екінші және төртінші абзацтар «тұлғалар» деген сөзден кейін «, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «ұйымдар» деген сөзден кейін «, оның ішінде делдал-банктер, сондай-ақ ақша аударымы жөніндегі қызметтерді көрсететін пошта операторлары» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 8-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «3-1)» деген цифрлар «3-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «одан әрі жалғастыруға», «рұқсатын» деген сөздер тиісінше «жалғастыруға», «жазбаша рұқсатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «клиенттің», «қаражат көздерін» деген сөздер тиісінше «осындай клиенттің», «ақшасының және (немесе) өзге де мүлкінің шығу көзін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша «шараларын» деген сөзден кейін «тұрақты негізде» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «1-тармағының» деген сөздер «1-тармағының 1),» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «3-1)» деген цифрлар «3-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
8) 9-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «респондент-шетелдік» деген сөздердің алдынан «жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 10-баптың 3-2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «(заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 11-бапта:
1-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «және терроризмді қаржыландыруды» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзац:
«Қаржы мониторингі субъектілері» деген сөздер «Заңды тұлға құратын қаржы мониторингі субъектілерінің басқару органы немесе атқарушы органы және заңды тұлға құрмайтын қаржы мониторингі субъектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әрі орындайды» деген сөздер «және қаржы мониторингі субъектілері оларды қаржы мониторингі субъектілері көрсететін қызметтердің кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелерін, ұйымның мөлшерін, сипаты мен күрделілігін ескере отырып, орындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «қаржы мониторингі субъектілерінің Ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты жұмыскерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді» деген сөздер «қаржы мониторингі субъектісінің басшы қызметкерлерінің немесе қаржы мониторингі субъектісінің тиісті құрылымдық бөлімше басшысының деңгейінен төмен емес өзге де басшыларының арасынан, ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты адамды тағайындау туралы талапты, сондай-ақ қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларының іске асырылуына және сақталуына жауапты қызметкерлеріне қойылатын өзге де талаптарды, оның ішінде мінсіз іскерлік беделінің болуы туралы талапты қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «және терроризмді қаржыландыру» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері осы қаржы тобы үшін оның қатысушыларының өзіндік ерекшелігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, ішкі бақылау қағидаларын әзірлеуге, қабылдауға және орындауға құқылы.»;
3-1-тармақта:
екінші бөлік «хабарлауға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөнінде қосымша бақылау шаралары мен рәсімдерді қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Төлем агентімен немесе қосалқы төлем агентімен төлем қызметтерін көрсету жөнінде агенттік шарт жасасқан ұйымдар оны қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өздерінің бағдарламаларына енгізуге және оның осындай бағдарламаларды орындауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.»;
3-2-тармақта:
бірінші абзацтағы «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші абзацтардағы «және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды», «және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалар» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен» деген сөздер «Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын, оның ішінде қаржы мониторингіне жататын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Клиенттерге ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі қолданылған шаралар туралы, іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту туралы, сондай-ақ ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту туралы хабарлауды қоспағанда, клиенттерге және өзге де тұлғаларға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қабылдайтын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы хабарлауға тыйым салынады.»;
6-тармақта:
«қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны жария ету болып табылмайды» деген сөздер «коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған және қаржы тобының қатысушылары болып табылатын қаржы мониторингі субъектілері ішкі бақылаудың іске асырылуы шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттар алмасуды және оларды ішкі бақылау қағидаларында белгіленген тәртіппен пайдалануды мынадай шарттар сақталған кезде:
1) алмасуы осы тармаққа сәйкес жүзеге асырылатын ақпарат пен құжаттарға қатысты қаржы мониторингі субъектілері қаржы тобы үшін ішкі бақылау қағидаларында белгіленген талаптарды орындаған;
2) алмасуға және пайдалануға осы тармаққа сәйкес жол берілетін ақпарат пен құжаттардың анықтығы мен дәлдігіне күмән болмаған кезде;
3) қаржы мониторингі субъектісі клиентінің осындай қаржы тобының басқа қатысушыларына клиент туралы ақпарат пен құжаттарды беруге және олардың пайдалануына жазбаша түрдегі келісімі болған кезде жүзеге асыруға құқылы.»;
7-тармақтағы «олардың лауазымды адамдары» деген сөздер «олардың жұмыскерлері және лауазымды адамдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 11-1-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
«және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктердегі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы «кірістерді» деген сөздің алдынан «технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 12-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Уәкілетті орган дереу, бірақ ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді орналастырады және оны Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына және ұйымдарға жібереді.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға қатысты:
атауы;
заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумақта) тіркелген нөмірі (болған кезде);
тіркелген және (немесе) орналасқан жерінің мекенжайы;
заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер.»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпелер.
1. Осы баптың мақсатында терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның отбасы мүшелері деп: зайыбы (жұбайы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің кәмелетке толмаған (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы (қамқоршылығындағы) балалары; асырауындағы ата-анасы мен жұбайының (зайыбының) ата-анасы танылады.
