2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шағымдар әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) және шешімдеріне шағым жасалатын органға (лауазымды адамға), сотқа беріледі, ол шағым келіп түскен күннен бастап үш тәулік iшiнде оларды жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), тиісті сотқа жіберуге міндетті.
Шағымдар, оларды қарауға уәкілеттік берілген жоғары тұрған органға (лауазымды адамға), сотқа тікелей берілуі мүмкін.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Ауызша шағымдар хаттамаға енгізіледі, оған арыз беруші және шағымды қабылдаған лауазымды адам қол қояды. Тиісті лауазымды адамдардың қабылдауында адамдар баяндаған ауызша шағымдар жазбаша түрде берілген шағымдармен жалпы негіздерде шешіледі. Шағымға қосымша материалдар қоса берілуі мүмкін.
4. Іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін адамға шағымды өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде беру құқығы қамтамасыз етіледі.
5. Шағым берген тұлға оны қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлға, жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының, өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның мүддесінде берілген шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін. Шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.
6. Шағым беру шағым жасалып жатқан әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып жатқан шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды кері қайтарып алу туралы жазбаша арыз берілген жағдайда, судья шағымды қайтару туралы ұйғарым шығарады.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сот құрылмаған болса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
828-бап. Шағым беру мерзімі
1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.
2. Шағым беру мерзімін өткізіп алу шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алудың себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.
829-бап. Шағымды қарау тәртібі
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Шағымды қарай отырып, судья немесе орган (лауазымды адам) онда жазылған дәлелдерді жан-жақты тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиісті лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан шағым жасалып жатқан әрекеттерге (әрекетсіздікке) және шешімдерге қатысты түсіндірмелер алуға міндетті.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шағым келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау мерзімі қажет болған кезде он тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін. Тиісінше хабардар етілген (хабарланған) адамның келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды.
Шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға органның (лауазымды адамның) қаулысының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуға жатады, оның шешіміне - жоғары тұрған сотқа, ал соттың қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін, олардың шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайды.
Шағымды қанағаттандыру туралы қаулыға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа наразылық білдіруге жатады, оның шешіміне - жоғары тұрған сотқа, ал сот қаулысына жоғары тұрған сотқа наразылық білдірілуі мүмкін.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қаулы жеке адамға немесе заңды тұлғаның өкіліне дереу табыс етіледі, ал бұл адамдар болмаған жағдайда, қаулы шығарылған күннен бастап үш тәулік ішінде оларға жолданады.
4. Шағымды қарайтын орган (лауазымды адам) немесе судья өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, сондай-ақ өзге тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерінің қалпына келтірілуіне дереу шаралар қолдануға міндетті.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен Кодекс 44-1-тараумен толықтырылды
44-1-тарау. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулыларына сотқа шағым жасау, наразылық білдіру
829-1-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын орны
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жасалған жері бойынша қаралады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның өтінішхаты бойынша іс сол адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 295-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы Кодекстің 333, 334, 571, 572, 590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613, 614, 615, 616, 617, 618, 619, 620, 621, 622, 623, 624-1, 625, 626, 627, 628, 630, 631 және 632-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер көлік құралдарының, кемелердің, оның ішінде шағын көлемді кемелердің есепке алынған жері бойынша да немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралуы мүмкін.
3. Осы Кодекстің 378, 379, 382, 383, 440 және 481-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жасалған жері бойынша немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның тұрғылықты жері бойынша қаралады.
829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы
1. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған адамдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасауы, ал прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот судьясының әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша судья (сот) шығарған қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа және кәмелетке толмағандардың істері бойынша сотқа органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
5. Осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған адамдардың жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгінуі сотқа шағым беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайды.
829-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық іс бойынша қаулы шығарған, нұсқама ресімдеген органға, лауазымды адамға жіберіледі, ол шағым, наразылық келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдарымен бірге тиісті сотқа жіберуге міндетті.
2. Осы Кодекстің 830-бабының екінші бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға шағым жасалған, нарызылық білдірілген жағдайларда, сот қаулыға фактіні белгілеу бөлігінде сот отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса береді.
3. Шағым жасау, наразылық енгізу адамның тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша тікелей оларды қарауға уәкілеттік берілген сотқа жүзеге асырылады
4. Әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдану туралы судьяның қаулысына шағым, наразылық шағымды, наразылықты алған күні жоғары тұрған сотқа жіберілуге жатады.
5. Егер шағымды, наразылықты қарау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасалған, наразылық білдірілген соттың құзыретіне жатпаса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберіледі.
6. Сотқа берілетін шағымда мәліметтер қамтылуға және ол осы Кодекстің 833-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
829-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық - қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап он тәулік ішінде, ал осы Кодекстің 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында көрсетілген тұлғалар істі қарауға қатыспаған жағдайда, қаулыны алған күннен бастап беріледі.
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық осы Кодекстің 817-бабында көзделген мерзім өткен соң он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
2. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтық міндеттемені немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты шығарылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулының көшірмесі табыс етілген немесе алынған күннен бастап отыз тәулік ішінде берілуі мүмкін.
3. Шағымды, наразылықты беруге арналған мерзімді өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым, наразылық қаралады, бұл ретте шағымды, наразылықты беру мерзімін өткізіп алу және олардың мәні шағымның, наразылықтың қаралуына қарамастан тексеріледі.
4. Осы бапта белгіленген мерзімде шағымды беру, наразылықты енгізу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын шағым, наразылық бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтата тұрады.
5. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралатын уақытта әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына шағым берілуі, ал наразылық енгізілуі мүмкін.
