2-4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
15) 34-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады.
Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:
1) салынып жатқан объектіге еркін кіруге;
2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;
3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;
4) белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.
5. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:
1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауына қадағалауды қамтамасыз етуге;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
3) объектіде осы Заңның 31-1-бабы 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуына қадағалауды қамтамасыз етуге;
4) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;
5) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынуға;
7) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;
8) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
16) мынадай мазмұндағы 34-2 және 34-3-баптармен толықтырылсын:
«34-2-бап. Құрылысқа тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері
1. Құрылысқа тапсырыс беруші:
1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
2) мердігерден талаптар бұзыла отырып орындалған жұмыстарды қабылдамауға;
3) техникалық қадағалау қызметін бақылауға;
4) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда техникалық және авторлық қадағалаулардың қорытындыларын алудан бас тартуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Құрылысқа тапсырыс беруші:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беруге;
2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге;
3) техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы объектінің құрылысын қамтамасыз етуге;
4) мердігерге (бас мердігерге) техникалық және авторлық қадағалаулардың нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін шаралар қолдануға;
5) техникалық және авторлық қадағалау үшін жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын орындауды қамтамасыз етуге;
7) техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде объектінің тұрған жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін, сәйкестік туралы декларацияны және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және олардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
34-3-бап. Мердігердің (бас мердігердің) құқықтары мен міндеттері
1. Мердігер (бас мердігер) тапсырыс берушіден:
1) жасалған шарт шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайлар ұсынуды;
2) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуді талап етуге құқылы.
2. Мердігер (бас мердігер):
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына, Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға;
2) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық (кiру, операциялық, аралық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлері мен нысандарын жүзеге асыруға;
3) атқарушылық техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етуге;
4) құрылыс процесінде анықталған кемшіліктерді (ақаулар мен шалағайлықтарды) уақтылы жоюға;
5) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының сауалы бойынша орындалып жатқан (орындалған) құрылыс-монтаждау жұмыстарының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының сапасына зертханалық бақылау жүргізуге;
6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша лауазымды адамдарының объектіге жіберілуін қамтамасыз етуге;
7) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларын, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың нұсқауларын орындауға;
8) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына кедергі келтіруге және араласуға жол бермеуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;
17) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) 35-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органдардың штат қызметкерлері жатады.»;
4) тармақша алып тасталсын;
18) 60-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды қандай да бір өзгертуге байланысты емес, сәулеттік-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаларды нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тәртібі, оның міндетті құрамы мен мазмұны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтермен белгіленеді.»;
9-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамамен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі, объектінің жұмыс істеу орнықтылығы және еңбекті қорғау нормаларын сақтау;»;
19) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаңа үйлер мен ғимараттардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылыс жобасы (жобалау-сметалық құжаттамасы) объектінің орналасқан жерiнiң қала құрылысы тұрғысынан негiзділігін, құрылыс жүргiзу және құрылысы аяқталған объектiні пайдалануға тапсыру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдеу шешімдері мен өзге де шешiмдерді қамтуға тиiс.
Құрылыс жобаларына жүргізілген техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде орындалған және:
1) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жатпайтын, бұрыннан бар объектілерді күрделі жөндеуге немесе үйлер мен ғимараттарды реставрациялауға;
2) пайдаланылатын объектілерді реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға немесе техникалық қайта жарақтандыруға;
3) авариялық үйлер мен ғимараттарды бұзуды қоспағанда, өз ресурсын тауысқан бөлшектенетін объектiлердi кейiннен кәдеге жаратуға;
4) құрылысы тоқтатыла тұрған аяқталмаған объектілерді консервациялауға (консервациядан алуға) арналған жобалау-сметалық құжаттама да жатады.»;
20) 64-бап алып тасталсын;
21) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Жобалар сараптамасы
64-1-бап. Құрылыс және аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға сараптама
1. Объектілердің құрылысы саласындағы жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы сараптама ұйымдары жүргізеді және техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар жүзеге асырады.
Аумақтардың қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешенді қала құрылысы сараптамасын сараптама комиссиялары немесе сараптама топтары жүргізеді, олардың құрамына қала құрылысы жобаларының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша аттестатталған сарапшылар кіреді.
Оң сараптама қорытындылары қаралған жобаларды бекіту үшін негіз болып табылады.
2. Міндетті сараптамаға:
1) кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді талап ететін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті өкілді органдардың бекітуіне жататын, аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары;
2) бюджет қаражаты есебінен немесе осы қаражаттың қатысуымен қаржыландырылатын, сондай-ақ бюджет қаражатының қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің көлеміндегі мемлекеттік меншіктің үлесі заңнамада белгіленген тәртіппен көзделетін, сондай-ақ мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыз қаражаттың қатысуынсыз тұрғызылатын үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама жатады.
3. Жобалануы мен салынуы кезең-кезеңмен көзделетін объектілер мен кешендер бойынша жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама сараптамалық қолдау режимінде осы жобаны әзірлеудің тиісті кезеңдері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Сараптамалық қолдауды жүзеге асыру тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік нормативтерде белгіленеді.
4. Бюджет қаражатының немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуынсыз қаржыландырылатын техникалық жағынан күрделі емес объектілердің құрылыс жобалары мынадай объектілер бойынша міндетті сараптамаға жатпайды:
1) республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сәулет-жоспарлау тапсырмасына сәйкес лицензиясы бар тұлғалар орындаған жеке тұрғын үйлер. Бұл талап Қазақстан Республикасының астанасындағы жеке тұрғын үй құрылысына қолданылмайды;
2) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстар, тұрғын және тұрмыстық үй-жайлар;
3) жеке үй жанындағы учаскелердiң аумағындағы, сондай-ақ бағбандық және бақшалық серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) учаскелерiндегi шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар;
4) жұмыс iстеп тұрған инженерлiк желілерді өзгертудi талап етпейтiн үй жанындағы учаскелер мен саяжай учаскелерiн абаттандыру;
5) контейнермен және блокпен орындалатын ықшам кешендер, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен келiсудi талап етпейтін сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету объектілеріне арналған бiр қабатты үйлер (ғимараттар);
6) автомашиналар саны елу бірліктен аспаған кезде ашық үлгiдегi автотұрақтар, сондай-ақ екеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстерi бар гараждар;
7) бұрыннан бар үйлерде жүзеге асырылатын және тiреу конструкцияларын өзгертудi талап етпейтiн өндірiстiк емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
8) инженерлiк желілерді электр коррозиясынан қорғау;
9) желілік инженерлiк жолдар мен оларға арналған ғимараттарға олардың жағдайын, салыну белгілерін, құбырлардың диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеу;
10) шағын сәулеттiк нысандар мен аумақтардың қоршаулары;
11) үйлердің (ғимараттардың) маңындағы ашық спорт алаңдары, тротуарлар, төселген тастар;
12) технологиялық ресурсы таусылған және кәсiпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейiндеудi талап етпейтiн технологиялық немесе инженерлiк жабдықтардың бірліктерін жөндеу және ауыстыру;
13) лицензиясы бар тұлғалар орындаған және қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақ кесіп беруді) талап етпейтін, конструкциялардың есептік беріктігін төмендетпейтін, сәулеттік-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапаларын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізбейтін, бұл жөнінде жоба авторының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) тиісті жазбасы бар, тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
14) меншік иелерінің жеке пайдалануына арналған техникалық жағынан күрделі емес басқа да құрылыстар.
Көрсетілген жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама тапсырыс берушінің қалауы бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
5. Бұрын салалық және ведомстводан тыс кешенді сараптамалардың оң қорытындылары берілген, құрылыстың бекітілген жеке жобаларын қайта қолдану кезінде, сондай-ақ жаппай құрылысқа арналған қолданыстағы үлгілік жобаларды қайта байланыстыру кезінде қайталама салалық сараптамалар жүргізілмейді, бірақ бұл жобаларды нақты жергілікті жерге және жағдайларға байланыстыру бөлігінде ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтеді.
6. Міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын құрылыс жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттаманы), оның оң қорытындысы болмаса, бекітуге және одан әрі іске асыруға жол берілмейді.
7. Құрылыс жобаларының (техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың) тапсырыс берушісі осы жоба бойынша сараптама жұмыстарының тапсырыс берушісі де болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тапсырыс берушінің міндетіне құрылыс жобаларын әзірлеуге және оларға сараптама жасауға бөлек конкурстарды ұйымдастыру және өткізу кіреді. Бөлек конкурстар жобаны дайындау мен өткізілген конкурс нәтижелері бойынша сол уақытқа жеңімпаз деп айқындалған сараптама ұйымына оны ұсыну арасында үзіліс болмайтындай мерзімдерде өткізіледі.
8. Ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік монополияға жатпайтын және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын жобалардың тапсырыс берушісі сараптама жүргізу үшін өз қалауы бойынша кез келген аккредиттелген сараптама ұйымын таңдауға құқылы.
9. Тапсырыс берушілер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу үшін мемлекеттік нормативтерде көзделген құжаттардың толық жинақталымын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына тапсырыс беруші жауапты болады.
10. Сараптама ұйымдары сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құрады, сондай-ақ мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды), оның ішінде шет мемлекеттің тиісті органы берген сараптама қызметімен айналысу құқығына арналған құжаттары бар шетелдік сарапшыларды тартады.
Қаралатын жобаларды дайындауға және (немесе) әзірлеуге тікелей немесе жанама қатысқан не оларды әзірлеген жобалау ұйымдарының өкілдері болып табылатын мамандарды сараптама комиссияларының (сараптама топтарының) құрамына кіргізуге, сондай-ақ жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптамаға қатысудың өзге де нысанына тартуға жол берілмейді.
11. Тапсырыс берушілер және жобалаушылар, сондай-ақ сарапшылар немесе сараптама ұйымдары тараптардың бірі жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүргізу немесе оның нәтижелерін қорыту тәртібін бұзған жағдайларда, осы өтінішін негіздей отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Тапсырыс беруші жүргізілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерімен келіспеген кезде сарапшылардың қорытындысына сот тәртібімен шағым жасауы мүмкін.