2. Осы баптың мақсатында ұйым деп заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым да түсініледі.»;
13) 12-1-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе.
Осы баптың мақсатында ұйым деп заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым да түсініледі.»;
14) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
«12-3-бап. Заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесін анықтау
1. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдауға және оларды сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеуге міндетті.
2. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым:
1) өздерінің бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеруге;
2) жылына бір реттен сиретпей не өзгерістер енгізілген жағдайда, өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді жаңартып отыруға, сондай-ақ мұндай мәліметтерді құжаттық тіркеуге;
3) өздерінің бенефициарлық меншік иелері туралы, сондай-ақ өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты алған кезден бастап кемінде бес жыл сақтауға міндетті.
3. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым өзінің құрылтайшыларынан (қатысушыларынан), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын тұлғалардан өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
4. Құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын, сондай-ақ заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылайтын жеке, заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым осындай заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға өздерінің бенефициарлық меншік иелерін анықтау және олар туралы мәліметтерді жаңарту үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті.
5. Заңды тұлға және заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым уәкілетті органның сұрау салуы бойынша бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
6. Осы Заңда көзделген мақсаттарда және тәртіппен заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға беруі, банктік құпияны қоспағанда, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, дербес деректерді, сондай-ақ заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты жинау, өңдеу шарттарын бұзу болып табылмайды.
Ескертпе.
Осы баптың мақсатында заңды тұлға деп, мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор субъектісін қоспағанда, ұйым түсініледі.»;
15) 13-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«2-1)» деген цифрлар «2-1), 2-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«жеке немесе заңды тұлғамен» деген сөздер «жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, қаржы мониторингі субъектілері жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға міндетті.»;
1-1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банктік шоттары бойынша, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің (банктік шоттарға қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
осындай ұйымдар мен жеке тұлғалардың банктік шотын пайдаланбай төлем немесе ақша аударымы бойынша нұсқауларды, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның нұсқауларын орындауды тоқтата тұруға;
бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің, тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйымның, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлғаның жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды бұғаттауға;»;
«осындай ұйым немесе жеке тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент жасайтын не оның пайдасына жасалатын (осындай тұлғаның банктік шотына ақшаны есепке жатқызуды, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді, аударуды қоспағанда), тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның меншігіндегі немесе бақылауындағы ұйым жасайтын не оның пайдасына жасалатын, сондай-ақ осындай ұйымның немесе осындай жеке тұлғаның атынан немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға жасайтын не олардың пайдасына жасалатын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын өзге де операцияларды жүргізуден бас тартуға міндетті.»;
2-тармақтың төртінші бөлігіндегі «жеке немесе заңды тұлғаға» деген сөздер «жеке, заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы Заңға сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту, оларды тоқтата тұру, сондай-ақ іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту немесе іскерлік қатынастарды тоқтату тиісті шарттардың (міндеттемелердің) талаптарын бұзғаны үшін қаржы мониторингі субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығына негіздер болып табылмайды.»;
16) 14-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген тәртіппен АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.»;
17) 16-бапта:
5-1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздер «жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-6) тармақша «қаржы мониторингі» деген сөздердің алдынан «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-8) тармақшамен толықтырылсын:
«13-8) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдардың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ұйымдардың және жеке тұлғалардың қызметін талдау және мониторингтеу, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі практиканы, ұсыныстарды жинақтап қорыту туралы ақпаратты уәкілетті органға беру нысаны мен мерзімдерін белгілейді;»;
18) 18-бапта:
2-тармақта:
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;»;
4) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) өз құзыреті шегінде қаржы мониторингі субъектілері үшін олардың қызметінің ерекшеліктері мен өзіндік ерекшелігін ескере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге және бекітуге;
6) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде уәкілетті органға жыл сайын осындай ақпарат бере отырып, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан қаржы мониторингі субъектілерінің қызметіне талдауды және мониторингті өз құзыреті шегінде жүргізуге, Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын жинақтап қорытуға және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адам, оның зайыбы (жұбайы) және жақын туыстары туралы мәліметтерді уәкілетті органға мұндай жария лауазымды адам Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органында немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға сайланған немесе тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынады.»;
19) 19-4-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сұрау салу жіберген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары берілген ақпараттың, мәліметтер мен құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етеді және оларды сұрау салуда көрсетілген мақсаттарда ғана пайдаланады.».
10. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бап мынадай мазмұндағы 63-6) тармақшамен толықтырылсын:
«63-6) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады;».
11. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 2) тармақшасы «сақталуына» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекетте (аумақта) тіркелген заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдар төлем ұйымдарының жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билік ете алмайды.
Төлем ұйымының жарғылық капиталына қатысу үлестерін жанама иелену не жарғылық капиталына қатысу үлестерін иелену (дауыс беру) төлем ұйымына қатысушының заңды тұлғасының шешімдерін басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін (акцияларын) иелену (дауыс беру) арқылы айқындауға мүмкіндік береді.»;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: