30-6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауды қамтамасыз етеді;
30-7) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
16-10-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру азаматтық авиация саласындағы төлемдердің түсімдері есебінен жүзеге асырылады, олар қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды өтеу, оның қызметінің шығынсыз болуын қамтамасыз ету және өз кірістері есебінен қаржыландыру үшін жеткілікті болуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында айқындалатын тәртіппен азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алуға құқылы.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына бюджеттің ашықтығын, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында қаржылық есептілікті, сондай-ақ сомасы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен асып түсетін шығыстардың баптары туралы өзекті және егжей-тегжейлі ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
16-11-бап. 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-12-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші болып табылады.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші өз қызметінің негізгі мақсатын аэронавигациялық қызметтер көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асыру арқылы іске асырады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 16-13-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16-13-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бірінші басшысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға басшылықты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларды жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
3-тарау. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемдi және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметтi қамтамасыз етудi көздейдi.
Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды және белгілеуді;
2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;
3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабардар ету тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;
4) мыналарды:
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіретін әуе қозғалысын ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын оның пайдаланушыларының барлығы өздерінің жауапкершілігі аймақтары шегінде сақтауын қамтамасыз етуді:
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) әуе трассаларында және әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) аудандарында - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай отырып, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары;
2) мемлекеттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен басқа да аудандарында - әуе қозғалысын басқару органдары;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) әуе трассаларынан тыс, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өту кезінде аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысын басқару органдары немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыруды азаматтық авиация және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен олар үшiн белгiленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады. Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азаматтық-әскери үйлестіру қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
4. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының мәлімделген өткізу қабілеттілігін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және мыналар:
1) тиісті әуе қозғалысының типтері;
2) әуе қозғалысының қарқындылығы;
3) метеорологиялық жағдайлар;
4) осы ауданға немесе осы жерге қатысы болуы мүмкін басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Егемендігі айқындалмаған әуе кеңістігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын шектес мемлекеттердің берілген әуе кеңістігінде әуе қозғалысын ұйымдастыруды және оған қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыра алады.
6. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары орындалатын ұшудың ауқымы мен күрделілігіне қарай үлгі нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген мән-жайлар жағдайына іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келіседі.
9. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке:
1) әуе кемелерiнiң және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы;
2) атыстардың және зымырандарды ұшырудың барлық түрлерi, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде қозғалуымен байланысты өзге де қызмет жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
1. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы, сондай-ақ әрбір сыныптағы әуе кеңістігі шегінде ұшуға және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу ақпаратының аудандары (аймақтары), диспетчерлік аудандар, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары, тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар, әуеайлақ қозғалысының аймақтары, бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерінің ұшуына арналған арнайы аймақтар, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар, пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін әуе кеңістігі деп шегінде ұшудың нақты түрлері орындалуы мүмкін және ол үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері мен ұшу қағидалары айқындалған белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі түсініледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттілігі, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі, олардың экономикалық тиімділігі негізге алына отырып айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар үшін аэронавигациялық қызмет көрсету шарттар (жария шарттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері, сондай-ақ борттағы авариялық жағдайға, материалдық бөлiгiнің істен шығуына немесе ақауы болуына байланысты маршруттары өзгертілген әуе кемелері әуе кемесiнiң ұшып бара жатқан жері айқындалған кезден бастап;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен жасалған шартқа сәйкес iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығуларға тартылған әуе кемелері;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін әуе кемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқына медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшін сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган растаған шетелдік әуе кемелері;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелері;
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, корольдiк тұлғаларды, шет мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларын тасымалдайтын әуе кемелерi;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;
6) егер шарт ережелерінде әуе қозғалысына қызмет көрсеткені үшін ақы төлеуден босату көзделген болса, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұшуды орындаған жағдайларда, өтеусіз жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.
21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Аэронавигациялық ақпаратты қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аэронавигациялық ақпарат көзі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге және мұндай ақпараттың анықтығы, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болуға міндетті.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың анықтығын, дәлдігін және уақтылы берілуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
22-бап. Әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері
1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мынадай түрлерді:
1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтиды, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету деп:
әуе кемелері арасындағы және әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілермен соқтығысуын болғызбау;
әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында бақыланатын әуе кеңістігінде ұсынылатын қызмет көрсету түсініледі;
2) ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтиды, оның мақсаты ұшудың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қолда бар байланыс құралдарын пайдалана отырып, консультациялар мен ақпарат беру болып табылады;
3) тиісті ұйымдарды іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы хабардар ету және осындай ұйымдарға қажетті жәрдем көрсету үшін ұсынылатын қызмет көрсету болып табылатын авариялық хабар беруді қамтиды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:
бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуға диспетчерлік қызмет көрсету үшін - аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;
әуе кемелерінің ұшып келуіне және әуеайлақтардан (тікұшақ айлақтарынан) ұшып кетуіне байланысты ұшуға диспетчерлік қызмет көрсету үшін - қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету;
әуеайлақтық қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету болып бөлінеді.
Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуе қозғалысына қызмет көрсететін орган:
1) әрбір әуе кемесінің болжамды қозғалысы немесе оның өзгеруі туралы ақпаратпен, сондай-ақ әрбір әуе кемесінің нақты ұшу барысы туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі;
2) өзіне хабар берілген әуе кемелерінің бір біріне қатысты салыстырмалы түрде ұшып бара жатқан жерін алынған ақпарат негізінде айқындайды;
3) өзі бақылайтын әуе кемелерінің арасындағы соқтығысуды болғызбау үшін, сондай-ақ реттелген қозғалыс ағынын жеделдету және сақтау үшін рұқсаттар мен ақпарат береді;
4) әуе кемесі әуе қозғалысына қызмет көрсететін (әуе қозғалысын басқаратын) басқа органдардың бақылауында ұшуды орындап жүрген басқа әуе кемелерімен жанжалды жағдайды туындатуы мүмкін болғанда немесе әуе кемесін бақылауды әуе қозғалысына қызмет көрсететін басқа органдарға берудің алдында қажет болған жағдайда рұқсаттарды әуе қозғалысын қамтамасыз ететін (әуе қозғалысын басқаратын) басқа органдармен келіседі.
Әуе кемелерін эшелондауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, әуе кемелеріне диспетчерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары беретін диспетчерлік рұқсаттар әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға негізделеді.
4. Ұшуына осы ақпарат әсер етуі мүмкін және әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органына қай жерде екені белгілі болған барлық әуе кемелері ұшу-ақпараттық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
5. Мыналар:
1) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін барлық әуе кемелері;
2) ұшу жоспарын берген немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органына қай жерде екені белгілі болған барлық басқа әуе кемелері;
3) оларға қатысты заңсыз араласу объектісі болып табылатындығы белгілі болған немесе болжанатын кез келген әуе кемелері авариялық хабар берумен қамтамасыз етіледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Ұшуды орындау қағидалары
Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшуы азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес орындалады.
Ұшуды орындау кезінде әуе кемесінде азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында көзделген кеме құжаттары болуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Әуе кемесінің ұшу жоспары
Жоспарланған ұшуға немесе ұшудың бір бөлігіне қатысты әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына жіберілуге жататын ақпарат осы Заңда көзделген әуе кеңістігін пайдалануға арналған рұқсаттар болған кезде және:
1) ұшу жоспары ұсынылатын жағдайлар;
2) ұшу жоспарын ұсыну, ұшу жоспарына өзгерістер енгізу және оны жабу тәртібі, сондай-ақ ұшу жоспарының мазмұны;
3) бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшу туралы хабарлау тәртібі айқындалатын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ұшу жоспары нысанында беріледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Әуе кеңістігін пайдаланудағы басымдықтар
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі әуе кеңістігін барлық пайдаланушыға оны пайдалану бойынша тең құқықтармен қолжетімді.
Әуе кеңістігін бір уақытта екі немесе одан да көп пайдаланушының пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда, оны пайдалануға бірінші кезектегі құқық мемлекеттік басымдықтарға сәйкес пайдаланушыларға мынадай ретпен беріледі:
1) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңiстiгiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасын бұзуды, әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiнің бұзылуын болғызбау және тоқтату, Қазақстан Республикасының егемендiгiне, аумақтық тұтастығына және қауiпсiздiгiне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою;
2) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн не айтарлықтай материалдық залал келтiру қаупін тудыратын дүлей және өзге де зілзалалар, апаттар, авариялар, авариялық және өзге де жағдайлар кезінде көмек көрсету;
3) ғарыш аппараттары мен олардың экипаждарын ұшыру, қондыру, iздестiру және эвакуациялау;
4) Қазақстан Республикасының аса маңызды ұшуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындалатын ұшу;
5) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес жүзеге асырылатын әуе кемелерінің ұшуы немесе өзге де қызмет;
6) жолаушыларды, жүктердi және пошта жөнелтілімдерін тасымалдайтын тұрақты рейстер;
7) Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің мемлекеттік авиациясының ұшуы;
8) эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
9) тұрақты емес әуе тасымалдары және авиациялық жұмыстарды орындау;
10) оқу-жаттығу, көрсету, мәдени-ағарту іс-шараларын өткізу, сондай-ақ пайдаланушының жеке мақсаттағы ұшуы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу
Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында және 25-бабының 1) - 5) тармақшаларында көзделген қызмет жүзеге асырылған жағдайларда, мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен әуе кемелерінің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн немесе оның жекелеген аудандарын пайдалануға тыйым салады не шектейді.
27-бап. Әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)