1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.
2. Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейiнгi тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) бұзушылықтар жойылғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі қызметті қайта бастағанға дейін қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған білім беру ұйымдары тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі білім беру ұйымдарын рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастайды.
2-2. 2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 13, 429-құжат; № 23, 927-құжат; 2001ж., № 13-14, 173-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 18, 111-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 71-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі.
№ 319-ІІІ ҚРЗ