12. Тапсырыс беруші сапасыз әзірленген және бұрын сараптамамен мақұлданған жобаға және (немесе) құрылыс барысында анықталған бекітілген жобадан негізсіз ауытқуларға байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына өзгерістер енгізу қажеттігін анықтаған жағдайда да сараптама жүргізіледі.
Мұндай жағдайда, тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты жібереді.
64-2-бап. Құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны және оны жүргізу мерзімдері
1. Құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама қаралып отырған жобаны әзірлеу құнына шығындарды жатқыза отырып, сараптамаға тапсырыс берушілер мен сараптама ұйымдары жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Қаржыландыру көзіне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен баға бойынша айқындалады.
3. Аккредиттелген сараптама ұйымдары орындайтын сараптама жұмыстарының құны тапсырыс беруші мен сараптама ұйымы арасындағы шартқа сәйкес белгіленеді.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалатын шарттар бойынша сараптама жұмыстарының құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен баға бойынша айқындалатын құннан төмен болмауға тиіс.
4. Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі мен ұзақтығы (мерзімдері) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен айқындалады және құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметінің барлық субъектілері үшін бірыңғай болып табылады.
64-3-бап. Жобаларға сараптама түрлері
1. Жобаларға сараптама мынадай түрлерге бөлінеді:
1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама);
2) мемлекеттік монополияға жатқызылған құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама;
3) мыналар:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жобалар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптама комиссиялары;
мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптама топтары жүзеге асыратын, қала құрылысының әр түрлі деңгейдегі жобаларына міндетті сараптама - кешенді қала құрылысы сараптамасы;
4) мүдделі мемлекеттердің уәкілетті органдары құратын халықаралық сараптама комиссиялары жүзеге асыратын, объектілерді жобалау және салу немесе аралас шекара маңы аумақтарының қала құрылысын жоспарлау бойынша тиісті халықаралық шарттардың екі және одан да көп қатысушы мемлекеттері үшін өзара мүддені білдіретін жобаларға мемлекетаралық сараптама.
2. Әр түрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары (қала құрылысы жобалары) осы Заңда, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді. Кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындылары тиісті деңгейдегі қала құрылысы жобаларын бекіту және оларды одан әрі іске асыру үшін негіз болып табылады.
3. Екі және одан да көп елдердің мүдделерін қозғайтын жобалар бойынша мемлекетаралық сараптама жүргізу тәртібі халықаралық шартқа сәйкес белгіленеді.
64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі
1. Мемлекеттік монополияға:
2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 38-тармақтың 21) тармақшасының елу алтыншы, елу жетінші және елу сегізінші абзацтарының қолданысы тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы абзацтар осы Заңның 3-бабының редакциясында қолданылады
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерге жатқызылған жаңа объектілерді;
жаңа бірегей құрылыс объектілерін;
бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандарының қатысуымен қаржыландырылатын техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа ғимараттар мен құрылыстарды салу жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға);
2) егер жобаның қалған бөліктері бойынша сараптаманы аккредиттелген сараптама ұйымы жүргізсе, мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен қаржыландырылатын объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың құрамынан туындаған сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жатады.
2. Мемлекеттік монополияға жататын ведомстводан тыс кешенді сараптаманы қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілеріне қолданылмайды.
64-5-бап. Аккредиттелген сараптама ұйымдары
1. Аккредиттелген сараптама ұйымдары:
осы Заңның 64-4-бабының 1-тармағында көзделген жобаларды қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді;
палата құрылған кезден бастап оның мүшелері (қауымдастырылған мүшелері) болуға міндетті.
2. Аккредиттелген сараптама ұйымдары, егер:
1) объектілердің құрылысы сараптаманы кезең-кезеңмен жүргізу арқылы қолдау табатын (сараптамалық қолдау), тиісті кезеңдер бойынша әзірленетін жобалау-сметалық құжаттама бойынша кезең-кезеңмен жүргізілуге тиіс болса;
2) объектілердің (кешендердің) құрылысы іске қосу кешендері немесе кезек бойынша көзделсе;
3) инженерлік немесе көліктік инфрақұрылымның желілік құрылыстарын салу жеке учаскелерге (кесінділерге) бөлінсе, жергіліктісараптама қорытындыларын бере отырып, жобаға арналған құжаттардың толық жинақталымына тұтастай да, жобаның жекелеген бөлімдеріне (бөліктеріне) де сараптама жүргізуге құқылы.
Жобаның жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жергілікті қорытындылары жобалау-сметалық құжаттаманы тұтастай бекіту үшін негіздер болып табылмайды, бірақ жиынтық сараптама қорытындысының құрамында пайдаланылады. Техникалық зерттеп-қарау нәтижелері негізінде объектідегі тозған элементтерді немесе инженерлік жүйелерді ауыстыру арқылы пайдалану сапаларын қалпына келтіру мақсатында күрделі жөндеу жүргізу үшін сметалық құжаттаманы әзірлеу ғана талап етілетін жағдайларға, бұл талап қолданылмайды.