11) тәуекел саласы - кеден органдары топтастырған тәуекелді талдау объектілері, оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану немесе оларды жинақтап қолдану талап етіледі;
12) тәуекел тауарлары - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар тауарлар;
13) ықтимал тәуекел - анықталмаған, бірақ оның туындауы үшін жағдайлар бар тәуекел.
218-бап. Тәуекелді талдау объектілері
Тәуекелді талдау объектілеріне:
1) кедендік бақылаудағы не ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар;
2) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары;
3) сатып алу-сату не айырбастаудың сыртқы экономикалық шарттарында (келісімшарттарда), тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына жасалған келісімдерде не өзге де құжаттарда бар мәліметтер;
4) көліктік (тасымалдау), коммерциялық, кедендік және өзге де құжаттарда бар мәліметтер;
5) декларанттардың және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғалардың қызметі;
6) кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері жатады.
219-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі
1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай:
1) кеден органдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру;
2) мыналарды:
тәуекелдерді талдау объектілерін;
тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін айқындайтын тәуекелді талдау объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын;
тәуекелдер туындаған жағдайда ықтимал залалды бағалауды жүйелі айқындауды қамтитын тәуекелді талдау және бағалау;
3) мыналарды:
тәуекелдер туындауының ықтималдығын және мүмкін болатын салдарын;
тәуекелдерді болдырмау және оларды азайту жөніндегі мүмкін шаралардың қолданылуын талдауды;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының тәуекелді талдау объектілеріне қатысты талаптарын ықтимал бұзушылықтарды ескере отырып, тәуекелдерді басқару бойынша практикалық шараларды әзірлеу және іске асыру міндеттерін орындаудан тұрады.
2. Тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылау нысандарын қолданудың нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды кеден органдары тұрақты негізде жүзеге асырады.
3. Ақпаратты жинау және өңдеу, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізу, тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
4. Тәуекел бейіндерінің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануына арналған құпия ақпарат болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға жария етуге жатпайды.
24-тарау. Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі
220-бап. Камералдық кедендік тексеру
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Камералдық кедендiк тексеру тексерiлетiн тұлға табыс еткен кедендiк декларациялардағы, коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, бақылаушы мемлекеттiк органдардың мәлiметтерiн, сондай-ақ аталған тұлғалардың қызметi туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәлiметтердi зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2. Камералдық кедендік тексеруді кеден органы орналасқан жердегі кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармастан, сондай-ақ ұйғарымды ресімдеместен жүргізеді.
3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Камералдық кедендік тексеру жүргізу барысында кеден органы электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсыну бойынша талапты тексерілетін тұлғаға жібереді.
Электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды табыс ету мерзімі талап тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде, құжаттарды табыс ету мерзімі тексерілетін тұлғаның уәжді сауалы бойынша бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тексерілетін адам камералдық кедендік тексеру кезінде кеден органының жазбаша талабымен белгіленген мерзімдерде электрондық құжат түрінде берілген кедендік декларацияда мәлімделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, кедендік декларацияда осындай құжаттардың негізінде мәлімделген мәліметтер дұрыс мәлімделмеген болып есептеледі.
Кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар болмаған кезде, кедендік баждардың, салықтардың сомаларын кеден органы кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің неғұрлым жоғары шамасын, сондай-ақ кеден органының қолда бар мәліметтерінің негізінде айқындалуы мүмкін тауарлардың санын және (немесе) құнын негізге ала отырып айқындайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламадағы талаптарды орындау, оның ішінде тексерілетін тұлғаның кедендік декларацияны және (немесе) кедендік декларациялардың кедендік құнын түзетуді ұсынуы арқылы, қажет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомаларын өтеу жөніндегі төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып орындау камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою деп танылады.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны осы Кодекстің 221-1-бабының 13-тармағында белгіленген мерзімде орындамау кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап осы Кодекстің 18-тарауына сәйкес өндіріп алу шараларын қолдана отырып, осы Кодекстің 159-бабына сәйкес кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығаруға әкеп соғады.
221-бап. Көшпелі кедендік тексеру
1. Көшпелі кедендік тексеруді кеден органы заңды тұлғаның тұрған жеріне, жеке кәсіпкердің қызметті жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметі іс жүзінде жүзеге асырылатын жерге (бұдан әрі - тексерілетін тұлғаның объектілері) бару арқылы жүргізеді.
2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін.
Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары әзірлейтін жоспарлы тексерулер негізінде жүзеге асырылады.
3. Көшпелі кедендік тексеру ұйғарымның негізінде жүргізіледі.
4. Ұйғарымға кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) қол қоюға тиіс. Ұйғарымның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
5. Ұйғарым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокуратура органдарында тіркеледі.
6. Кеден органының ұйғарымында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) ұйғарымды кеден органында тіркеу күні және ұйғарымның нөмірі;
2) ұйғарымды шығарған кеден органының атауы;
3) тексерілетін тұлғаның толық атауы;
4) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
5) белгіленген тексерудің мәні;
6) кеден органының тексеретін тұлғаларының және кедендік тексеруге тартылған өзге де бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеретін адамдарының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
7) тексеруді жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) тексерілетін кезең.
7. Бір ұйғарымның негізінде тексерілетін тұлғаға бір ғана тексеру жүргізіледі.
8. Көшпелі кедендік тексерудің мерзімі ұзартылған, сондай-ақ ол тоқтатыла тұрған жағдайда, ұйғарымға тиісті жазбалар енгізіледі және тексерілетін тұлға хабардар етіледі.
9. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін мыналар:
1) кеден органдарының және мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының дерекқорындағы Кеден одағының кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының ықтималдығын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
2) Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ықтимал бұзушылық туралы куәландыратын деректердің болуы;
3) тұлғаның, оның ішінде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға өтініші;
4) осы баптың 11-тармағына сәйкес қарсы көшпелі тексеру жүргізу қажеттілігі;
5) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салуы);
6) мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары ұсынған, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын бұзуды куәландыратын мәліметтерді алу;
7) шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпараттық алмасу нәтижесінде алынған мәліметтерді тексеру;
8) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайлар;
9) кедендік тексерулер нәтижелері бойынша шығарылған актілердің орындалуын бақылау, кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешектерді өтеу туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
10) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және Кеден одағының кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де адамдардан ақпараттар мен өтініштер алу;
11) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін тұлға азаматтық-құқықтық қатынастарда болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеру;
12) тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;
13) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратылуға) арналған құжаттарды беруі негіздемелер болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың өзге де нысандарын қолдану, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша, оның ішінде тексерілетін тұлға бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамаған жағдайда тағайындалуы мүмкін.
11. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажет болған жағдайда кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысқан тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізуі мүмкін.
Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
Уәкiлеттi экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелi кедендiк тексерулердi кеден органдары үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізеді.
Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі бойынша шектеу қойылмай жүзеге асырылады.
13. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу:
1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып;
2) алдыңғы тексерулердің, оның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша;
3) мемлекеттік органдардан;
4) банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан;
5) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден және (немесе) өзге де бақылаушы мемлекеттік органдарынан;
6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
7) ресми жолмен өзге көздерден алынған ақпаратты пайдалана отырып жүргізіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді немесе мұндай хабарламаны оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен береді.
Хабарламада жоспарлы көшпелі кедендік тексеру мерзімі, күні, жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі (тексерілетін кезеңге қатысы бар құжаттар және есепке алу жазбалары), көшпелі кедендік тексеру жүргізілген кезде тексерілетін тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.
Почта жөнелтімінің тексерілетін тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағанын куәландыратын белгімен қайтып келуі жоспарлы көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды.
Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру тексерілетін тұлға хабарламаны алған күннен бастап кемінде он бес күнтізбелік күннен кейін не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгісі бар почта жөнелтімінің кеден органына түскен күнінен басталуы мүмкін.
15. Тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы ұйғарымның көшірмесін тапсырған күн көшпелі кедендік тексеру жүргізу басталған күн болып саналады.
Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін тексерілетін тұлғаға кеден органының лауазымды адамы тапсырады не тапсыру туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімімен жібереді.
Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін табыс ету кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы не оның өкілі кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның түпнұсқасына онымен танысқаны туралы, сондай-ақ кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алған күні және уақыты туралы белгі қояды.
Кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартқан жағдайда, кеден органының лауазымды адамы кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымға бұл туралы тиісті жазба жасайды.
Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тартуы, сондай-ақ почта жөнелтімінің тұлғаның тұрған жерінде болмауына байланысты адресатқа хаттың тапсырылмағандығын куәландыратын белгімен қайтып келуі көшпелі кедендік тексеру жүргізудің күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда ұйғарымда кедендік тексеруді жүргізу туралы ұйғарымның көшірмесін алудан бас тарту туралы жазба жазылған күн не адресатқа хаттың тапсырылмағаны туралы белгі қойылған почта жөнелтімі кеден органына келіп түскен күн тексеру басталатын күн болып саналады.
Тексерілетін тұлғаның объектісінде көшпелі кедендік тексеру жүргізуді бастар алдында кеден органының лауазымды адамдары тексерілетін тұлғаның басшысына не оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.
16. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметіне байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқылы емес.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Тексерілетін тұлғаға құжаттар мен мәліметтерді табыс ету туралы талаптар қойылған күн мен мұндай құжаттар мен мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі көрсетілген мерзімге қосылмайды.
Тексеруді жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзімі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.
Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу, Кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сауалдар жолдау, тексерілетін тұлғаның тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды қалпына келтіруі, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыларға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттарды табыс ету қажет болған кезде тексеруді жүргізу кеден органы басшысының (оны алмастыратын адамның) немесе шексіз мерзімге ол уәкілеттік берген адамның шешімі бойынша тоқтатыла тұруы мүмкін.
Көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамаға көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ оның жүргізілуін тоқтата тұру туралы тиісті жазбалар енгізіледі, тексерілетін тұлға нұсқаманың көшірмесі қоса беріле отырып, бұл жөнінде жазбаша хабардар етіледі.
Тексеретін лауазымды адамдардың құрамы, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің кезеңі өзгерген жағдайларда, көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы нұсқамаға толықтыру ресімделеді, онда негізгі нұсқаманың нөмірі мен тіркеу күні көрсетіледі.
18. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 221-1-баппен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 221-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
221-1-бап. Кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау
1. Кедендік тексеру нәтижелері:
1) камералдық кедендік тексеру жүргізу кезінде камералдық кедендік тексеру актісімен;
2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде көшпелі кедендік тексеру актісімен ресімделеді.
Кедендік тексеру актілерінің нысандарын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Кедендік тексеру актісінде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
1) кедендік тексеру актісінің тіркеу нөмірі, оның жасалған орны мен күні;
2) тексеру жүргізу орны;
3) тексеру жүргізген кеден органының атауы;
4) кедендік тексеру тағайындаудың және (немесе) жүргізудің негізі;
5) кедендік тексеру нысаны (камералдық, жоспарлы көшпелі, жоспардан тыс көшпелі);
6) кеден органының тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
7) тексерілетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не тұлғаның толық атауы, тексерілетін тұлғаның орналасқан жері және қызметін іс жүзінде жүзеге асыратын орны туралы мәліметтер, оның сәйкестендіру нөмірлері;
8) тексерілетін тұлғаның банк шоттарының деректемелері;
9) тексерілетін тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
10) тексерілетін тұлғаның кедендік және қаржылық есептілікті жүргізуге, кеден органдары алатын кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуге жауапты лауазымды адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
11) кедендік тексеру жүргізуге мамандар ретінде тартылған басқа да бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), олардың лауазымдары;
12) кедендік тексеру басталған және аяқталған күн (кедендік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған және (немесе) жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда олардың кезеңдері көрсетіледі);
13) тексерілетін кезең;
14) тексерілген, оның ішінде тексерілетін тұлға табыс еткен құжаттар туралы мәліметтер;
15) кедендік тексеру барысында кедендік бақылаудың өзге де нысандарын пайдалану туралы мәліметтер;
16) алдыңғы тексеру және Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұрын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтер;
17) талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды куәландыратын анықталған фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы не олардың жоқ екендігі туралы мәліметтер;
18) кедендік тексеру нәтижелері бойынша түйіндер.
3. Камералдық кедендік тексеру актісін жасау кезінде осы баптың 2-тармағының 9), 10), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер толтырылмайды.
4. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша ресімделген, екі данада жасалатын және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын кедендік тексеру актісі жасалған күн кедендік тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеру актісін кедендік тексеруді жүргізген кеден органының басшысы (оны алмастыратын адам) бекітеді.
Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы кедендік тексеру материалдарына қоса тігіледі, актінің екінші данасы есеп-қисаптары қоса беріле отырып, кедендік тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей тексерілген тұлғаға тапсырылады немесе алғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жіберіледі.
5. Егер кедендік тексеру аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
6. Кедендік тексеру актісіне құжаттардың көшірмелері, кеден органының лауазымды адамы жүргізген есеп-қисаптар және кедендік тексеру барысында алынған басқа да материалдар қоса беріледі.
7. Кедендік тексеру актісі арнайы кедендік тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, тігілуге және кеден органының мөрімен бекемделуге тиіс.
8. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тексеру актісінде тиісті жазба жасалады.
9. Кедендік тексеру жүргізу кезінде Кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу анықталған кезде оның нәтижелері бойынша:
1) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
2) көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талап;
3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама шығарылады.
Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайларда тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 220-бабында көзделген тәртіпке сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін ресімделеді.
Бұзушылықтарды жою туралы талап көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер етпеген бұзушылықтар анықталған жағдайларда шығарылады.
Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтар анықталған жағдайларда, сондай-ақ камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдерді, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерге әсер еткен бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған кезде шығарылады.
10. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органынан басқа кеден органында шығарылған кедендік декларацияларына қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезінде кедендік тексеру актісінің көшірмесі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімдеуді жүргізген кеден органына жіберуге жатады.
11. Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға осы Кодекстің 159 және 160-баптарында көзделген тәртіппен жіберіледі немесе тапсырылады.
12. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және бұзушылықтарды жою туралы талап тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру актісімен бір мезгілде тапсырылады немесе жіберіледі.
Көшпелі кедендік тексеруді өзге кеден органы жүргізген жағдайда, ресімдеуді жүргізген кеден органы бұзушылықтарды жою туралы талапты тексерілетін тұлғаға кеден органы кедендік тексеру актісінің көшірмесін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырады немесе жібереді.
13. Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны және көшпелі кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы талапты орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама немесе талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
14. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру нәтижелеріне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқығы бар.
222-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі
1. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды адамдары кедендік тексеру жүргізу туралы ұйғарымды және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін көрсетілген тұлғалардың тексерілетін тұлғаның объектісіне (тұрғын үй-жайларды қоспағанда) қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен жекелеген объектілерге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қолжетімділігінің арнайы тәртібі белгіленсе, онда мұндай қолжетімділік осы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.