Qі - авария салдарынан пайда болған і түріндегі қалдықтардың көлемі, тонна;
Сіқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кқ2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
Зымыран тасығыштың жер төңірегіндегі кеңістікте авариясы салдарынан пайда болған және қоршаған ортаға орналастырылған қалдықтардың көлемі (Qі) есептік әдіспен анықталады және ол зымыран тасығыштың металл құрауышының массасына тең қабылданады. Егер авариялық жағдай бөліну бөлшектері ажырағаннан кейін болса, онда қалдықтардың көлемін есептеген кезде олардың массасының сандық мәні зымыран тасығыштың металл құрауышының жалпы нормативтік массасынан шегеріп тасталады:
Qі = Qнпі - Qоі (7.1)
мұндағы:
Qнпі - авария болған зымыран тасығыш тобына жататын зымыран тасығыштың металл құрауышының нормативтік массасы, тонна;
Qоі - одан авария болғанға дейін ажыраған зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің массасы, тонна.
Қазақстан Республикасының аумағының үстінен зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатыларының белсенді жұмыс учаскесінде ұшу траекториясы бойынша авариялық жағдай кезінде қоршаған ортаның
ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалауды анықтау есептемесі
Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатыларының белсенді жұмыс учаскесінде ұшу траекториясы бойынша авариялық жағдайдың салдары қоршаған ортаға әсерлердің мынадай түрлері болып табылады:
бөліну бөлшектерінің құлауы барысында және ол жерге түскеннен кейін зымыран отыны құрауыштарының булануы кезінде оның құрауыштарының шығарындыларымен, сондай-ақ егер жерге түскен соң жану басталса, зымыран отыны құрауыштарының жануы өнімдерінің шығарындыларымен атмосфералық ауаның ластануы;
ол жерге соғылғаннан кейін бүлінген кезде бөліну бөлшектерінен тасталған зымыран отыны құрауыштар тасталған кезде топырақ қабатының ластануы;
зымыран отыны мен оның ыдырау өнімдерінің бөліну бөлшектері құлау орнынан шайылып жер үсті су көздеріне түсуі салдарынан жер беті суларының ластануы;
зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің талқандалуы салдарынан пайда болатын қауіпті қалдықтармен - металл сынықтарымен ластану.
4.1. Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің құлау ауданында (бұдан әрі - ЗТББҚА) зымыран-тасығыштың авариялық жағдайымен және атмосфераның зымыран отыны құрауыштары мен оның ыдырау өнімдерінің булары шығарындыларымен ластануына байланысты қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Сақа=Qафқа х АЕК х Ка1 х Ка2 (8)
мұндағы:
Сақа — атмосфералық ауаға ЗТББКД-да зымыран отыны құрауыштарының булануы салдарынан келтірілген залал сомасы, теңге;
Qафқа - ЗТББҚА-да атмосфераға буланған зымыран отыны құрауыштарының физикалық көлемі, кг;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 — атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
ЗТББҚА-ның атмосферасына буланған ЗОҚ-ның физикалық көлемінің есептемесі мына формула бойынша жүргізіледі:
Qафқа = Qнқа х Кар (8.1)
мұндағы:
Qафқа - ЗТББҚА-ның атмосферасына буланған ЗОҚ-ның физикалық көлемі, кг;
Qнқа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кат - ЗОҚ-ның қоршаған орта құрауыштары бойынша таралу коэффициенті. Атмосфера үшін оның мәні 0,2-ге тең.
ЗТББҚА-ның қоршаған ортасында буланған ЗОҚ-ның физикалық көлемі (Qафқа) жеке құрауыштардың физикалық көлемінің сомасына тең(qAфi);
Qафқа = qAф (9)
4.2. Егер ажырайтын бөлшектердің ЗТББҚА-ға түсуі кезінде ЗОҚ жанса, онда олардың жану өнімдерімен атмосфераға келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
СА = Qі х 2,2 АЕК х Ка1 х К2а (10)
мұндағы:
СА - ластаушы заттардың атмосфераға дүркін шығарындыларымен атмосфералық ауаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qі - атмосфераға і-лік ластаушы заттың авариялық шығарындысының көлемі, шартты тонна;
АЕК — тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ка1 - атмосфераны авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті, 1-кестеге сәйкес анықталады;
Ка2 - атмосфераның ластануының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті, 2-кестеге сәйкес анықталады.
