басқару құқығына уақытша рұқсатпен расталады.
6. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес келетін ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері беріледі.
7. Ұлттық жүргізуші куәлігі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше шектеу көзделмесе, он жыл мерзімге беріледі.
8. «А» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына ұлттық жүргізуші куәлігі - «А1» кіші санатындағы және мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар «В1» кіші санатындағы, «В» санаты - «В1» кіші санатындағы (мотоциклеттік орындығы немесе мотоциклеттік типтегі рулі бар көлік құралдарынан басқа), «С» санаты - «С1» кіші санатындағы, «D» санаты - «D1» кіші санатындағы, «СЕ» санаты - «С1Е» кіші санатындағы, «DЕ» санаты - «D1Е» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын да растайды.
9. Халықаралық жүргізуші куәлігі үш жылға дейінгі, бірақ ұлттық жүргізуші куәлігінің қолданылуы мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Қазақстан Республикасында берілген халықаралық жүргізуші куәлігі көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында басқару үшін жарамсыз болып табылады.
10. Басқа мемлекеттерде беріліп, жоғалған (ұрланған) шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктерінің орнына ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін беру жүргізілмейді.
11. Ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерінің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді.
12. Егер жүргізуші куәлігінде көлік құралдарын басқаруға шектеулер көрсетілген жағдайда, осы жүргізуші куәлігі онда көрсетілген шектеулер сақталған жағдайда жарамды деп есептеледі.
13. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, сондай-ақ уақытша болатын адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде, ал мұндайлары болмаған кезде осы баптың 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарында санамаланған шарттар мен шектеулер сақталған кезде жарамды халықаралық немесе шетелдік ұлттық жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға рұқсат беріледі.
14. Кәсіпкерлік қызметті немесе көлік құралдарын тікелей басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты өзге де еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде халықаралық немесе шетелдік жүргізуші куәліктері негізінде көлік құралдарын басқаруға жол берілмейді.
15. Шет мемлекетте берілген халықаралық жүргізуші куәлігі тиісті ұлттық жүргізуші куәлігімен бірге көрсетілетін жағдайда ол жарамды деп танылады.
16. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылады.
17. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері олардың иелері көлік құралдарының тиісті санаттары мен кіші санаттары үшін осы Заңның 74-бабында көзделген жасқа толған кезде Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамды деп танылады.
18. Көлік құралы халықаралық жол жүрісіне қатысқан жағдайларда осы баптың 14 және 17-тармақтарында көзделген ережелер қолданылмайды.
19. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын олардың иесі тұруға ықтиярхат алған күннен алпыс күн өткен соң не Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын олардың иесі Қазақстан Республикасына келген күннен бастап алпыс күн өткен соң Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын басқару үшін жарамсыз деп танылады.
20. Шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктерінің орнына ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктерін беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сай келмейтін шетелдік және халықаралық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктеріне алмастыруға жатпайды.
Ескертулер.
1. «В», «С» санаттарындағы және «С1» кіші санатындағы көлік құралдарына жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын, тиісті санаттарға (кіші санаттарға) жатқызлатын көлік құралдарының өздігінен жүретін шассилері теңестіріледі.
2. Осы бапта санамаланған көлік құралдарының және олардың өздігінен жүретін шассилерінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары
1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
2. Көлік құралдарын басқару құқығы:
«А1» кіші санатындағы көлік құралдарын - он алты жасқа толған адамдарға;
«А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын - он сегіз жасқа толған адамдарға;
«С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын - жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
«D», «Tm» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу - жиырма бес жасқа толған, кемінде бес жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде үш жыл басқару өтілі бар адамдарға;
«ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын - кемінде он екі ай бойы тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға;
«С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын - кемінде он екі ай бойы тиісінше «С», «D» санаттарындағы не «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.
3. «В», «С» санаттарындағы, сондай-ақ «С1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға он жеті жасқа толған және әскери комиссариаттардың жолдамасы бойынша көлік құралдары жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен адамдарға рұқсат беріледі.
Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куәліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.
4. Әскери қызметшілерге тиісті даярлықтан кейін «D» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға он тоғыз жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі.
Аталған адамдар жиырма бір жасқа толғанға дейін оларға емтихан тапсыру нәтижелері бойынша берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ғана тиесілі «D» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды.
75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату
1. Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:
1) жүргізуші куәлігі қолданысының белгіленген мерзімінің өтуі;
2) медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы.
Механикалық көлік құралы жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберу көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болып табылады;
3) жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмау;
4) көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату уәкілетті органның (лауазымды адамның) қуынымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2. Көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезде:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша - жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырғаннан және медициналық қарап тексеруден өткеннен кейін;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша - егер көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатудың себебі жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
3) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша - осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен;
4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта медициналық қарап тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.