829-5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына шағым, наразылық істі қарауға құқылы сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және істің басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғадан және жәбірленушіден тиісті өтінішхаттар келіп түскен жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс дереу қаралуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтініш хаттар келіп түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзартуы, бірақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкін.
3. Жасалуы әкімшілік қамаққа алуға, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге алып келетін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс - әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен iстiң басқа да материалдары алынған күнi, ал әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей қаралады.
Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулыға шағым, наразылық, егер жауаптылыққа тартылған адам әкімшілік қамаққа алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берілген кезден бастап бір тәулік ішінде қаралуға жатады.
4. Сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарауға мүмкіндік болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін тоқтата тұруға міндетті.
829-6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау
1. Сот әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезiнде мынадай мәселелердi анықтайды:
1) осы iстi, шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жата ма;
2) осы iстi, шағымды, наразылықты соттың қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар бар ма;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама және осы Кодексте көзделген басқа да хаттамалар дұрыс жасалған ба, сондай-ақ iстiң өзге де материалдары дұрыс ресiмделген бе;
4) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар бар ма;
5) өтiнiшхаттар, оның ішінде кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болған істер бойынша істі кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жеріндегі сотта қарау туралы өтiнiшхаттар және қарсылық білдіру бар ма;
6) өтінішхаттарды шешеді, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, қатысуы істі, шағымды, наразылықты қарау үшін қажет деп танылған адамдарды шақыртады; қажет болған кезде сараптама тағайындайды;
7) осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғаларға iсті, шағымды, наразылықты қарау орны мен уақыты туралы хабарланды ма.
2. Осы баптың бірінші бөлігі 1), 3) және 6) тармақшаларының талаптары осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қаралған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерге қолданылмайды.
829-7-бап. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар
Егер бұл адам:
1) жауаптылыққа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының туысы болған;
2) iстiң шешiлуiне жеке өзі, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болған жағдайларда, сот iсті, шағымды, наразылықты қарай алмайды.
829-8-бап. Судьяның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
1. Осы Кодекстiң 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде судья өздігінен бас тартатыны туралы мәлiмдеуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстiң 829-7-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адам, жәбiрленушi, жеке тұлғаның заңды өкілдері мен заңды тұлғаның өкілдері, қорғаушы, прокурор сотқа қарсылық білдіруін мәлiмдеуге құқылы.
3. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеме тиiстi соттың төрағасына берiледi.
4. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi соттың төрағасы келіп түскен күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қарайды.
5. Өздiгiнен бас тарту, оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша мәлiмдемелердi қанағаттандыру туралы не оларды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.
829-9-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде қабылданатын сот шешімі
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезiнде сот мынадай шешім қабылдайды:
1) iстi, шағымды, наразылықты қарау уақыты мен орнын тағайындау туралы;
2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажеттi қосымша материалдарды талап етіп алдыру туралы, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау туралы;
3) iстi, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы;
4) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімдерін ұзарту, тоқтата тұру туралы;
5) егер осы iстi, шағымды, наразылықты қарау өзінің құзыретiне жатпаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын, шағымды, наразылықты ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы;
6) осы Кодекстiң 812-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы;
7) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзгеше түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы соттың қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 812-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралының (кеменің, оның iшiнде шағын көлемдi кеменің) есепке алынған жері бойынша қарауға беру туралы.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады және шағымдану мерзімі мен тәртібін қоспағанда, осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтерді қамтиды.
3. Сот іс жүргізуде нақ сол бір адамға қатысты қозғалған екі және одан көп істің барын анықтай отырып, бұл істерді бірге қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.
4. Осы Кодекстiң 744-бабының төртiншi бөлiгiнде, 746-бабының алтыншы бөлiгiнде және 754-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жауаптылыққа тартылып отырған адамның, оның өкiлiнiң, куәнiң дәлелсiз себептермен келмеуіне байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қайта қарауға дайындау кезiнде сот аталған адамдарды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
829-10-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау тәртiбi
1. Сот iстi, шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:
1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс, шағым, наразылық қаралуға жататынын, кiм және осы Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауаптылыққа тартылатынын хабарлайды, іс жүргізу тілін айқындайды;
2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ iстi, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және тұлғалардың заңды өкілдерінің, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;
4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және аталған адамдар болмағанда iсті, шағымды, наразылықты қарау туралы не iсті, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда iсті, шағымды, наразылықты қарау кезiнде қатысуы мiндеттi болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарады, аудармашыны тағайындайды;
6) iсті қарауға қатысатын адамдарға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен мiндеттерiн, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін заң көмегін алу құқығын түсiндiредi;
7) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiшхаттарды шешедi;
8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
9) өзiне қатысты iс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi, шағымды, наразылықты қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды;
10) iсті, шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарымды: егер судьяға қарсылық білдіру iстi, шағымды, наразылықты мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, оның өздiгiнен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлiмдеуіне; егер қорғаушының, уәкiлеттi өкiлдің, сарапшының немесе аудармашының қарсылық білдіруі iстi, шағымды, наразылықты мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, олардың қарсылық білдіруіне; iстi, шағымды, наразылықты қарауға қатысатын адамдардың келу немесе iс, шағым, наразылық бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 51-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда шығарады. Қажет болған жағдайда сот сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады;
11) істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады;
12) осы Кодекстiң 829-9-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.
2. Істі, шағымды, наразылықты қарау кезінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуының, істе бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулылардың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Сот істің, шағымның, наразылықтың дәлелдерімен және мән-жайларымен байланысты емес және істі толық көлемде тексереді, бұл ретте ол жаңа фактілерді анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерделеуге құқылы.