2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
7. Отставкаға құқықты растауды және оны тоқтатуды Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия қарайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді)
35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2015.31.07. № 341-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Судья теріс себептер бойынша лауаымынан босатылған кезде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған қосымша міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджетке алынады.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Жоғары Сот Кеңесi
Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және оның жұмысын ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.
2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.
38-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
38-1-бап. Сот жюриi
1. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін Жоғары Сот Кеңесінің жанынан Сот жюриі құрылады.
Сот жюриі алты судьядан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар жұртшылық өкілдері және судьялардың қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің бір мүшесі де кіреді.
Судьялар Сот жюриінің құрамына осы Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал судьялардың қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің мүшесін және жұртшылық өкілдерін Жоғары Сот Кеңесі тағайындайды.
Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы ұсыным жасаған кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы.
Сот жюриінің төрағасын Сот жюриі құрамының өзі өз арасынан сайлайды.
2. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;
2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;
3) тексерулердің қорытындысы бойынша расталған, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында қамтылған мәліметтер мен фактілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың шешімдері.
3. Сот жюриінің қызметін қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.
4. Сот жюриiн қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ Сот жюриінің материалдарды, тәртiптiк iстердi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-2-бап өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
38-2-бап. Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясы
Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.
Жоғарғы Сот Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 38-3-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
38-3-бап. Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резерві
Аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы және сот алқаларының төрағалары лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия қалыптастырады.
Кадр резерві жөніндегі комиссияны қалыптастыру және кадр резервімен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі айқындайды.
2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI
39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Судья тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан осы Конституциялық заңның және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.
Судья тәртiптiк жауаптылыққа:
1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн;
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн тартылуы мүмкін.
3) 2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген, заңды өрескел бұзушылықтарға жол берiлмеген болса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.
Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi
1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;
5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.
2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.
41-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
42-бап. Тәртiптiк iсті қарау мерзiмдерi
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық анықталған күннен бастап - бір жылдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей басталуы мүмкін.
Судьяның тәртіптік теріс қылық анықталған күннен кейін дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақыты осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерге қосылмайды.
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықты бұзу фактісін анықтаған сот актісінің заңды күшіне енген күні судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Судья әдебі жөніндегі комиссияның судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісін анықтаған шешім шығарған күні судья әдебіне қайшы келетін тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал осындай теріс қылық жасалған күн немесе кезең оның жасалған күні болып есептеледі.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген, лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау фактісін анықтаған облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдер қабылдаған күні соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған күні немесе кезеңі осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Егер тәртіптік теріс қылық жасалған күн уақыт кезеңімен айқындалатын болса, осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдерді есептеу кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Тәртiптiк iс жүргізу қызметтік тексеру және судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, басталған күнінен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс.
43-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 44-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр. ред. қара)
44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) атқаратын лауазымына сай деп тану;
2) 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне алуға ұсыным жасау;
4) басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы;
5) кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;
6) 2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімі ұсынымдық сипатта болады.
2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыну енгізуі үшін негіз болып табылады.
Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті мерзімді бағалау нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесіне - судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы ұсыну, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыну енгізуі үшін негіз болып табылады.
3. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отставкаға құқықты растау туралы өтініш бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) отставкаға құқықты растау туралы;
2) отставкаға құқықты растаудан бас тарту туралы;
3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;
4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы.
4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзге шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
2019.21.02. № 226-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 44-1-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз)
44-1-бап. Сот жюриінің шешімдері
1. Сот жюриі тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жазаны қолдану туралы;
2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы.
2. Сот жюриінің шешімі Жоғары Сот Кеңесінің төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.
3. Сот жюриінің шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.
2021.20.12. № 82-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Жоғары Сот Кеңесінің сот төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы не Жоғары Сот Кеңесінің судьяға қандай да бір тәртіптік жаза қолданудың негізсіздігі туралы шешімі Сот жюриі шығарған шешімнің күшін жояды және тәртіптік іс қайта қарауға жіберіледі.
Сот жюриі шешімінің күші жойылған кезде Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриіне осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген өзге тәртіптік жазаны қолдануды не судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатуды ұсынуға құқылы.
45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьяның тәртібі мiнсiз болған және ол өз мiндеттерiн адал атқарған кезде, Сот жюриі тәртіптік жазаны ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.
46-бап. 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеу судьяның мәртебесi, оны тағайындау және сайлау тәртiбi, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функциялар ескеріле отырып, Конституцияның 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес айқындалады.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілі болған жағдайда оған төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу жүргізіледі.
48-бап. 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Көшкен кездегi өтемақы
Қызметi бойынша Қазақстанның бір өңірінен екінші өңіріне судья болып тағайындалған (сайланған) судьяларға, қайта тағайындалған (қайта сайланған) судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 51-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
51-бап. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Судья үнемі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жай оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендірілуі мүмкін.
3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.
2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген жағдайларда, судья лауазымынан босату кезінде оған өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй-жайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекешелендіру құқығы беріледі.
52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету
Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.
53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету
1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 245-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
54-бап. Судья мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы
1. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсіби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төленеді.
2. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
3. Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген жағдайда, оған:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;
2) II топтағы мүгедекке - он сегіз айлық лауазымдық айлықақы;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, жеңіл мертіккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Біржолғы өтемақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Егер судьяның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес жағдайларда мертіккені (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсіби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 55-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
Біржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді); 2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.04.12. № 437-V ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру кепiлдiктерінен айыру
Судьяның өкілеттіктері оның қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты Сот жюриінің шешімі негізінде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығы туралы шешім негізінде тоқтатылған кезде, ол:
1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдігінен;
2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.
4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 56-бап өзгертілді; 2010.29.12. № 370-IV ҚР Конституциялық Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56-бап. Соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсынуды Қазақстан Республикасының Президенті құратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2012.16.02. № 559-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 209-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін тиісті мемлекеттік орган және уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелері құрайды.
3. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережеде айқындалады.
4. Уәкілетті органның құрылымын және штат кестесін Жоғарғы Сот Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны лимитінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.
5. Уәкілетті орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайы мен олардың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Судья Жоғарғы Сот Төрағасының келісімімен сот төрелігін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге тікелей байланысты лауазымға (Сот төрелігі академиясындағы және уәкілетті органдағы) судья өкілеттіктерін тоқтата отырып, судья атағын және судьялар қоғамдастығына жататынын сақтай отырып, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен тағайындалуы мүмкін.