10-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсыну;
10-3) халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауы бойынша бақылауды жүзеге асыру;»;
5) 10-бап мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) осы Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркейді.»;
6) 11-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықты жұмыспен қамту орталығы:»;
3), 6), 9) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтініш жасаған адамдарды осы Заңның 13-бабына сәйкес жұмыс іздеушілер ретінде тіркейді;»;
«6) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жеке өзі барған немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы өтініш жасаған кезде оларды лайықты жұмыстың бар екендігі туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі;»;
«9) жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізеді;»;
«11) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге де адамдарға еңбек делдалдығын көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы өтеусіз негізде береді;
11-2) тіркелген жұмыссыздарға қатысты бюджет қаражаты есебінен және көрсетілген қызметтер үшін олардан төлемақы алмай, халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
11-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың іске асырылу барысын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
7) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Жұмыс іздеп жүрген адам
1. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығында тікелей не «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай:
1) жеке басын куәландыратын;
2) еңбек қызметін растайтын (бар болған кезде);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімдерінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болған кезде) бар екендігі туралы құжаттардың негізінде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.
Он алты жасқа толмаған адам сонымен қатар, өзінің заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы, оны бос орындар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабардар ете отырып, өтеусіз негізде оған жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.
3. Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығынан (кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен) лайықты жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар - кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне барып немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар ете отырып, жұмыс іздеуге, сондай-ақ кәсіптік оқытуға қатысуға мүдделілік білдіруге тиіс.
14-бап. Жұмыссыздарды тіркеу
1. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген кезең өткен соң екі жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдау үшін жібереді.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, осы баптың 6-тармағында және осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған, жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу оның деректері мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы тексеріл геннен кейін жұмыспен қамтудың жеке картасына алынған мәліметтер енгізіле отырып жүзеге асырылады.
3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркеу күні немесе тіркеу ден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның шешімі қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
4. Жұмыссыз ретінде тіркелген адамның өтініші бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы өтеусіз негізде анықтама береді, оның қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
5. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстар алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар - кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы жеке өзі жүгініп немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабардар етуге тиіс.
6. Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетін өзге де жұмысы бар;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.»;
8) 15-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықты жұмыспен қамту орталықтарынан:
лайықты жұмыс іздестіру және жұмысқа орналасуға, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жәрдемдесу бойынша;
консультациялық;
ақпараттық;
қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығына бару немесе оны хабардар ету тәртібін, шарттарын және мерзімдерін сақтауға;»;
3) тармақшадағы «берген жұмысқа жолдаманы алған» деген сөздер «хабардар еткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 16-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды (осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) мынадай жағдайларда:
1) халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;»;
2) тармақшада:
екінші абзацтағы «жолдама берген» деген сөздер «хабардар еткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жұмыссыз адам халықты жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Заңда көзделген мерзімдерін дәлелсіз себептермен бұзғанда;»;
10) 18-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби ақпарат беруді;»;
11) 19-баптың 5, 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кәсіптік оқыту еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріліп, оның ішінде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар білім беру ұйымдарында не жұмыс берушілердің оқу орталықтарында жұмыс берушілерді қоса қаржыландыру ескеріле отырып, бюджет қаражаты шегінде жүргізіледі.
6. Кәсіптік оқыту жөніндегі әлеуметтік келісімшарт халықты жұмыспен қамту орталығы, кәсіптік оқытуды жүргізетін ұйым, жұмыс беруші және оқитын адам арасында жасалады.
7. Халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік оқытуға жіберген, оқуын өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтат қан адамдар жұмыс іздеп жүрген адамдар не жұмыс сыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап бір жыл өткен соң оқуға қайта жіберілуі мүмкін, бірақ ол бір реттен аспайды.»;
12) 20-бапта:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы еңбек қызметін өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.»;
13) 21-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жастар практикасына қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан адамдар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайта қатыса алады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
14) 22-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың жұмыссыздар ретінде тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібімен олардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар қоғамдық жұмыстарды құруға өтінім ұсынған өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырыла тын жұмыс орындарының санын, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және оларды қаржыландыру көздерін бекітеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоғамдық жұмыстарға қатысуды өз еркімен, дәлелсіз себеппен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретінде есептен шығарылады және жұмыссыздар ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберілуі мүмкін.»;
15) 23-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
16) 24-бапта:
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бір облыс шегінде - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған кезде экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға;
2) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды және оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары, сондай-ақ ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, халықты жұмыспен қамту саласындағы үкіметтік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.»;
4-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:
1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді;»;
17) 26-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді уақтылы енгізеді.»;
18) 28-бапта:
1-тармақтың 5), 6) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындарын беру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі жіберген адамдарды ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес бар бос орындарға қабылдау;»;
«8) сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындарды және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы беру;»;
2-тармақта:
1), 2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) бар екендігі туралы мәліметтерді еңбек жағдайлары мен төлемақысын көрсете отырып, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы жіберуге;
2) жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босайтыны туралы, жұмыстан босатылуы мүмкін жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігін және еңбегіне ақы төлеу мөлшерін және олар жұмыстан босатылатын мерзім дерді көрсете отырып, жұмыстан босату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы толық көлемде беруге;»;
«4) жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы уақтылы (жұмысқа орналастыру үшін жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы хабарлауға;»;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;»;
3-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) оған тікелей өтініш жасаған адамдарды халықты жұмыспен қамту орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдармен тең жағдайларда жұмысқа қабылдауға;»;
«4) қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыруға қатысуға, уақытша сипаттағы жұмыстардың басқа да түрлерін ұйымдастыруға және жүргізуге;»;
19) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«30-бап. Еңбек делдалдығын көрсету
1. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өтініш жасаған өзге де адамдарға халықты жұмыспен қамту орталықтары, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері осы Заңның 11 және 31-баптарына сәйкес еңбек делдалдығын көрсетеді.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасуға құқылы.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасу жөніндегі ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығы ол жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында орналастырады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінде халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тиісті тәжірибесі, жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.»;
20) 31-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасындағы «іс-қимыл жасауға құқығы бар.» деген сөздер «іс-қимыл жасауға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға құқығы бар.»;
2-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін өтініш жасаған және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы тоқсан сайын беруге;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шартты іске асыру туралы ақпаратты халықты жұмыспен қамту орталығына ай сайын беруге;»;
21) 32-бапта:
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;»;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
11) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесінде көзделген шетелдік және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика салаларында» деген сөздер алып тасталсын;
22) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды береді және (немесе) ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.»;
23) 34-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде өз бетінше жұмысқа орналасу үшін анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, ұзарту үшін өтініш жасайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өз бетінше жұмысқа орналасқан жағдайда, анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын және шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың білік тілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасу үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.»;
24) 37-баптың 2-тармағындағы «Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер «Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы сәуірдің 16-ы.
№ 147-VІ