Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 және 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 316 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1486 Қаулысы
(2015.17.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсаттар берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне шартқа сәйкес 60 күнтізбелік күннен астам мерзімге іссапарға жіберілген.
2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган растаған тізім бойынша шетелдік қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне іссапарға жіберуге Қазақстан Республикасының осы заңды тұлғасының, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қазақстандық персоналы Қазақстан Республикасынан тыс жердегі заңды тұлғаға кәсіптік даярлау, қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру мақсатында іссапарға жіберілген жағдайда жол беріледі.
Қазақстандық персоналды іссапарға жіберу мерзімі жиынтығында шетелдік қызметкерлер іссапарға жіберілген мерзімнен кем болмауға тиіс. Қазақстандық азаматтар мен шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберу мерзімі уәкілетті орган тізімді растаған күннен басталады.
Іссапарға жіберілетін шетелдік қызметкерлердің тізіміне төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нотариалды расталған көшірмесі, іссапарға жіберілетін қазақстандық азаматтардың тізімі, өткен күнтізбелік жылда іссапарға жіберу шарттарының орындалғаны туралы ақпарат (бар болса) қоса беріледі.
Тізімді растау:
іссапарға жіберілгендердің тізімі тиісінше ресімделмеген;
өткен күнтізбелік жылда қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша іссапарға жіберудің шарттары орындалмаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.
Әрбір қызметкерді іссапарға жіберудің жиынтық мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша таратып бөлінген санаттар бөлісінде шетелдік жұмыс күшін тартуға белгіленген квотаның саны туралы ақпарат, оны бөлген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орталық атқарушы органның ресми сайтына орналастырылады.»;
12-тармақта:
«Ішкі еңбек рыногында іздестіру» деген сөздерден кейін «рұқсатты ұзартқан кезде, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «және «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар үшін технологиялық жабдықтарды іске қосу, реттеу және монтаждау жөніндегі жұмыстарды орындайтын мердігерлердің шетелдік персоналын» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақта:
2) тармақшада:
төртінші абзацтағы «және одан да көп» деген сөздер «- 10 жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«10 жылдан артық - 30 балл»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде орталық атқарушы орган жыл сайын белгілейтін тізімге сәйкес ішкі еңбек рыногында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне енетін мамандық (кәсіп) - 25 балл;»;
16-тармақтағы «35», «55», «55» деген сандар тиісінше «40», «40», «45» деген сандармен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Уәкілетті орган рұқсаттарды беру кезінде жұмыс берушімен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша оған 6-қосымшаға сәйкес мынадай ерекше шарттарды орындауды:
1) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды;
2) өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие, уәкілетті органдармен келісілген мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды;
3) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыруды;
4) шетелдік жұмыс күшін тиісті біліктілігі бар қазақстандық кадрлармен алмастыруды;
5) қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруды жүктейді.
Ерекше шарттарды жүктеу тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санатына қарай жүзеге асырылады.
Мыналарға:
шетелдік қызметкерді 1-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 2), 5) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі;
шетелдік қызметкерді 2-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 1, 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі;
шетелдік қызметкерді 3-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі жүктеледі;
шетелдік қызметкерді 4-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - ерекше шарттар жүктелмейді.
Осы Ереженің 20-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізілген болуы тиіс.
Осы тармақтың шарттары шетелдік жұмыс күшін:
жарғылық қорындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ті құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары;
акцияларының кемінде 50 %-і мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.»;
24-тармақтағы «және оны ұзарту» деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақта:
екінші абацта:
«он» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жұмыс берушіге рұқсат береді.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Уәкілетті орган рұқсат беру (мерзімін ұзарту) туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының аумақтық органдарына тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні мен берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, біліктілігінің (кәсібінің, лауазымының) атауын көрсете отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер береді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады. Бұл ретте жұмыс беруші рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде 120 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге іссапарға жібере алады.»;
33-тармақ алынып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Рұқсат берілген адам жұмыс орнына келмеген және (немесе) рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бірінші, екінші немесе үшінші санаттар бойынша тартылған шетелдік қызметкерлермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс беруші осы лауазым (кәсіп) үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде басқа шетелдік қызметкерді бастапқы берілген рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Ережеде белгіленген тәртіппен тартуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға бара алады. Бүл ретте осы Ереженің 8, 9-қосымшалардың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Шетелдік қызметкермен еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде және (немесе) рұқсат берілген адам жұмыс орнына келмеген жағдайда, жұмыс беруші шетелдік қызметкер туралы мәліметтерді: тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, азаматтығын, рұқсаттың нөмірі мен берілген күнін, еңбек шарты бұзылған жағдайда - бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсете отырып, уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган жұмыс берушінің хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарын рұқсат берілген адамның жұмыс орнына келмегені немесе шетелдік қызметкермен еңбек шартының бұзылғаны туралы хабардар етеді.»;
35-тармақтың 1) тармақшасындағы «ресімделмеген (ұсынылмаған)» деген сөздер «ұсынылмаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Рұқсаттың мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады.
Бірінші және екінші санаттар үшін рұқсат мерзімін ұзарту екі реттен артық жүзеге асырылмайды. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсаттың мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды.
Рұқсат мерзімін ұзарту немесе бұған дейін рұқсат берілген, ол бойынша ерекше шарттың орындалу мерзімі басталмаған лауазымға (кәсіпке) жаңа рұқсат алу жұмыс берушіге қосымша ерекше шарттар жүктелмей жүргізіледі. Қалған жағдайларда ерекше шарттарды жүктеу осы Ереженің 20-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініш берген, сондай-ақ «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушы Қазақстанның бұрынғы азаматтарына бірінші, екінші немесе үшінші санат бойынша берілген рұқсаттардың мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының азаматтығын алу сәтіне дейінгі қалған мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте жұмыс берушіге ерекше шарттар жүктелмейді.»;
39-тармақтағы «жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды» деген сөздер «жұмыс берушіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
40-тармақта:
«толық және» деген сөздер «толық берілмеген және (немесе);» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
41-тармақта «рұқсаттың қолданылу мерзімі» деген сөздер «ұсынудың белгіленген мерзімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Рұқсатты осы Ереженің 46-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негіздеме бойынша қайтарып алған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жұмыс берушіні тиісті негіздемені көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.»;
46-тармақтың 3) тармақшасындағы «жүргізеді.» деген сөз алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүргізеді.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Жұмыс беруші рұқсатты қайтарып алу туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті органның шешіміне сәйкес оның қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсатты уәкілетті органға тапсырады.»;
Ереженің 5-қосымшасының 3) тармақшасындағы «еңбек рыногында нақты мамандыққа (кәсіпке) сұраныстың болуы (болмауы)» деген сөздер «ішкі еңбек рыногында анағұрлым сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне енген мамандық (кәсіп)» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ереженің 6-қосымшасында кестенің 3-бағанының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға тиісті қазақстандық азаматтардың саны. Жергілікті кадрлармен алмастырылуға тиісті шетелдік жұмыс күшінің саны. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру немесе алмастыру жүзеге асырылатын мамандықтардың, біліктіліктердің (кәсіптердің, лауазымдардың) атаулары. Қазақстандық азаматтар үшін құрылған жаңа жұмыс орындарының саны.»;
Ереженің 8-қосымшасында:
1) тармақшада:
«(кәсіпке)» деген сөз алынып тасталсын;
«кемінде бір ай» деген сөздер «күнтізбелік он бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша «жұмыс берушінің» деген сөздің алдынан «ішкі еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;»;
6) тармақша «немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар» деген сөздермен толықтырылсын;
Ереженің 9-қосымшасында:
1) тармақшада:
«лауазымға (кәсіпке)» деген сөздер «кәсіпке» деген сөзбен ауыстырылсын;
«бір ай» деген сөздер «күнтізбелік он бес күн» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшада мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ішкі еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушінің қазақстандық азаматтарды бос орынға алудан бас тарту негіздемесі;»;
5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (кәсібінің) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
«6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар:
білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылса, көшірмелері);
қызметкер бұрын жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растамамен коса, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар;»;
2) ҚР Үкіметінің 2015.17.07. № 548 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |