62) әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
63) әскери қылмыс жасаған адамдарды іздестіруді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
64) әскери қылмыстар жөніндегі жедел-іздестіру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады және әскери қызметшілер жасаған ішкі істер органдарының тергеу реттілігіне жататын қылмыстарды тергейді;
65) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғауды жүзеге асырады;
66) заңнамамен бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есепке алуын жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактика шараларын жүргізеді;
67) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
67-1) азаматтық, халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
67-2) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
67-3) көші-қон процестерін мониторингілеу, талдау мен болжамдауды жүзеге асырады;
67-4) көші-қон процестерін реттеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;
67-5) көші-қон процестерін мониторингілеу нәтижелерін халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады;
67-6) өз құзыретi шегiнде босқын деп танылған адамға шыққан елiнде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдем көрсетеді;
67-7) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құрады, сондай-ақ оның ережесін әзірлейді және бекітеді;
67-8) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
68) азаматтар мен лауазымды адамдар, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар үшін белгіленген Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету, болу және ол арқылы транзиттік өту ережелерін олардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
69) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
70) сотталғандарға түзету ықпалын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастырады;
71) сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырады;
72) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
73) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
74) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастырады;
75) қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тартады;
76) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындауды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
77) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
78) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
79) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, қақтығыс аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын тарту туралы шешімдерді орындайды;
80) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
81) медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өңірлік қолбасшылықтарды құрылымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери бөлімдерін және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асырады;
82) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысады;
83) ведомстволық жедел есепке алуды қалыптастыруды, жүргізуді жүзеге асырады;
84) қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
84-1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде лицензия беруді келіседі;
84-2) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын отандық және импорттық өндірістің өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарына қорытындылар береді;
84-3) өртке қарсы нормалар мен қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құрылысы аяқталған кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды және жекелеген қондырғыларды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысады;
84-4) елді мекендердің аумақтарын және мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілерді өрттен қорғауды қамтамасыз етеді;
84-5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы және оларды жұмылдыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жұмылдыруға тұрақты дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді;
84-6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өрттердің алдын алу іс-шараларын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
84-7) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы ұйғарымдар береді;
84-8) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар береді;
84-9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толықтай тоқтата тұрады, субъектілердің өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салады;
84-10) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
84-11) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
84-12) өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
84-13) елді мекендер мен объектілердегі өрт сөндіру бөлімшелерінің өртпен күресуге әзірлігін бақылауды жүзеге асырады;
84-14) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
84-15) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асырады;
84-16) өрттермен байланысты қылмыстар туралы істер бойынша өз құзіреті шегінде анықтау жүргізуді жүзеге асырады;
84-17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бір оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;
85) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Министрлікке басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
19. Ішкі істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1032 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:
1) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ комитет төрағаларының және Министрліктің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктер шеңберін айқындайды, жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
5) Министрліктің атынан ішкі істер органдары орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыреті шегінде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
6) ішкі істер органдары қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен босатады;
7) азаматтарды Министрліктің кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және кезекті полиция (әділет) полковнигіне дейінгі арнаулы атақтарды қоса алғанда, сондай-ақ полковникке дейінгі әскери атақтарды қоса алғанда Министрліктің әскери қызметшілеріне береді;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгізеді;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге, әскери қызметшілерге және жұмыскерлерге тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады, өзәнің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелері;
10) өз құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін, Министрліктің ведомстволарын, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұймдарын құрады және таратады, құрады, қайта құрады;
11) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдарда Министрліктің мүддесін білдіреді;
12) лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке кірер алдындағы конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін бекітеді;
13) республикалық бюджеттен бөлінген қаржы шегінде ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледі;
13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатты тағайындау туралы ұсыну енгізеді;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ол болмаған кезде ішкі істер министрінің өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Ішкі істер министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Министрліктің мүлігі
23. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлігі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.31.08. № 498 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.03.11. № 661 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.13.05. № 258 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.17.07. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.12.01. № 7 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. «Алатау» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан» санаторийі» акционерлік қоғамы.
2. «Арқа» санаторийі» акционерлік қоғамы.
3. «Арман» санаторийі» акционерлік қоғамы.
4. ҚР Үкіметінің 2016.03.11. № 661 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігi
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
1. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Түзеу мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Еңбек-Өскемен» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. ҚР Үкіметінің 2017.17.07. № 431 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Төтенше жағдайлар комитеті
Акционерлік қоғамдар
1. «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы.
2. ҚР Үкіметінің 2017.13.05. № 258 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы.
4. «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестер
1. «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2. «Көкшетау теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
3. «Оқу-клиникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
4. «Алматы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
5. «Ақтөбе теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
6. «Атырау теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
7. «Защита теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
8. «Семей теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. «Жамбыл теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
10. «Орал теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
11. «Қарағанды теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
12. «Қызылорда теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
12-1. «Қазалы теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
13. «Қостанай теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
14. «Павлодар теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
15. «Шымкент теміржол ауруханасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Мемлекеттік кәсіпорындар
«Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.11.03. № 127 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.12. № 1054 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.08.11. № 676 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.21.07. № 443 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.10. № 637 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.01. № 5 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының
тізбесi
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаментi.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының полиция департаментi.
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаментi.
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаментi.
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi.
13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаментi.
14. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаментi.
15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментi.
16. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркiстан облысының полиция департаментi.
17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаментi.
18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлiктегi полиция департаментi.
19. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Алматы» ауданының полиция басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Есiл» ауданының полиция басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаментi «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Көкшетау қаласының полиция басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Степногор қаласының полиция басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Ақкөл ауданының полиция бөлiмi.
26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Аршалы ауданының полиция бөлiмi.
27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Астрахан ауданының полиция бөлiмi.
28. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Атбасар ауданының полиция бөлiмi.
29. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Бұланды ауданының полиция бөлiмi.
30. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Егiндiкөл ауданының полиция бөлiмi.
31. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Біржан сал ауданының полиция бөлiмi.
32. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Ерейментау ауданының полиция бөлiмi.
33. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Есiл ауданының полиция бөлiмi.
34. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Жақсы ауданының полиция бөлiмi.
35. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Жарқайың ауданының полиция бөлiмi.
36. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Зерендi ауданының полиция бөлiмi.
37. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Қорғалжын ауданының полиция бөлiмi.
38. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Сандықтау ауданының полиция бөлiмi.
39. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Целиноград ауданының полиция бөлiмi.
40. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Шортанды ауданының полиция бөлiмi.
41. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Бурабай ауданының полиция бөлiмi.
42. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Ақтөбе қаласының полиция басқармасы.
43. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Әйтеке би ауданының полиция бөлiмi.
44. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Алға ауданының полиция бөлiмi.
45. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Байғанин ауданының полиция бөлiмi.
46. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Ырғыз ауданының полиция бөлiмi.
47. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Қарғалы ауданының полиция бөлiмi.
48. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Мәртөк ауданының полиция бөлiмi.
49. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Мұғалжар ауданының полиция бөлiмi.
50. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Темiр ауданының полиция бөлiмi.
51. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Ойыл ауданының полиция бөлiмi.
52. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Қобда ауданының полиция бөлiмi.
53. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Хромтау ауданының полиция бөлiмi.
54. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi Шалқар ауданының полиция бөлiмi.
55. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Алатау ауданының полиция басқармасы.
56. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Алмалы ауданының полиция басқармасы.
57. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Әуезов ауданының полиция басқармасы.
58. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Бостандық ауданының полиция басқармасы.
59. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Жетiсу ауданының полиция басқармасы.
60. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Медеу ауданының полиция басқармасы.
61. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Түрксiб ауданының полиция басқармасы.
62. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаменті Наурызбай ауданының полиция басқармасы.
63. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi Алматы қаласының метрополитеніндегi полиция басқармасы.
64. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Талдықорған қаласының полиция басқармасы.
65. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Еңбекшiқазақ ауданының полиция басқармасы.
66. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Iле ауданының полиция басқармасы.
67. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Қарасай ауданының полиция басқармасы.
68. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Талғар ауданының полиция басқармасы.
69. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Қапшағай қаласының полиция бөлiмi.
70. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Текелi қаласының полиция бөлiмi.
71. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Ақсу ауданының полиция бөлiмi.
72. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Алакөл ауданының полиция бөлiмi.
73. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi Балқаш ауданының полиция бөлiмi.