Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 және 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 66 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысында:
1-тармақта:
2) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;»;
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Ғалымжан Олжаұлы Пірматов;»;
4) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев;»;
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,»;
2) «TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 наурыздағы № 357 қаулысында:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Советұлы Саудабаев» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |