225) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері мен органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарын қарайды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
226) қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды, белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптыларды айдауылдаумен алып жүруді, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің атқарылуын ұйымдастырады;
227) жаппай тәртіпсіздіктердің, оның ішінде түзеу мекемелерінде жолын кесуде шаралар қабылдайды;
228) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етеді;
229) iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде режимдiк талаптардың сақталуын ұйымдастырады;
230) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстау жөніндегі қызметті ұйымдастырады (қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі);
231) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
232) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастырады;
233) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика жағдайын бақылайды;
234) ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталғандарды уақтылы орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуді ұйымдастырады;
235) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуді ұйымдастырады;
236) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;
237) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
238) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындайды;
239) сотталғандарға түзетушілік ықпал етуді, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып ұйымдастырады;
240) сотталғандардың еңбекпен айналысуын ұйымдастырады;
241) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етедi;
242) күдіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
243) сотталғандардың жалпы бiлiм алуын және оларды кәсiптік оқытуды ұйымдастырады;
244) қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды жүзеге асырады;
245) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындауды, сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекіту, оларды жұмысқа орналастыру және тұрмыстық жағдайын жасау бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
246) пробация қызметтерінің жұмысын үйлестіреді;
247) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
248) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
249) төтенше жағдай құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын жою, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, жанжал аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының қызметкерлерін тарту туралы шешімдерді орындайды;
250) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының кадрларын іріктеуді, бөлуді, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шарттық негіздерде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқытуды жүзеге асырады;
251) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылықтарының, құрылымдарының, әскери бөлімдерінің және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі медициналық қамтамасыз етуді және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
252) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге қатысады;
253) арнайы және әскери тасымалдауларды ұйымдастырады;
254) адамдардың шекаралық аймаққа кіруін, онда уақытша болуын, тұруын және жүріп-тұруын бақылауды дербес немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүзеге асырады;
255) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, шекаралық режим қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
256) Мемлекеттік шекараны бұзған адамдарды және өзге де құқық бұзушыларды іздестіруде, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың мән-жайларын анықтауда және тексеруде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жәрдем көрсетеді;
257) шекаралық кеңістіктегі құқық тәртібінің жай-күйі, тұрғылықты жерінен белгісіз мән-жайларда кетіп қалған адамдар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты құқыққа қарсы пиғылдары бар қылмыстық топтар мен адамдар туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етеді;
258) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, оның ішінде босқындардың жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе шекаралық кеңістікте орналасқан объектілерге баруын уақытша шектейді немесе тыйым салады;
259) ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсынуы бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзушыларды шекаралық іздестіру, шектес мемлекет азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруіне немесе жаппай өтуіне тойтарыс беру кезінде пана іздеген адамдар мен босқындардың шекаралық аймақта (белдеуде) орналасқан жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне немесе объектілерге баруын шектейді немесе тыйым салады;
260) шекаралық аймақта және шекаралық белдеуде қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді;
261) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының күштері мен құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;
262) дербес немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысады, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асырады;
263) азаматтық, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
264) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;
265) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
266) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартуды және қысқартуды не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
267) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруды ресімдеуді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруын қабылдауды және келісуді қамтамасыз етеді;
268) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды қамтамасыз етеді;
269) шығарып жіберу туралы сот актісі шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;
270) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;
271) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;
272) Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындау жөнінде шешім қабылдайды;
273) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеуді не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді;
274) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша, соның ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алуды, тіркеуді және тіркеуден шығаруды қамтамасыз етеді;
275) заңсыз көшіп келушілерді, пана iздеген адамдарды және босқындарды соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн орындау үшiн мәжбүрлеп шығарып жiберудi жүзеге асырады;
276) пана іздеген адамдар мен босқындарды Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қамтамасыз етеді;
277) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн жүргiзуді жүзеге асырады;
278) сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруды орталықтандырылған түрде жүзеге асырады әрi тiркеушi және басқа да мемлекеттiк органдар мен өзге де мемлекеттiк мекемелерге ақпарат бередi;
279) сәйкестендiру нөмiрi бар құжаттардың жасалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
280) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi бойынша өтініштер қабылдауды қамтамасыз етеді және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;
281) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеуді қамтамасыз етеді;
282) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын, одан айырылуын тiркеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындауын қамтамасыз етеді;
283) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) ресімдеуді қамтамасыз етеді;
284) сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
285) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;
286) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
287) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
287-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құрады;
287-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат береді;
287-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
287-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
287-5) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарайды;
287-6) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
287-7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастырады;
288) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мәртебесі, өкілеттіктері
16. Министрлікке басшылық етуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады.
17. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің өкілеттіктері:
1) ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдарының құрылымы мен штат санын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ішкі істер органдарының штат санының лимитін өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ комитеттер төрағаларының және Министрліктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
5) Министрліктің атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi құқықтық актілер, өз құзыреті шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi нормативтік құқықтық актілер шығарады;
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған полиция қызметкерлерінің қатарынан облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің бастығын лауазымға тағайындайды;
7) ішкі істер органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін тағайындайды, тәртіптік жазаға тартады және қызметтен босатады;
8) азаматтарды Министрліктің кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және полиция (әділет) полковнигiне дейiнгіні қоса алғанда, кезектi арнаулы атақтар, сондай-ақ Министрліктің әскери қызметшiлерiне полковникке дейiнгіні қоса алғанда, әскери атақтар бередi;
9) Қазақстан Республикасының Президентiне ішкі істер органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға жоғары әскери арнаулы атақтар беру туралы ұсынымдар енгiзедi;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді, әскери қызметшілерді және жұмыскерлерді тәртіптік жазаға тартады және оларға көтермелеу шараларын қолданады;
11) өз құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлiмшелерiн, Министрліктің ведомстволарын, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
12) мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарда Министрлік атынан өкілдік етеді;
13) ішкі істер органдарындағы лауазымдар номенклатурасын, лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын, конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, қызметке қабылдау кезінде конкурс пен тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін бекітеді;
14) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы бөлу шегiнде iшкi iстер органдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы немесе Министрліктің лауазымды адамы басқарады.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
22. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрлік өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
25. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Мемлекеттік кәсіпорындар
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Алатау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Акционерлік қоғамдар
1. «Қазақстан» санаторийi» акционерлiк қоғамы.
2. «Арман» санаторийi» акционерлiк қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
«Қазақстан Республикасы ішкi iстер органдарының медиа-орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің «Еңбек-Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
ҚР Үкіметінің 2022.11.07. № 471 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.17.11. № 914 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаментi.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының полиция департаментi.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаментi.
5-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жетісу облысының полиция департаментi.
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаментi.
7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
7-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысының полиция департаментi.
8. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының полиция департаментi.
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының полиция департаментi.
10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаментi.
10-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлытау облысының полиция департаментi.
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының полиция департаментi.
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаментi.
13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаментi.
14. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының полиция департаментi.
15. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментi.
16. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркiстан облысының полиция департаментi.
17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент қаласының полиция департаментi.
18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көлiктегi полиция департаментi.
19. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Алматы» ауданының полиция басқармасы.
20. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы.
21. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Есiл» ауданының полиция басқармасы.
22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментi «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасы.
23. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Көкшетау қаласының полиция басқармасы.
24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Степногорск қаласының полиция басқармасы.
25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Ақкөл ауданының полиция бөлiмi.
26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Аршалы ауданының полиция бөлiмi.
27. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Астрахан ауданының полиция бөлiмi.
28. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Атбасар ауданының полиция бөлiмi.
29. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Бұланды ауданының полиция бөлiмi.
30. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментi Егiндiкөл ауданының полиция бөлiмi.