3. Жауаптылық шаралары ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға не осындай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылықтардың түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
76-бап. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-тарау. КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЯРЛАУ
77-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарына қойылатын талаптар
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер құрады және ол өз қызметін көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енген күннен бастайды.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу мақсатында мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі (заңды тұлға үшін);
3) дара кәсіпкер үшін - жеке басты куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;
4) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын жылжымайтын мүлкіне меншік немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырылған көшірмелері;
5) оқу-материалдық база ретінде пайдаланылатын өзге де мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
6) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің тізімдері. Тізімде «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетіледі;
7) оқытылатын тақырыптар, сабақтардың кестесі және жоспарланып отырған оқыту әдістері көрсетілетін даярлық бағдарламалары.
3. Уәкілетті орган құжаттары қоса берілетін өтінішті ол берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды, оның қорытындылары бойынша өтініш берушіге тізілімге енгізілгендігі туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі.
4. Уәкілетті органның оқу ұйымын бекіту және оны көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу туралы шешімі (бұйрығы) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын тізілімге енгізуге негіз болып табылады.
5. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы басшысының «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері» біліктілік куәліктері болуға міндетті.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен Қазақстан Республикасының заңнамамалық актілеріне сәйкес алып тасталған көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымын бұрын басқарған басшы ұйым алып тасталған күннен бастап бір жыл ішінде басқа оқу ұйымына қатысушы бола алмайды.
6. Оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері оқытушы, өндірістік оқыту шебері және білім беру процесі кезінде көлік құралын жүргізуге оқыту шебері ретінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының біреуінің ғана құрамында өз қызметін жүзеге асырады.
7. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жүргізуді үйренуші адам басқарып отырған оқу көлік құралымен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
78-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға және одан алып тастауға негіздер
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тартуға:
1) осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың бірін ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің анық еместігі және (немесе) толық болмауы;
3) осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейінгі алты ай ішінде көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тасталуы негіздер болып табылады.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен алып тастауға:
1) оқу ұйымының көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімінен ерікті түрде алып тастау туралы өтініші;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы қызметінің тоқтатылуы, оның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу кезінде оқу ұйымы туралы көрінеу анық емес ақпарат беру;
4) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау негіздер болып табылады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізілімнен алып тастау туралы хабарлама оқу ұйымына уәкілетті орган тиісті шешімді қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
79-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер оқу ұйымдарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғының негізінде әрекет етеді.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады.
3. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары ғана көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары бір ғана кәсіптік бірлестіктің мүшелері болады.
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік мүшелерінің өздерінің басқару органдарын сайлау және оларға сайлану құқығы бар.
4. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер аккредиттелуге жатады, бұл уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.
5. Аккредиттеу туралы куәлік мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы, дара кәсіпкердің банкрот болуы;
2) аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын өз еркімен тоқтату туралы өтініш беру;
3) уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұрған себептерінің жойылмауы;
4) аккредиттеу туралы куәліктің бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұруы.
6. Осы баптың 5-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатылған жағдайда, кәсіптік бірлестіктің аккредиттеуден өту мақсатында уәкілетті органға өтініш беруіне екі жыл бойы құқығы болмайды.
80-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) оқу ұйымдарының көлік құралдары жүргізушілерін даярлауының сапасын сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
2) оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру жөнінде курстарды өткізуге, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен курстардан өту туралы сертификаттар беруге;
3) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жұмысының тәжірибесін талдауға, жинақтап қорытуға және таратуға;
4) мемлекеттік ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде және халықаралық ұйымдарда көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының мүдделерін білдіруге;
5) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының өз қызметін жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
6) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының рейтингін жүргізуге және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға;
7) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
8) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау саласындағы оқу әдебиетін, әдістемелік ұсынымдарды, мерзімді баспасөз басылымдарын әзірлеуге, басып шығаруға және таратуға;
9) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау стандарты жөнінде ұсынымдар беруге;
10) сапаға жүргізілген сыртқы бақылау қорытындылары бойынша көлік құралдары жүргізушілерін даярлау стандартын және Этика кодексін бұзуға жол берген көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын кәсіптік бірлестіктен шығаруға құқылы.
2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер:
1) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауға және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының сақтауын қамтамасыз етуге;
2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде біліктілік комиссиясын құруға;
3) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
4) Этика кодексін әзірлеуге және қабылдауға;
5) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі қызметті дамытуға, оның тиімділігін арттыруға, оқу ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;
6) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;