112) мемлекеттік статистикалық есептілік негізінде халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың республикалық, жергілікті бағдарламаларының мониторингін жүргізу;
113) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
114) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
115) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын қалыптастыру тәртібін айқындау;
116) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
117) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту;
118) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту;
119) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
120) құжаттарды қабылдау және қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын және регламентін әзірлеу;
121) ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесін бекіту;
122) мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
123) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
124) білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлеу тәртібін айқындау;
125) мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру тәртібін айқындау;
126) білім беруді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
127) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
127-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту
128) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
129) орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
130) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
131) мемлекеттік қызмет көрсету;
132) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
133) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту;
134) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларын бекіту;
135) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту;
136) қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
137) қатысушы банк пен оператор арасындағы немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту;
138) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту;
139) бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;
140) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту;
141) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;
142) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту;
143) патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту;
144) орталық және жергілікті атқарушы органдардың білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
145) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
Ведомстволардың функциялары:
1) білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;
техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру;
1-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
1-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
1-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды;
1-4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібінде жүзеге асыратын білім беру ұйымының қызметін тоқтата тұрады;
1-5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
1-6) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асырады;
1-7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексереді;
2) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мыналарды:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;
арнайы және мамандандырылған білім берудің;
балаларға арналған қосымша білім берудің;
балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалар қолдану, істерді қозғау және оларды сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру және ғылым ұйымдарына тексерулер жүргізу жоспарын әзірлеу және бекіту;
6) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізу;
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуден өткізу;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативтік құқықтық актілерді мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз ету;
9) аумақтық органдардың қызметін үйлестіру және бақылау;
10) Комитет қызметінің бағыттары бойынша аумақтық органдарға әдістемелік көмек көрсету;
11) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;
12) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;
13) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;
14) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
15) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;
16) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;
17) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;
18) ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;
19) жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдардың қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;
20) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;
21) PhD докторлық диссертацияларын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру, диссертациялық кеңестер төрағаларын бекіту;
22) ғылыми дәрежелер мен атақтарды беруге арналған аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;
24) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
25) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
26) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын әзірлеу;
27) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін ұйымдастыру;
28) ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын, ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
29) қалыптасу, орындалу мен аяқталу кезеңдерінде мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
30) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу;
31) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;
32) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
33) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін әзірлеу;
34) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;
35) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есепке алынуын бақылауды жүзеге асыру;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтижелердің, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнімнің берілуін бақылауды жүзеге асыру;
37) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
38) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
39) ғылым саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
40) ғылыми ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;
43) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
44) балалар өмірі көрсеткіштерінің мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
45) баланың құқықтарын қорғау, балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуына қарсы іс-қимыл жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мен оның профилактикасы саласында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
46) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
46-3) балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
47) бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық және патронат мәселелері бойынша облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;
48) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
49) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды, балаларды мектепке тасымалдауды, олардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
50) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
51) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бала құқықтары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
52) білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;
53) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша хаттар мен өтініштерді қарау;
54) балалар өмірі сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
55) ҚР Үкіметінің 2013.14.09. № 958 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56) кәмелетке толмағандардың Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында ұсталуын үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
57) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
58) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
59) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мен балалардың әлеуметтік бастамаларын үйлестіру және қолдау;
60) білім және ғылым саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
61) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге ауыстыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
62) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
67) жеткізушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауын бақылауды жүзеге асыру;
68) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
69) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
70) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71) (PhD) философия докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету;
72) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету;
73) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;
74) білімі және (немесе) біліктілігі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды жүргізу;
75) шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларды бақылауды жүзеге асыру;
76) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
76-1) ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады
77) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөніндегі түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асыру;
4) Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
5) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататын қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
7) ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;
8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап-арыз беру;
10) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін білдіреді;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс регламентін бекітеді;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
8) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
23. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкi
24. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта
ұйымдастыру және тарату
27. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 529 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.31.12. № 1440 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 101 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.