61-10) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту;
61-11) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту;
61-12) педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту;
61-13) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
61-14) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту;
61-15) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту;
61-16) экстернат нысанында оқыту қағидаларын бекіту;
61-17) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-18) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша әзірлеу және бекіту;
61-19) білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-20) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
61-21) тармақшаның қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақша ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысының 3-тармағының редакциясында қолданылды
61-21) экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту;
61-22) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-23) стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-24) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту;
61-25) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды бекіту;
61-26) республикалық орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;
61-27) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту;
61-28) формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
61-29) формальды емес білім беретін ұйымдарды тану қағидаларын әзірлеп, бекіту және формальды емес білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесін қалыптастыру;
62) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
63) баланың құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыттау;
63-1) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
64) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен белгіленген тәртіппен қаржыландыруды жүзеге асыру;
65) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
67) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;
68) мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды айқындау;
69) білім беру ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын бекіту;
69-1) мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыру және бекіту;
70) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарын сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту;
71) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру;
72) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1001 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73-1) ҚР Үкіметінің 2016.18.10. № 594 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74) балалар ауылындағы отбасында балаларды күтіп-бағуды және тәрбиелеуді жүзеге асыратын тәрбиеші ананы конкурстық іріктеу тәртібін айқындау;
75) балалар ауылының әкімшілігі туралы ережені бекіту;
76) тәрбиеші аналардың біліктілік санаттарын әзірлеу және белгілеу;
77) балаларды балалар ауылындағы отбасына беру туралы үлгілік шартты бекіту;
78) балалар ауылының, балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың және тәрбиеленушінің (түлегінің) арасында жасалған Жасөспірімдер үйінде күтіп-бағу туралы үлгілік шартты бекіту;
79) азаматтардың денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына қойылатын нормативтік талаптарды әзірлеу және бекіту;
80) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
81) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну және оны ресми басылымда жариялау;
82) даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;
83) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар беру қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
84) кәмелетке толмағандардың заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына адамгершілік пен салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оны білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;
85) арнаулы білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
86) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы ережені бекіту;
87) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;
87-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;
88) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
89) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекіту;
90) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
91) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
92) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
93) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;
95) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
96) ҚР Үкіметінің 2021.01.04. № 199 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
97) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
98) қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін денсаулық сақтау саласындағы, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды нысаналы даярлауды қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында философия (РһD) докторларын нысаналы даярлау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
99) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ректорларын тағайындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
100) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
102) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту;
103) ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 101 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
104) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерді алу;
105) ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 101 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
105-1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
105-2) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
106) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;
107) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту;
107-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту;
108) білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
109) ғылым саласындағы нысаналы және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;
110) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
111) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды аккредиттеуден өткізу;
112) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
113) өз құзыреті шегінде мемлекеттік ғылыми ұйымдар басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
114) бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен білім беру мониторингін жүзеге асыру;
115) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
116) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
117) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке қою үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту;
118) асырап алынған балаларды консулдық есепке қою туралы есептер мен ақпаратты есепке алу қағидаларын бекіту;
119) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына, білім беру ұйымдарына, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, балалардың білім алуға құқығын қамтамасыз ету, тамақтануды, жеткізуді, демалуды, сауықтыруды және бос уақытты ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарына бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту;
120) ҚР Үкіметінің 2019.23.10. № 789 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
121) ҚР Үкіметінің 2020.02.04. № 163 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
122) ҚР Үкіметінің 2019.23.10. № 789 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
123) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
124) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 872 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
125) білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлеу және бекіту;
126) білім беруді мониторингтеуді жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
127) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту;
127-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту
128) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекіту;
129) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту; »;
129-1) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;
130) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
131) мемлекеттік қызмет көрсету;
132) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
133) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту;
134) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларын бекіту;
135) «Орта бiлiм беретін үздiк ұйым», «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» гранттарының мөлшерін және оларды беру тәртiбiн белгiлей отырып, осы гранттарды беруге арналған конкурстарды өткiзу қағидаларын бекiту;
136) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
137) қатысушы банк пен оператор арасындағы немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту;
138) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту;
139) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға ниет білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;
140) ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 507 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
141) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;
142) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту;
143) патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту;
143-1) асырап алынған баланың өмір сүру, оқу, тәрбие жағдайлары туралы және денсаулығының жай-күйі туралы есепті ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, нысанын бекіту;
143-2) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
143-2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкін калыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту;
143-3) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
143-3) Баланы қабылдайтын отбасылар туралы ережені бекіту;
143-4) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
143-4) қабылдаушы ата-аналарға берілген жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды қаржыландыру қағидаларын және мөлшерін бекіту;
143-5) Бала қонақтайтын отбасылар туралы ережені бекіту;
143-6) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту;
144) орталық және жергілікті атқарушы органдардың білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
145) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау функцияларын жүзеге асыру;
146) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
147), 148), 149), 150), 151) және 152) тармақшалары 2019 ж. 11 сәуірде қолданысқа енгізілді
147) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
148) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;
149) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды;
150) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
151) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады;
152) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
153) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
154) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстары мен қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту;
155) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту;
156) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;
157) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiту;
158) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді бекіту;
159) педагогтік әдепті бекіту;
160) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
160) педагог лауазымдарының тізбесін бекіту;
161) тармақша 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
161) мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту;
162) педагогтік қайта даярлау тәртібін бекіту;
163) педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту;
164) тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту;
165) педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту;
166) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту;
167) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
168) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту;
169) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;
170) бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Ведомстволардың функциялары:
1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес:
бастауыш білім;
негізгі орта білім;
жалпы орта білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;
біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;
кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру;
1-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
1-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
1-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды;
1-4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібінде жүзеге асыратын білім беру ұйымының қызметін тоқтата тұрады;
1-5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
1-6) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асырады;
1-7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексереді;