29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.».
10. Құпия.
11. ҚБП.
12. «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережеде:
9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде республикалық жедел штабқа басшылық етуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы оның бірінші орынбасары болады.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;»;
12-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Күзетілетін тұлғалардың, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдар немесе олардың аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатарынан тағайындайды.
Күзетілетін тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған терроризмге қарсы операцияны өткізу бойынша облыстық, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штаб басшысының орынбасары күзетілетін тұлғаны алып жүретін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жоғары лауазымды адамы болып табылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жедел штабтардың күштері мен құралдарының құрамы, жедел топтарды құру тәртібі, терроризмге қарсы операцияны дайындау мен өткізу барысындағы олардың іс-қимылдарының егжей-тегжейлі тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылға өз құзыреті шегінде қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.»;
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспардың іс-шаралары түрлі деңгейдегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, жаттықтырулар мен тәжірибелер өткізу арқылы әзірленіп, ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен регламенттеледі.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді. Топқа Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының бастығы жетекшілік етеді. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезінде жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдық бөлімшелері бастықтарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс тобы терроризм актісін дайындауға немесе оны жасауға байланысты жедел жағдайды талдауды, оның одан әрі дамуын болжауды, сондай-ақ басқару шешімдерін әзірлеуді жүзеге асырады.».
13. «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және өзге де мемлекеттік органдардың жеке құрамын кәсіби даярлауды үйлестіру мен әдістемелік қамтамасыз етуді қоса алғанда, терроризмге қарсы іс-қимыл саласында кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеуде және келісіп жүзеге асырудағы ынтымақтастық;»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;».
14. «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 44, 647-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларында:
4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін адамдарға немесе объектілерге қатысты терроризм актісі жасалу қатерінің туындауы туралы осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар алған ақпарат та Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кезекші қызметіне дереу жіберіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарын уақтылы өрістету мақсатында террористік қауіптіліктің белгіленген деңгейіне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актілерімен айқындалатын бірыңғай хабардар ету сигналы және олардың құрамына енетін мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын жауынгерлік пайдалануға келтірудің тиісті алгоритмдері қолданылады.».
15. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 624 Жарлығына:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидаларында:
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі - Мемлекеттік күзет қызметі) қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің президенттік резервін бекітуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.»;
6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдар басшылығының президенттік резервіне ұсынылған Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды дайындау Мемлекеттік күзет қызметіне жүктеледі.»;
20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығына ұсынған материалдарға сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты, сондай-ақ Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.».
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 814 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 419-құжат; № 51, 673-құжат; 2013 ж., № 31, 465-466-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 279-құжат; 2011 ж., № 53, 743-құжат; № 55, 783-құжат; 2012 ж, № 57, 773-құжат; 2013 ж, № 18, 308-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 147қ Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж, № 53, 742-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 148 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 743-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 343 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 773-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 3 маусымдағы № 607 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 510 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 18, 308-құжат).
7. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 562 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 465-466-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкімі.
9. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 19 наурыздағы № 205қ өкімі.
10. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы № 20қ өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 мамырдағы № 132қ өкімі.