Бұл жағдайда авариялық шығарындының көлемі:
Qi = Qафжн х аі (10.1)
мұндағы:
аі - зымыран отыны құрауыштарының жануы кезінде і-лік ластаушы заттың түзілуінің меншікті нормасы, тонна.
Бұл ретте жерге түскен соң тұтанған ЗОҚ-ның жанып кеткен физикалық көлемі мына формуламен анықталады:
Qафвз Qнқа х Кжн (10.2)
мұндағы:
Qафжн - ЗТББҚА-да бөліну бөлшектері түскеннен кейін тұтанған ЗОҚ-ның физикалық көлемі, тонна;
Qнқа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кжн - жерге түскен кезде зымыран отыны құрауыштарының жану коэффициенті, оның мәні 0,8-ге тең.
4.3. Бөліну бөлшектері авариялық жағдайда түскен жерден зымыран отыны құрауыштары мен оның ыдырау бөлшектерінің жер үсті су көздеріне шайылып түсуі кезінде жер үсті су көздерінің ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау есептемесі мына формуламен жүзеге асырылады:
Сқас = Qқас х АЕК х Кс1 х Кс2 (11)
мұндағы:
Сқас - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектері түскен жерден ЗОҚ төгінділерімен су көздеріне келтірілген залал сомасы, теңге;
Qқав - ЗОҚ-ның су көздеріне төгілген физикалық көлемі, кг;
АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Кс1 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың төгінділерімен авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициенті;
Кс2 - қоршаған ортаны ластаушы заттардың авариялық төгінділерімен ластауының экологиялық қауіптілігін ескеретін еселеу коэффициенті.
Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектері авариялық жағдайда түскен жерден жер үсті су көздеріне тасталған ЗОҚ-ның физикалық көлемі мына формуламен жүзеге асырылады:
Qқас = Qнқа х КСр (11.1)
мұнда:
Qқас - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектері түскен жерден жер үсті су көздеріне төгілген ЗОҚ-ның физикалық көлемі, кг;
Qнқа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кст - ЗОҚ-ның қоршаған орта құрауыштары бойынша таралу коэффициенті. Су көздеріне авариялық тастандылар үшін оның мәні 0,4-ке тең.
Жер үсті су көздеріне түскен ЗОҚ-ның физикалық көлемі - Qофқа, жеке құрауыштардың физикалық көлемінің сомасына (qсфі) тең:
Qқав = qсфі (11.2)
4.4. Зымыран тысығыштың бөліну бөлшектері құлау жерлерінде қоршаған ортаға ЗОҚ - сұйық қалдықтардың авариялық орналасуынан келтірілген залал мына формуламен анықталады:
Соқа = Qоқа х Сіқалд х Ко2 (12)
мұндағы:
Соқа - арнайы жабдықталған жерлерден тыс ЗОҚ-ның сұйық қалдықтарын орналастырудан қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы, теңге;
Qоқа - ЗТББҚА шегінен тыс қоршаған ортада орналастырылған сұйық қалдықтардың көлемі, тонна;
Сіқалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге;
Кк2 - қалдықтарды орналастыру орнының экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кесте сәйкес анықталады.
ЗТББҚА шегінен тыс қоршаған ортада орналастырылған қалдықтардың - ЗОҚ-ның көлемі (Qоқа) мына формуламен анықталады:
Qоқа = Qнқа х Кор (12.1)
мұндағы:
Qнқа - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бактарында қалған ЗОҚ-ның физикалық нормативтік көлемі, кг;
Кқт - ЗОҚ-ның қоршаған орта құрауыштары бойынша таралу коэффициенті. ЗОҚ-ны авариялық орналастыру үшін оның мәні 0,4-ке тең.
4.5. Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бүлінуі салдарынан қоршаған ортаға төтенше қауіпті қалдықтарды - металл сынықтарын авариялық орналастыру салдарынан келтірілген залал мөлшері мына формуламен анықталады:
Сқтқа = Qотқа х Сіқалд х Ко2 (13)
мұндағы:
Сқтқа - бөліну бөлшектерінің бүлінуі салдарынан пайда болатын қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталмаған жерлерде авариялық орналастырудан келтірілген залал сомасы, теңге;
Сқтқа - дайындалмаған жерлердегі орналастырылған қауіпті қалдықтардың көлемі, тонна;
Сікалд - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкасы, теңге/тонна;
Кк2 - қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс орналастырудың экологиялық қауіптілік коэффициенті, 3-кестеге сәйкес анықталады.
4.6. Зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің бүлінуі кезінде түзілген қауіпті қалдықтардың көлемі (Qқтқа), оның массасының нормативті мәніне тең қабылданады, яғни:
Qқтқа = Qббн (13.1)
мұндағы:
Qббн - зымыран тасығыштың бөліну бөлшектерінің массасы, тонна.
1-кесте. Ластаушы заттардың шығарындыларымен (тегінділерімен) авариялық (өздігінен) ластағаны үшін еселеу коэффициентінің
мәні Ка
Р/с № | Коэффициентті қолдану шарты | Еселеу коэффициентінің мәні Ка |
1 | Экстремалды жоғарыға жатқызылған ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) | Негізгі ластаушы зат бойынша ШЖБК-дан асуды сипаттайтын сан |
2 | Экстремалды жоғарыға жатпайтын ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) | 10 |
2-кесте. Ластаушы заттардың авариялық шығарындыларымен
(төгінділерімен) қоршаған ортаны ластағаны үшін экологиялық
қауіптілікті ескеретін еселеу коэффициентінің мәні Ка
Р/с № | Коэффициентті қолдану шарты | Еселеу коэффициентінің мәні Ка |
1 | «Байқоңыр» кешені аумағындағы ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарыңдылары (төгінділері) | 1,5 |
2 | Ауыл шаруашылығы алқаптарының және Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарындағы ластаушы заттардың авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) | 3,0 |
3 | Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумағындағы, селитебті және су қорғау аймақтарының ерекше қорғалатын аумақтардағы және су айдындарының акваторияларындағы (тартылғандарын қоса алғанда), ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарының І және II белдеулеріндегі, курорттарды санитариялық қорғау округтерінің І және II аймақтарындағы зымыран отыны құрауыштарының авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) | 5,0 |
4 | Жерге жақын кеңістікте зымыран отыны құрауыштарының жану өнімдерінің авариялық (өздігінен) шығарындылары (төгінділері) | 20 |
3-кесте. Қалдықтарды арнайы жабдықталған жерден тыс
орналастырудың экологиялық қауіптілігі коэффициентінің мәні
Р/с № | Коэффициентті қолдану шарты | Коэффициенттің мәні |
1 | «Байқоңыр» кешені аумағы шегінде жабдықталмаған орындарда қалдықтарды орналастыру | 10 |
2 | Ауыл шаруашылығы алқаптарының және Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өспеген аумақтарының жабдықталмаған жерлеріне зымыран отыны құрауыштарын орналастыру: зымыран отыны құрауыштары; қатты қалдықтар (металл сынықтары). | 25,0 5,0 |
3 | Халықтың тұрақты тұрғылықты мекенінен кемінде 10 км қашықтықта жабдықталмаған жерлерге (әсер етуі мүмкін аймақтар) зымыран отыны құрауыштарын орналастыру: зымыран отыны құрауыштары; қатты қалдықтар (металл сынықтары). | 50,0 10,0 |
4 | Мемлекеттік орман қоры жерінің орман өскен аумақтарының, ерекше қорғалатын аумақтардың, су қорғау аймақтарының және су айдындарының акваторияларындағы (тартылғандарын қоса алғанда), ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймақтарының І және II белдеулерінің, курорттарды санитариялық қорғау округтерінің І және II аймақтарының жабдықталмаған жерлеріне зымыран отыны құрауыштарын орналастыру: зымыран отыны құрауыштары; қатты қалдықтар (металл сынықтары). | 45,0 20,0 |