2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
«Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 нормативтік қаулысын қараңыз
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 134-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттарды не балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді тарату, яғни сату, оған жазылу, жеткізу, үлестіру, көрсету, прокаттау және (немесе) жалға беру -
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған әрекет -
эротикалық мазмұндағы заттар және (немесе) балаларға тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 135-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
135-бап. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін бұзу және оларды жария ету
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын ұйымдар басшыларының, Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының, егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, сондай-ақ балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың:
1) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді ұсыну мерзiмдерiн сақтамау;
2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, көрсетуге жататын деректерді жасыру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде қамтылған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы деректерді заңсыз жария ету түрінде жасаған бұзушылығы - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау. Меншiкке қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:
1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар) өткізбей беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;
6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;
8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;
9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;
10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;
11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;
12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;
13) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру мерзімдерін бұзу;
14) жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін бұзу;
15) сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жерасты суларын байқайтын және режимдiк ұңғымаларды, су объектiлерiндегi режимдiк байқау тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
140-бап. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
141-бап. Суға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, оның ішінде сарқынды және басқа да суды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Лимиттердi бұзып су алу, су пайдаланудың рұқсат берілген көлемінен асыру, белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргiзу, су объектiлерiнен шығарылған немесе бұрылған жерасты және жерүстi суларын ұтымды, нысаналы пайдаланбау -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
142-бап. Орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын заңсыз басқаға беру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
144-бап. 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 145-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
145-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын:
1) қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзушылықтар;
2) монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзушылықтар;
3) тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту;
4) аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізбеу;
5) тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізу;
6) тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзушылықтар;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттарын бұзушылықтар түрінде жасалған бұзу -
жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
146-бап. Егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру
Механикалық көлік құралымен, жегін көлікпен егістіктердің немесе екпелердің үстімен жүру -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
147-бап. Егістіктерді, маяларды таптау, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою, екпелерді зақымдау
1. Ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа немесе фермер қожалықтарының, жеке қосалқы шаруашылықтардың егістіктерін, маяларын малдың немесе құстың таптауы, ауыл шаруашылығы дақылдарының алқапта жиналған астығын бүлдіру немесе жою не екпелерін зақымдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 148-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
148-бап. Мемлекеттiк заттай гранттарды қайтару мерзiмдерiн бұзу
Мемлекеттiк заттай гранттардың Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасында белгiленген қайтару мерзiмдерiн бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 149-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
149-бап. Террористік тұрғыдан осал объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Террористік тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористік тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы -
жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) -
үш айға дейінгі мерзімге қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау
Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру -
үш айға дейiнгi мерзiмге бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - бiр жүз елу, лауазымды адамдарға - бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
14-тарау. Кәсiпкерлiк қызмет саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
151-бап. Шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шикiзатты, азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге әкету немесе жөнелту қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шикізат немесе тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
152-бап. 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
153-бап. Заңсыз кәсiпкерлiк
Кәсiпкерлiк қызметтiң тыйым салынған түрлерiмен айналысу, егер бұл іс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не iрi мөлшерде кіріс алумен немесе акцизделетiн тауарларды едәуiр мөлшерде өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен не өткiзумен ұштасқан болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - келтiрiлген залал сомасының, алынған кіріс сомасының және заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құнының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында азаматқа бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал, не ұйымға немесе мемлекетке он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада келтiрiлген залал - iрi залал деп танылады.
2. Осы Кодекстiң 153 және 155-баптарында сомасы он мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын кіріс - iрi мөлшердегi кіріс деп танылады.
3. Осы бапта құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарлар саны - едәуiр мөлшер деп танылады.
154-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы
Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы -
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер (дивидендтер), ақша, бағалы қағаздар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
155-бап. Заңсыз банктік қызмет
Азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрген не iрi мөлшерде кіріс алумен ұштасқан, банктік қызметті (банк операцияларын) тiркеусіз немесе рұқсат (лицензия) алу мiндеттi болған жағдайларда мұндай арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - келтірілген залал сомасының, заңсыз қызмет нәтижесінде алынған кіріс сомасының - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:
1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау;
2) көрермендерге фильмнің жас санаты туралы белгiленген тәртіппен ақпарат бермеу;
3) «18+» және «21+» жас санаттары бар фильмдерді прокаттау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
4) фильмдерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне фильмдер бойынша ақпарат бермеуі және (немесе) бұрмаланған ақпарат беруі;
5) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттарын сақтамау;
6) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 156-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын:
1) мерзiмдi баспа басылымдарын жас санаты белгісінсіз тарату;
2) «18 жастан бастап» жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
3) теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Аудио-бейне және (немесе) баспа өнімін жас санаты белгісінсіз тарату - ескерту жасауға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.