«Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 617 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамының»Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы еншілес кәсіпорнының акциялары пакетінің 100%-ын республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-97-жолмен толықтырылсын:
«21-97 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 239-2-жолмен толықтырылсын:
«239-2 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ»;
3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында:
жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:
«15-1 «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |